|
|
|
Жер туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 24 қаңтардағы N 152-II Заңы Осы редакция ҚР 2003 ж. 8 қаңтардағы N 375-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 1-бөлім. Негізгі ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры 1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер; 2) елдi мекендердiң (қалалардың, поселкелер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; 3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жерi; 6) су қорының жерi; 7) босалқы жер. 2. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленедi: 1) орманды дала; 2) дала; 3) қуаң дала; 4) шөлейттi; 5) шөлдi; 6) тау етегi-шөлдi-дала; 7) субтропикалық шөлдi; 8) субтропикалық-тау етегi-шөлдi; 9) орта азиялық таулы; 10) оңтүстiк-сiбiрлiк таулы. 2-бап. Жерге меншiк Қазақстан Республикасында жер мемлекеттiк меншiкте болады. Осы Заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерi жеке меншiкте де болуы мүмкiн. 3-бап. Жер заңдарының принциптерi Қазақстан Республикасының жер заңдары: 1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi; 2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау; 3) жердi ұтымды пайдалану; 4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 5) жердi нысаналы пайдалану; 6) ауыл шаруашылығына арналған жердiң басымдығы; 7) жердiң жай-күйi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және оның қолжетiмдiлiгi; 8) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау; 9) жерге келтiрiлетiн залалды болғызбау немесе оның зардаптарын жою; 10) жердi ақы төлеп пайдалану принциптерiне негiзделедi. 4-бап. Жер заңдарының мiндеттерi Қазақстан Республикасы жер заңдарының мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы пайда болуының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгілеу, жердi ұтымды пайдалану мен қорғау, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыру, табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау, жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау, жылжымайтын мүлiк нарығын жасау мен дамыту, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады. 5-бап. Жер заңдары 1. Қазақстан Республикасындағы жер заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және басқа да өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөнiндегi қатынастар арнаулы заңдармен реттеледi. 3. Жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи ресурс ретiндегi жерге және қоршаған ортаның өзге де объектiлерiне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрмеуге тиiс. 4. Жер учаскелерiне меншiк құқығымен және жер пайдалану құқығымен байланысты азаматтық-құқықтық қатынастар азаматтық заңдардың нормаларымен реттеледi. 5. Жеке және заңды тұлғалардың заң актілерiнде белгiленген құқықтарын мемлекеттiк басқару органдары мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың актiлерiмен шектеуге болмайды. Мұндай актiлердiң заңдық күшi жоқ және олар орындалмауға тиiс. 6. Егер осы Заңда немесе басқа да заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар жер қатынастары жөнiнен Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады. 7. Басқа мемлекеттердiң Қазақстан Республикасы аумағында жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес пайда болады. 6-бап. Халықаралық шарттар Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң актiсiн шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар жер қатынастарына тiкелей қолданылады. 7-бап. Жердi аймақтарға бөлу 1. Аймақтарға бөлу - жер аумағын оның нысаналы мақсатын және пайдаланылу режимiн белгiлей отырып анықтау. 2. Жердi осы Заңның 1-бабында аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жердi оның нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты бiр санаттан екiншiсiне көшiрудi өздерiнiң осы заңда және өзге де заң актiлерiнде белгiленген жер учаскелерiн алып қою және беру жөнiндегi құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар жүргізеді. 3. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық атқарушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп, республикалық деңгейде жердi аймақтарға бөлудi ұйымдастырады және аумақтарды аймақтарға бөлудiң республикалық схемаларын әзiрлеу мен бекiтудi қамтамасыз етедi. Облыстық (Астана және Алматы қалалық) уәкiлеттi органдар облыстық (Астана және Алматы қалалық) атқарушы органдарының тапсыруы бойынша қоршаған ортаны қорғау, сәулет және қала құрылысы жөнiндегi жергiлiктi органдармен және басқа да мүдделi органдармен бiрлесе отырып, облыстық (қалалық) деңгейде жердi аймақтарға бөлудiң жобаларын (схемаларын) әзiрлеудi ұйымдастырып, қамтамасыз етедi және оларды облыстық (Астана және Алматы қалалық) өкiлдi органдардың бекiтуiне енгiзедi. 4. Аумақты пайдаланудың жерлердi аймақтарға бөлу кезiнде белгiленген нысаналы режимi осы баптың 3-тармағында көзделген тәртiппен бекiтiледi және жер құқығы қатынастарының субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады. 5. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүргiзiлетiн жердi аймақтарға бөлу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 6. Жердi аймақтарға бөлудiң ережелерi мен принциптерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 8-бап. Жер үшiн төленетiн төлемдер 1. Меншiктегi, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелерiне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады. Мемлекет уақытша өтемдi пайдалануға (жалға) берген жер үшiн жалдау ақысы алынып, ол жергiлiктi бюджетке аударылады. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi бюджетке есептеу мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi. 2. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттерге жер учаскесi берiлген жағдайда жалдау ақысының мөлшерi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленедi. 3. Жер учаскелерiн мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке беру жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша ақысы бiрден не мерзiмін ұзарту арқылы төленiп жүргiзiледi, бұған: 1) Қазақстан Республикасының азаматтарына - кондоминиум объектiлерiндегi тұрғын үй-жайлардың меншiк иелерiне мiнсiз үлес ретiнде; 2) Қазақстан Республикасының азаматтарына белгiленген нормалар шегiнде өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшiн; 3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде берiлетiн реттер қосылмайды. 4. Өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн тегiн берiлген жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты толық өзгертілген жағдайда жер үшін нысаналы мақсатының өзгеруiне арналған Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ақы алынады. 5. Жер учаскелерi және мемлекеттiк заттай гранттар түрiнде жер пайдалану құқығы инвесторға осы Заңға және тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы заңдарға сәйкес берiледi. 6. Жер учаскелерi жеке меншiкке өтемдi негiзде берiлген кезде, сондай-ақ мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төленетiн ақының базалық ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. Бұл ретте жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердiң ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерiнен төмен емес болып белгiленедi. Нақты жер учаскесiнiң бағалау құнын мемлекет жеке меншiкке беретiн жер үшiн төленетiн ақының базалық ставкаларына сәйкес уәкiлеттi орган анықтайды. Елдi мекендердегi жеке меншiкке берiлетiн жер учаскелерiнiң бағалау құны базалық ставкаларға түзету (көтеретiн немесе төмендететiн) коэффициенттерi қолданыла отырып анықталады. Аудандық маңызы бар қалаларда, поселкелер мен селолық елдi мекендерде түзету коэффициенттерi мен аймақтардың шекаралары аудандық атқарушы органның ұсынысы бойынша аудандық өкiлдi органның, ал облыстық маңызы бар қалаларда (Астана және Алматы қалаларында) облыстық (Астана және Алматы қалалық) атқарушы органның ұсынысы бойынша облыстық (Астана және Алматы қалалық) өкiлдi органның шешiмiмен бекiтiледi. Қазақстан Республикасының азаматтарына өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн тегiн берудiң белгiленген нормасынан тыс жеке меншiкке берiлетiн қосымша жер учаскелерiнiң бағалау құны бағаланатын учаскелерге неғұрлым жақын орналасқан селолық елдi мекендер жерi үшiн төленетiн базалық ақы ставкалары негiзге алына отырып анықталады. Елдi мекендер шегiнен тыс орналасқан, азаматтарға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға құрылыс жүргiзу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе үйлерге (құрылыстар мен ғимараттарға) өздерiнiң мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерi салынған жер учаскелерi бойынша бағалау құны облыстық маңызы бар қалаларда аталған мақсаттар үшiн берiлген (берiлетiн) жер үшiн төленетiн базалық ақы ставкасының он процентi мөлшерi негiзге алына отырып анықталады. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге арналған жер пайдалану құқығында берiлетiн (берілген) жер учаскелерiн бағалау құны, сондай-ақ осындай жер учаскелерiн жалға бергенi үшiн төлем мөлшерi базалық ставкаларға Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн түзету коэффициенттерi қолданыла отырып айқындалады. 7. Меншiк иесi жер учаскесiн сатқан немесе жалға берген кезде, мемлекеттiк емес жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын басқа тұлғаларға сатқан кезде, сондай-ақ ол жер учаскесiн кейiнгi жер пайдаланушыларға жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн ақы төлеудiң мөлшерi, мерзiмi мен нысаны азаматтық заңдарға сәйкес сатып алу-сату немесе мүлiктiк жалдау шарттарымен белгіленедi. Ескерту. 8-бап өзгерді Қазақстан Республикасының 24.12.01 ж. N 276-II Заңымен 9-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) базалық ақы ставкасы - мемлекет жеке меншiкке немесе пайдалануға беретiн жер үшiн төленетiн ақы нормативi; 2) уақытша жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген тұлғалар; 3) кейiнгi жер пайдаланушылар - бастапқы жер пайдалану мәртебесiн сақтап қалатын пайдаланушылардан кейiнгi жер пайдалану туралы шарт негiзiнде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар; 4) мемлекеттiк жер пайдаланушылар - мемлекеттiк республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар; 5) мемлекеттiк заттай гранттар - инвесторға осы Заң мен тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы заңдарда белгiленген тәртiппен меншiкке немесе пайдалануға өтеусiз берiлетiн жер учаскелерi; 6) жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге салу - мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң кепiл шартына негiзделген не заң актiлерiнiң негiзiндегi әдiсi, оған сәйкес борышкер кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған жағдайда кредитордың (кепiл ұстаушының) кепiлге салынған жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құнынан, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгiленген қайтарып алуды қоспағанда, осы жер учаскесi немесе жер пайдалану құқығы тиесiлi тұлғаның (кепiл берушiнiң) басқа кредиторлары алдында қайтарым алуға басым құқығы болады; 7) жер үлесi - жер учаскесiне құқықтар мен мiндеттерге басқа тұлғалармен бiрге қатысудың осы Заңда және өзге де заң актiлерiнде белгiленген жағдайлар мен шарттарда бөлiнуi мүмкiн сан жағынан анықталған үлесi; 8) жер құқығы қатынастары - жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектiлерге жер учаскелерiн бекiтiп беруге, жерге меншiк құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыруға байланысты жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастар; 9) жер ресурстары - қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерiн қанағаттандыру үшiн шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер; 10) жер учаскесi - осы заңда белгiленген тәртiппен жер қатынастары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлетiн, тұйықталған шекара iшiнде бөлiнген жер бөлiгi; 11) жер - Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңiстiк, табиғи ресурс, жалпыға бiрдей өндiрiс құралы және кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi; 12) шетелдiк жер пайдаланушылар - шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдар; 13) кондоминиум - жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше (өзге де құқықтық) нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бөлек (дара) меншiгiнде (өзге де құқықта) болады, ал ортақ мүлiк, оның iшiнде жер учаскесi де, оларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен (өзге де ортақ құқықпен) тиесiлi болады және бөлек (дара) меншiктегi (өзге де ортақ құқығы) жылжымайтын мүлiк бөлiктерiне құқықтардан ажыратылмайды; 14) өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығы - ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесiнде өз қажеттерiн қанағаттандыруға арналған қызмет түрi; 15) ұлттық жер пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары, қазақстандық заңды тұлғалар, соның iшiнде шетел қатысатын кәсiпорындар; 16) мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар - азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар; 17) жер қатынастарының объектiсi - Қазақстан Республикасының аумағы шегiндегi бүкiл жер, онда не орналасқандығына және олардың жекелеген субъектiлерге бекiтілiп берiлуiнiң құқықтық негiздерiне қарамастан, жекелеген жер учаскелерi, сондай-ақ жер учаскелерi мен жер үлестерiне құқықтар; 18) меншiк құқығының объектiлерi - мемлекеттiк және жеке меншiктегi жер; 19) бастапқы жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығын осы Заңның 25-бабында көзделген тәртiппен тiкелей мемлекеттен не бұл құқықтан айыру тәртiбiмен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар; 20) шартты жер үлестерiн дараландыру - кейiннен жер учаскесiн нақты күйінде алу және мәмілелер жасасу үшін ортақ пайдаланатын жер құрамындағы шартты жер үлесiнiң шекарасын жобалап белгiлеу; 21) тұрақты жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығы мерзiмсiз сипатта болатын тұлғалар; 22) топырақ қабаты - жердiң құрғақ үстiңгi қабаты, тек өзiне тән құрылысы, құрамы мен қасиеттерi бар ерекше табиғи құрылым. Топырақ қабатының қуаты (тереңдiгi) оның аймақтық ерекшелiктерiне, бедерiне және топырақ құрайтын жыныстар құрамына байланысты болады; 23) жер иелену құқығы - жердi нақты иеленудi жүзеге асырудың заң арқылы қамтамасыз етiлген мүмкiндiгi; 24) жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығы - жер учаскесiнiң меншiк иесi мен уақытша пайдаланушы (жалға алушы немесе өтеусiз пайдаланушы) арасындағы жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт негiзiнде туындайтын, субъектiнiң жер учаскесiн иелену және пайдалану құқығы; 25) жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесiн өтеулi және (немесе) өтеусiз негiзде мерзiмсiз (жердi тұрақты пайдалану) немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде (жердi уақытша пайдалану) иелену және пайдалану құқығы; 26) жерге билiк ету құқығы - жердiң және жеке меншiк иесiнiң өз жер учаскесiне қатысты заң актiлерiнде тыйым салынбаған мәмiлелер жасауының заңдық тағдырын мемлекет анықтауының заң арқылы қамтамасыз етiлген мүмкiндiгi; 27) жер учаскесiне жеке меншiк құқығы - азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың өздерiне тиесiлi жер учаскесiн осы Заңда белгiленген негiздерде, жағдайлар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы; 28) сервитут - бөтен жер учаскесiн шектеулi мақсатты пайдалану, оның iшiнде жаяу өту, көлiкпен өту, қажеттi коммуникацияларды тарту мен пайдалану және басқа да мұқтаждар үшiн пайдалану құқығы; 29) арнайы жер қоры - ауыл шаруашылық мақсатындағы алқаптардың, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан не заңдарды бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерiнiң және шартты жер үлестерiнiң иелерi мен жер пайдаланушылар бас тартқан жердiң есебiнен құрылатын резервтегi жер; 30) орташа аудандық жер үлесi - ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлердiң мамандануын ескергенде аудан бойынша шартты жер үлесiнiң орташа мөлшерi; 31) жер құқығы қатынастарының субъектiсi - жер құқығы қатынасына қатысушы болып табылатын және соған орай осы құқық қатынасында құқығы бар және мiндет атқаратын субъект; 32) шартты жер үлесi - таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерiнiң, мемлекеттiк емес болып қайта құрылған мемлекеттiк ауыл шаруашылық ұйымдары қызметкерлерiнiң, сондай-ақ осы заңда аталған өзге де тұлғалардың сандық тұрғыдан анықталған үлесi, оған сәйкес бұдан бұрын аталған ұйымдардың жер пайдалану құрамына енген жер учаскелерiне құқықтар беру жүзеге асырылады немесе осы заңда көзделген өзге де құқықтар iске асырылады. 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi Жер қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына мыналар жатады: 1) Республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы негiзгi бағыттарды әзiрлеу; 2) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқа да iс-шаралармен кешендi түрде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу; 3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жасау мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындауға және жердi қорғаныс қажеттерi үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерден жер учаскелерiн беру және қайтарып алу; 4) жер учаскесiне меншiк құқығы мен жердi пайдалану құқығын ресiмдеу тәртiбiн анықтау; 5) жер учаскесiне меншiк құқығына және жердi пайдалану құқығына берiлетiн құжаттардың нысандарын бекiту; 6) облыстық өкiлдi және атқарушы органдармен олардың аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын өзгерту мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын келiсу, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар төңiрегiнде қала маңы аймақтарын белгiлеу мен өзгерту; 7) жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру тәртiбiн, республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту; 8) жерге орналастыруды жүргiзу, мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзу тәртiбiн бекiту; 9) жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; 10) облыстар арасындағы жер қатынастарын реттеу; 11) осы Заңмен және өзге де заң актiлерiмен өз құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер. 11-бап. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның және оның жергiлiктi жерлердегi органдарының құзыретi 1. Орталық уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдарының қарауына мыналар жатады: 1) жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу; 2) жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыру; 3) мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыру; 4) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру; 5) жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерiн қорғау; 6) жердi аймақтарға бөлу негiзiнде оның пайдаланылуын жоспарлау мен оған болжам жасауды ұйымдастыру, жер учаскелерiнiң шекараларын белгiлеу және тиiстi құжаттарды ресiмдеу; 7) жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзуге лицензия беру; 8) мемлекет жеке меншiкке сататын немесе пайдалануға беретiн нақты жер учаскелерiнiң бағалау құнын анықтау; 9) жердi аймақтарға бөлу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру; 10) жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн анықтау; 11) пайдаланылмай жатқан жердi және заңдарды бұза отырып пайдаланылып жүрген жердi анықтау; 12) жер заңдарын бұзушылықты жою жөнiнде шаралар қолдану; 13) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргiзу; 14) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кенiштерiн дайындау, объектiлердi пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңдарын, жердi пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүргiзiлсе, оларды тоқтата тұру; 15) анықталған жер заңдарын бұзушылықты жою жөнiнде орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беру; 16) жер заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау. 2. Уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн ережеге сәйкес жүзеге асырады. 12-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi 1. Тиiстi аумақтарда жер қатынастарын реттеу саласында жергiлiктi өкiлдi органдардың қарауына мыналар жатады: 1) жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, басқа да табиғат қорғау iс-шараларымен кешендi түрде жер ресурстарын қорғау жөнiндегi бағдарламаларды бекiту; 2) ауыл шаруашылық алқаптарын қоса алғанда ауылдық (селолық) атқарушы органдардың қарамағына берiлген елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық жағынан жайғастыру жоспарларын бекiту; 3) жергiлiктi бюджеттер құрамында жер ресурстарын қорғау және топырақ құнарлылығын арттыру жөнiндегi шығыстарды бекiту; 4) жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуының жай-күйі туралы есептерiн тыңдау; 5) заң актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар арасындағы шекараларды белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау; 6) осы Заңмен және өзге де заң актiлерiмен өз құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер. 2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары жер қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өкiлеттiк шегiнде халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етедi. 13-бап. Облыстық атқарушы органның құзыретi Жер қатынастарын реттеу саласында облыстық атқарушы органның қарауына мыналар жатады: 1) облыстық өкiлдi органның бекiтуiне енгiзу үшiн жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, басқа да табиғат қорғау шараларымен кешендi түрде жер ресурстарын қорғау жөнiндегi облыстық бағдарламаларды әзiрлеу және оларды орындау; 2) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру; 3) осы Заңның 54-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру; 4) мемлекеттiк ғылыми-зерттеу, оқу және басқа да ауыл шаруашылық ғылыми ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрлерiн құру үшiн жердi резервте сақтау;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |