|
|
|
Нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған жағдайда бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің әрекеттері туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директораты 2000 жылғы 16 қазандағы N 690 Осы редакция ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 380 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрған немесе осындай лицензиясы қайтарып алынған ұйымдар клиенттерiнiң құқықтарын және заңмен не шартпен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңының 10 және 11 баптарымен берiлген өкiлеттiктердiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты: ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған жағдайда Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң әрекеттерi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн (қоса берiлдi). 2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiнен енгiзiлетiндiгі белгiленсiн. 3. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар осы Қаулының көшiрмесiн алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде: 1) жоғарыда аталған Нұсқаулықтың көшiрмесiн олардың клиенттерi үшiн қолайлы жерлерге орналастыруға (осындай ұйымдардың бас офистерiнде және филиалдарында); 2) жоғарыда аталған Нұсқаулықты акциялар ұстаушылардың тiзiлiмiн дербес жүргiзудi жүзеге асыратын және оларда осы ұйымдардың шоттары ашылған эмитенттердiң назарына жеткiзуге мiндеттелсiн. 4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы: 1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi немесе бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн дербес жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының мүшелерi болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткiзсiн; 2) осы Қаулыны нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті немесе бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін дербес жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін; 3) осы Қаулының және жоғарыда аталған Нұсқаулықтың орындалысына бақылау жасасын. Ұлттық комиссияның Төрағасы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директоратының 2000 жылғы 16 қазандағы N 690 қаулысымен бекітілді Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған жағдайда бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң әрекеттерi туралы НҰСҚАУЛЫҚ Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес әзiрлендi және нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясын (бұдан әрi "Лицензия" деп аталады) қолдану тоқтатыла тұрған не осындай лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда қағаздар рыногы субъектiлерi әрекеттерiнiң тiзбесiн және орындау тәртiбiн белгiлейдi. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. Осы Нұсқаулықта қолданылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi: 1) "Брокер-дилер" - Лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрған немесе Лицензиясы қайтарылып алынған ұйым; 2) "тiзiлiм ұстаушы" - шоттарында Брокер-дилерге тиесiлi және/немесе оған клиенттердiң нақтылы ұстауға берген бағалы қағаздар есепке алынатын тiркеушi немесе эмитент (бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмiн өзi дербес жүргiзген жағдайда); 3) "Ұлттық комиссия" - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы; 4) "нақтылы ұстаушы" - қолданылып жүрген Лицензияны, бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға лицензияны не бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензияны иеленген ұйым. 2-тарау. БРОКЕР-ДИЛЕРДІҢ МIНДЕТТЕРI 2. Брокер-дилерге бұрын берiлген Лицензия тоқтатыла тұрған немесе қайтарылып алынған жағдайда, ол Ұлттық комиссияның Лицензияны тоқтата тұру немесе қайтарып алу туралы жазбаша ескертпесiн алған күннен бастап екi жұмыс күнi (алған күндi қоса отырып) iшiнде: 1) бұл туралы өзiнiң барлық клиенттерiне олардың әрқайсына жеке хабар жiберу және клиенттер үшiн қолайлы орындарда (осы Брокер-дилердiң бас офисiнiң және филиалдарының үйлерiнде) тиiстi хабарландыру орналастыру арқылы хабарлауға; 2) бұл туралы осы Брокер-дилердiң нақтылы ұстау шоттары ашылған барлық тiзiлiм ұстаушыларға және нақтылы ұстаушыларға хабарлауға; 3) оған нақтылы ұстауға бағалы қағаздарын берген өзiнiң клиенттерi (шоттар ашу және жүргiзу үшiн клиенттер берген мәлiметтерге сәйкес) және мәлiметтердi қалыптастыру күнiнiң басталу жағдайы бойынша оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ клиенттердiң (клиенттердiң уәкiлеттi өкiлдерiнiң) қол қою және заңды тұлғалар - клиенттердiң мөрлерiнiң таңбалары үлгілерiнiң көшiрмелерiн қалыптастыруға және Ұлттық комиссияға беруге мiндеттi. 3. Осы Нұсқаулықтың 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес клиенттерге жiберiлген хабарда (осы Нұсқаулықтың 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес орналастырылған хабарландыруда): 1) Брокер-дилердiң клиенттерге тиесiлi және олар нақтылы ұстауға алған бағалы қағаздармен жасалатын кез келген операцияларды, осындай бағалы қағаздарды клиенттердiң осы бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргiзетiн тiзiлiм ұстаушылардағы және қолданылып жүрген Лицензияларды иеленген ұйымдардағы шоттарына аудару жөнiндегi операцияларды қоспағанда, жүзеге асыруға мүмкiндiгі жоқ екендiгi туралы көрсетiлу; 2) клиенттердiң бастамасы бойынша нақтылы ұстау жөнiндегi шартты бұзу мүмкiндiгi туралы (Лицензия қайтарылып алынған кезде - нақтылы ұстау жөнiндегі шартты бұзу туралы) көрсетiлу; 3) нақтылы ұстау жөнiндегi шарт бұзылған кезде клиенттердiң оларға тиесiлi бағалы қағаздарды тiкелей осы бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргізетiн тiзiлiм ұстаушылардағы шоттарға немесе қолданылып жүрген Лицензияларды иеленген ұйымдардағы шоттарға аударуға, осындай аударымдарды орындау үшiн қажеттi рәсiмдердi қысқаша көрсете отырып, құқылы (Лицензия қайтарылып алынған кезде - мiндеттi) екендiктерi көрсетiлу; 4) клиентке тиесiлi бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзетiн тiзiлiм ұстаушылардың және қолданылып жүрген Лицензияларды иеленген ұйымдардың атаулары, орналасқан жерi және телекоммуникациялық реквизиттерi туралы мәлiметтер болу керек. 4. Ұлттық комиссияның осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген мәлiметтердi қабылдауға уәкiлетi қызметкерлерi Брокер-дилердiң клиенттерiне тиесiлі бағалы қағаздардың саны туралы мәлiметтердi оған нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздардың жалпы санымен салыстырып тексеруге және айырмашылықтар анықталған кезде осы Брокер-дилерден жетiспейтiн мәлiметтердi талап ету арқылы оларды жедел жоюға мiндеттi. 5. Брокер-дилердiң клиенттерi және оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы Брокер-дилердiң осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес Ұлттық комиссияға берген мәлiметтер коммерциялық құпия мән-мағынасы болып табылады және Ұлттық комиссия оларды осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көзделген жағдайларда ғана пайдалынады. Ұлттық комиссияның аталған мәлiметтердi қабылдауға, сақтауға және пайдалануға уәкiлеттi қызметкерлерiнiң тiзбесi Ұлттық комиссия Төрағасының бұйрығымен белгiленедi. Брокер-дилердiң клиенттерi және оларға тиесiлі бағалы қағаздар туралы осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес алынған мәлiметтердi жария еткендерi үшiн Ұлттық комиссия және оның қызметкерлерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгіленген жауапкершілікте болады (осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда). 3-тарау. ТIЗIЛIМ ҰСТАУШЫНЫҢ МIНДЕТТЕРI 6. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе қайтарып алу туралы Ұлттық комиссияның жазбаша ескертпесiн немесе Брокер-дилердiң хабарын (қайсының бұрын алынғандығына байланысты) алған күн iшiнде тiзiлiм ұстаушы немесе нақтылы ұстаушы осы Брокер-дилер үшiн ашылған нақтылы ұстау шоты бойынша операцияларды, бағалы қағаздарды клиенттердiң тiкелей бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзетiн тiзiлiм ұстаушылардағы немесе нақтылы ұстаушылардағы шоттарына аудару жөнiндегi операцияларды қоспағанда, тоқтата тұруға мiндеттi. 4-тарау. БРОКЕР-ДИЛЕРДIҢ КЛИЕНТТЕРIНЕ ТИЕСIЛI БАҒАЛЫ КАҒАЗДАРДЫ АУДАРУ 7. Брокер-дилердiң клиенттерiне тиесiлі бағалы қағаздарды тiкелей осы бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмдерiн жүргiзетiн тiзiлiм ұстаушылардағы шоттарға аударуды Брокер-дилердiң бағалы қағаздарды нақтылы ұстау шотынан есептен шығарып тастауға шығарылған бұйрығының және Брокер-дилердiң бағалы қағаздарды нақтылы ұстау шотына салуға шығарылған бұйрығының негiзiнде тiзiлiм ұстаушы жүзеге асырады. 8. Брокер-дилердiң клиенттерiне тиесiлі бағалы қағаздарды қолданылып жүрген нақтылы ұстаушылардағы шоттарға аударуды Брокер-дилердiң бағалы қағаздарды нақтылы ұстау шотынан шығарып тастауға шығарылған бұйрығының және нақтылы ұстаушының бағалы қағаздарды нақтылы ұстау шотына салуға шығарылған бұйрығының негiзiнде тiзiлiм ұстаушы немесе нақтылы ұстаушы жүзеге асырады. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда тiзiлiм ұстаушы немесе нақтылы ұстаушы осы Нұсқаулықтың 6-тармағының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде Брокер-дилердiң клиентiнiң оған тиесiлi бағалы қағаздарға қатысты қандай да болмасын өкiмiн (клиенттiң өзiнiң бұйрығын немесе клиент таңдаған нақтылы ұстаушының бұйрығын) алмаған кезде, тiзiлiм ұстаушы немесе нақтылы ұстаушы бұл жайында Ұлттық комиссияны жазбаша ескертуге мiндеттi, Ұлттық комиссия осындай жазбаша ескертпенi алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тiзiлiм ұстаушыға осы клиент туралы және Брокер-дилердiң осы клиентi туралы осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес берiлген мәлiметтер көлемiндегi оған тиесiлі бағалы қағаздар туралы ақпарат, сондай-ақ клиент қолы (клиенттiң уәкiлеттi өкілдерi қолдарының) үлгiсiнiң және клиент мөрiнiң (егер ол заңды тұлға болса) таңбасының көшiрмесiн бередi (тiркеушiнiң уәкiлеттi өкiлiне қол қойғыза отырып). Аталған ақпаратты алысымен тiзiлiм ұстаушы немесе нақтылы ұстаушы үш жұмыс күнi iшiнде (алған күндi қоса отырып) осы клиентке уақытша шот ашуға, оған осы клиентке тиесiлi бағалы қағаздарды аударуға, оған тиiстi жазбаша ескертпе (алынған ақпараттағы коммуникациялық реквизиттер бойынша) жiберуге және Ұлттық комиссияға орындалған әрекеттер туралы есеп беруге мiндеттi. Уақытша шот әдеттегi шот режимiне клиент Қазақстан Республикасының заңдарымен және тiзiлiм ұстаушыда шот ашуға арналған, тiзiлiм ұстаушының немесе нақтылы ұстаушының iшкi ережелерiмен белгiленген құжаттарды ұсынғаннан кейiн ауыстырылады. Ұлттық комиссияның Төрағасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |