|
|
|
Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жіктеу ережесін және тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысы (ҚР Үкіметінің 27.12.02 ж. N 1389 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 22.08.03 ж. N 849 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Жол саласының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жiктеу ережесi; 2) Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде мемлекеттiк меншiктегі және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне кiрмеген, соның iшiнде қалаларға кiреберiс жолдарды және қалалардың шекараларынан өтетiн жолдарды, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк болып табылатын олардағы құрылыстарды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi: 1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi коммуналдық меншiкке қабылдауды және олардың пайдаланылып ұсталуын қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi қабылдауды аяқтағаннан кейiн бiр ай мерзiмде жергiлiктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбелерiн бекiтудi және олардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсiн. 4. "Жол саласының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсiн: 4-тармақтың төртінші абзацындағы "және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесін" деген сөздер алынып тасталсын. 5. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жол қоры туралы" заң күші бар Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 21 ақпандағы N 221 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 9, 63-құжат) күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жiктеу ЕРЕЖЕСI 1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан автомобиль жолдары жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары және қалалар мен өзге де елдi мекендердiң көшелерi болып бөлiнедi. 2. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары өздерінің әкiмшiлiк маңызы бойынша: республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары; жергiлiктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары болып бөлiнедi. 3. Шаруашылық автомобиль жолдарына мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың теңгерiмiндегi автомобиль жолдары жатады. 4. Қалалар мен өзге де елдi мекендердiң көшелерi жергiлiктi атқарушы органдардың теңгерiмiнде болады. 5. Республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына: Қазақстан Республикасының бас қаласын облыс орталықтарымен қосатын автомобиль жолдары; облыс орталықтарын өзара қосатын автомобиль жолдары; аса маңызды мемлекетаралық көлiк байланыстарын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары; мемлекеттік маңыздағы аса маңызды орталықтарға (iрi өнеркәсiп, сауықтыру, мәдениет орталықтары және т.с.с.) кіреберіс болып табылатын автомобиль жолдары; арнайы автомобиль жолдары жатады. 6. Жергiліктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына: облыс орталықтарын аудан орталықтарымен, аудан орталықтарын өзара және кемiнде 100 адам тұрғыны бар елдi мекендермен қосатын автомобиль жолдары; облыстық көлiк байланыстарын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары (темiржол станцияларына, әуежайларға, өзен порттарына, мәдениет және өнеркәсіп объектілеріне кіреберістер); республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына жатпайтын, жеке меншік және (немесе) шаруашылық автомобиль жолдары болып табылмайтын өзге де автомобиль жолдары жатады. 7. Республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 8. Жергiлiктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбелерiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi бекiтедi. 9. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атауына, әдетте, бастапқы және түпкi елдi мекендердiң атаулары, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердiң атаулары кiруi тиiс. 10. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының километрлерiн есептеу: Қазақстан Республикасының бас қаласынан шығатын автомобиль жолдары үшiн - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ғимаратынан бастап; басқа елдi мекендерден шығатын автомобиль жолдары үшiн - жергiлiктi атқарушы органдардың ғимараттарынан бастап жүргiзiледi. 11. Жалпы техникалық жай-күйiн бақылауды автожол саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асыратын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзақтығы мағынасында: елдi мекендердi өзара қосатын жолдар үшiн - тиiстi елдi мекендердiң шекаралары арасындағы қашықтық; басқа жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын өзара қосатын және оларға жанасатын жолдар үшiн - түйiсетiн жолдардың білiктерiнiң қиылыстары алынады. 12. Қалалар мен өзге де елдi мекендердің көшелерiнiң ұзақтығы мағынасында тиiстi қалалар мен өзге де елдi мекендердiң шекаралары шегiндегi қашықтық алынады. Автомобиль жолдары туралы ҚР 17.07.01 ж. N 245-II Заңы қараңыз Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі ҚР Үкіметінің 27.12.02 ж. N 1389 қаулысымен тізбе өзгертілді
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |