|
|
|
Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 132 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңының 58-бабының екiншi азатжолын орындау үшiн, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңы 10-бабының, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi заңы 15-бабының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 3) және 12) тармақшаларының негiзiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді: 1. Осы Қаулыда қолданылған ұғымдардың мыналарды бiлдiретiндiктерi белгiленсiн: 1) "Компания" - зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания; 2) "Лицензия" - бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия; 3) "бiрiншi басшы" - Компанияның алқалы атқарушы органының басшысы немесе Компанияның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға. 2. Ұлттық комиссияның Компанияларға тек қана клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу құқығынсыз) екiншi санатты Лицензия беретiндiгi белгiленсiн. Бұл ретте Компанияға берiлген Лицензияның күшi ол бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асырғанда тек мыналарға ғана қатысты қолданылады: 1) Компанияның өз активтерiне; 2) Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiне; 3) Компания қызмет көрсететiн жинақтаушы зейнетақы қорларының өз активтерiне (Компанияда бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензия бар болған және ол өзi қызмет көрсететiн жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың өз активтерiн инвестициялық басқаруға шарттар жасасқан кезде). 3. Компанияға Лицензия тек оның штатында Ұлттық комиссия берген және қолданылу мерзiмi кемiнде Лицензия алуға арналған құжаттарды Ұлттық комиссия қабылдаған күннен бастап үш айдан кейiн аяқталатын қолданылып жүрген бiрiншi санатты бiлiктiлiк куәлiктерiн (бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) иеленген кемiнде үш қызметкердiң болу шартымен ғана берiлетiндiгі белгіленсiн. Бұл ретте: 1) Компанияның бiрiншi басшысы не оның Компанияның бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметiне жетекшiлiк жасайтын орынбасары; 2) Компанияның бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметiн жүзеге асыруына байланысты функцияларын орындау жүктелетiн құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы; 3) Компанияның жоғарыда аталған құрылымдық бөлiмшесiнiң тiкелей бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөнiндегi жұмыстарды орындайтын қызметкерi аталған бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленулерi керек. 4. Лицензия алу үшiн Компания Ұлттық комиссияға: 1) бiрыңғай өтiнiш; 2) Компанияның лицензиялық алымды төлегендiгi туралы, оның түскендiгі жөнiнде салық органының белгiсi қойылған төлем құжатының көшiрмесiн; 3) лауазымдардың атауларын және оларды атқарып отырған тұлғалардың аты-жөндерiн, сондай-ақ осы тұлғаларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың күндерi мен нөмiрлерiн көрсетумен Компанияның штаттық кестесiн; 4) осы Қаулының 3-тармағының шарттарына сәйкес талап етiлетiн бiлiктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерiн; 5) осы Қаулының 3-тармағының шарттарына сәйкес талап етiлетiн бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленген тұлғалардың еңбек кiтапшаларының (олар бар болған кезде) көшiрмелерiн немесе оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзiндi-көшiрмелерiн не осындай тұлғалармен жасасқан жеке еңбек шарттарының көшiрмелерiн; 6) тiгілген, нөмiрленген және Компанияның бiрiншi басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның қолымен және Компания мөрiнiң таңбасымен куәландырылған: өзге де ықтимал нормалардан басқа Компанияның бағалы қағаздармен жасалған және орындалған мәмiлелерге есеп жүргiзу тәртiбiн ашатын Компанияның бағалы қағаздармен жасаған мәмiлелердiң орындалысына бақылау жасау қағидаларын; Компанияның қызметкерлерiне оның бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау кезiнде пайдаланатын бағдарламалық - техникалық құралдарға рұқсат ету қағидаларын; Компанияның бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға қатысатын қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын ұсыну керек. 5. Компания бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде оған қойылатын мынадай талаптар белгiленсiн: 1) Компанияның ұйымдық құрылымында Компанияның бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметiн жүзеге асыруына байланысты функцияларды орындау жүктелетiн жеке құрылымдық бөлiмшесiнiң бар болуы; 2) жоғарыда аталған бөлiмшенiң қызметкерлерiне Компанияның басқа құрылымдық бөлiмшелерiндегi лауазымдарды қоса атқаруға тыйым салу; 3) жоғарыда аталған бөлiмшенiң қызметкерлерiне Компанияның басқа құрылымдық бөлiмшелерiндегі қызметкерлердiң функцияларын және мiндеттерiн жүктеуге тыйым салу; 4) жоғарыда аталған бөлiмшенiң қызметкерлерiнiң құқықтарын және өкiлеттiктерiн Компанияның басқа құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне өткiзiп беруге (табыстауға) тыйым салу. 6. Компанияға зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға бұрын берген лицензияны қолдануды тоқтата тұру, жаңарту, тоқтату не осындай лицензияны қайтарып алу тиiсiнше осы Компанияға берiлген Лицензияны қолдануды тоқтата тұру, жаңарту, тоқтату үшiн не оны қайтарып алу үшiн негіз болып табылатындығы белгiленсiн. 7. Реттелу тәртiбi осы Қаулыда айқындалмаған мәселелердiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 04 наурыздағы N 293 қаулысымен бекiтiлген Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi лицензиялау туралы ережеге сәйкес шешiлуге жататындығы белгiленсiн. 8. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн. 9. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруды бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметпен қоса атқаратын Компаниялар өз қызметiн (осы Компаниялардың аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн нормативтiк кесiмдердi қоса) осы Қаулыға ол күшiне енгiзiлген күнiнен бастап алпыс күн iшiнде сәйкес келтiруге мiндеттелсiн. 10. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау басқармасы: 1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің назарына жеткізсін; 2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын. Ұлттық комиссиясының Төрағасы Комиссияның мүшелері
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |