|
|
|
"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Ішкі істер министрлігінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы N 1 бұйрығы Осы редакция 2004 ж. 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 847 және 2000 жылғы 21 тамыздағы N 1287 қаулыларымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені басшылыққа алуды және орындауды жариялай отырып, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін. 2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, Ішкіісминнің орталық аппараты Департаменттерінің, дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалалары, облыстардағы және көліктегі Ішкі істер бас басқармаларының, Ішкіісминнің жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының бастықтары: 1) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені және Ішкі істер органдарының кәсіби дайындығы жүйесіндегі нұсқаулықты сынақтар қабылдау арқылы терең оқып-үйренуді; 2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде және Нұсқаулықта жазылған талаптардың бұлжытпай орындалуын; 3) қызметтік үй-жайларды, клубтарды қызмет өткерудің жағдайлары, ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген тақырыптық стендтермен жабдықтауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Кадр және тәрбие жұмысы департаментіне, Астана, Алматы қалалары, облыстардағы және көліктегі ІІББ, ІІБ-ның, Ішкіісминнің жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының бастықтарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі - Ішкі әскерлер қолбасшысы
Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 2001 жылғы 01 қаңтардағы N 1 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулық Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 847 және 2000 жылғы 21 тамыздағы N 1287 қаулыларымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені (бұдан әрі - Ереже) қолданудың тәртібін белгілейді. Нұсқаулыққа енбей қалған кадр мәселелерін шешудің тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жекелеген нормативтік кесімдерімен реттеледі. Жалпы ережелер 1. Ішкі істер органдарына қызметке қабылдаудың шарттары 1. Ішкі істер органдарына қызметке Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы қолда бар паспортына немесе жеке куәлігіне сәйкес анықталады. 2. Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын үміткерлерді іріктеп алуды, оларды алдын ала зерттеуді ішкі істер органдары бөлімшелерінің мүдделі бастықтары мен кадр аппараттары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының азаматтарын ішкі істер органдарына қызметке іріктеп алу кезінде үміткерлердің іскерлік, жеке және моральдық қасиеттерінің ішкі істер органдары қызметкерлеріне қызметтік жұмыстың нақты учаскелерінде қойылатын талаптарға аса дәлдікпен сәйкес келуін анықтау іріктеп алудың негізгі мақсаты болып табылатындығын ескеру керек. 3. Қызметке үміткерлерге мынадай қасиеттер тән болуы тиіс: 1) заңдарды бұлжытпай сақтаудағы дамыған құқықтық сана-сезім мен өзіндік сенім, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтай білу, патриотизм мен интернационализм; 2) өзіне қатаң талап қою, ішкі істер органдарындағы өзінің болашақ қызметін зор мемлекеттік мәні бар іс ретінде саналы түрде түсіне білу, қызметтік жұмысының нәтижелерін объективті түрде бағалай білу; 3) ұйымдастырушылық қабілеті, адамдарға оң ықпал жасай білу, жоғары жұмыс қабілеттілігі мен шыдамдылық, әдеттегідей емес және төтенше жағдайларда жүктелген міндеттерге сәйкес тыңғылықты және табандылықпен қимылдау қабілеті, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы қызметке байланысты қиындықтарға төзе білу. 2. Ішкі істер органдарына қызметке кадрларды іріктеу 4. Үміткерлерді іріктеп алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру жергілікті жерлердегі ішкі істер органдарының басшыларына және үміткерлерді пайдалану көзделіп отырған салалық бөлімшелердің басшыларына жүктеледі. Олар өз жұмыстарын кадр аппараттарымен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырады. Бос лауазымдарға жасақтау жөніндегі жұмыс ішкі істер органдары мен бөлімшелерінің қызметтік жұмысы жоспарларында көрініс алады. Үміткерді зерттеуді үміткерді пайдалану көзделіп отырған бөлімшенің қызметкері жүргізеді. 5. Ішкі істер органдарына қызметке қатардағы және кіші басшы құрамдағы лауазымдарға 32 жастан аспаған, орта және аға басшы құрамдағы лауазымдарға - егер де олардың қызметте болудың шекті жасына жету сәтіне қызмет өткерген жылдары үшін зейнетақыға құқығы бар болса, запастағы офицерлер мен арнайы және әскери атағы болған, ішкі істер органдарында қолданылатын мамандығы бойынша жоғары даярлығы мен жұмыс тәжірибесі бар, бұған дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлері мен әскери құрамаларында, сондай-ақ ішкі істер органдарында, ҰҚК-да, бұрынғы МТК-да, қаржы полициясында, кеден қызметінде қызмет өткерген адамдарды қоспағандағы 40 жастан аспаған азаматтар қабылданады. Ерекше жағдайларда, жасы Ережеде көзделген жастан асатын адамды ішкі істер органдарына қызметке қабылдау туралы мәселені шешу кезінде ІІБ, КІІБ-нің, Ішкіісмин оқу орындарының кадр аппараты Ішкіісминнің кадр аппаратына бірінші басшының қолы қойылған ұсынымды, қалыптастырылған жеке істі жібереді. Ішкіісминнің кадр аппараты ұсынылған материалдарды қарап шығып, Министр не оны ауыстырушы адам бекіткен дәлелді қорытынды шығарады. Оң шешім шығарылған жағдайда осы қорытынды үміткерді (егер де ол қатардағы, кіші немесе басшы құрамдағы лауазымға тағайындауға үміткер болып табылатын жағдайда) училищеге бастапқы дайындыққа және үміткерді бұдан әрі ішкі істер органдарына қызметке қабылдауға негіз болып табылады. Үміткерді одан кейін алғашқы арнаулы атақ беруге немесе бұрын ішкі істер органдарының басшы құрамында болған адамдарды Ішкіісминнің кадрларына қабылдауға ұсыну кезінде Ішкіісминнің кадр аппаратына жіберілетін ұсынымхатқа көрсетілген қорытындының көшірмесі қоса тіркеледі. 6. Ішкі істер органдарына қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарға алғаш рет орналасушы үміткерлер лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің кәсіби даярлық училищелерінде (бұдан әрі - училище) бастапқы дайындықтан өтуге міндетті. Бастапқы дайындықтан өтудің тәртібі мен шарттарын Министр белгілейді. Бұл ретте оқу мерзімі қызмет өткерген жылдары үшін проценттік үстемақы төлеу және зейнетақы есептеу үшін қызмет өтіліне қоса есептеледі. Ішкі істер органдарына қызметке аға және жоғары басшы құрамдағы лауазымдарға орналасушы адамдар бастапқы дайындық бағдарламасын тікелей бастығының жетекшілігімен тағылымдама өту арқылы меңгереді. Соңғысы Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің қолданыстағы нормативтік-нұсқауламалық кесімдеріне сәйкес тағылымдама өтудің тәртібін белгілейді . Ішкі істер органдарының, МТК-ның бұрынғы қызметкерлері, сондай-ақ Ішкіісмин жүйесіндегі оқу орындарында оқып шыққан адамдар қызметке жалпы негізде бастапқы дайындықтан өтпей-ақ қабылданады. 7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына оқуға түсу жылының 31 желтоқсанындағы ахуал бойынша 17 жасқа толған адамдар қабылданады. 8. Ішкі істер органдарына қызметке қабылданатындар олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссияларында медициналық куәландырудан өтеді. 9. Қатардағы және кіші басшы құрамдағы лауазымдар мерзімді әскери қызметін өткерген, Қарулы Күштердің запасында тұрған (запастағы офицерлерден басқа) және кемінде орта білімі бар адамдармен жасақталады. 10. Орта басшы құрамдағы лауазымдарға жоғары және арнаулы орта білімі бар мамандармен ауыстыруға жататын, Министр бекіткен лауазымдардың тізбесіне сәйкес жоғары және арнаулы орта білімі бар, сондай-ақ, қажет болғанда, жедел қызмет және арнайы мақсаттағы бөлімшелерге жалпы орта білімі бар адамдар қабылданады . 11. Аға және жоғары басшы құрамдағы лауазымдарға жоғары білімі бар адамдар қабылданады. 12. Медициналық қарсы көрсетулер бойынша бұрын мерзімді әскери қызмет өткермеген, кейіннен әскери қызметке жарамды деп танылған немесе бұрын құқық қорғау органдарынан науқастануы немесе денсаулық жағдайы бойынша босатылған үміткерді ішкі істер органдарына қызметке ресімдеу кезінде үміткер (немесе оның медициналық құжаттары) міндетті түрде Ішкіісминнің орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының бекітуіне жіберіледі, оның қорытындысы Ішкіісминнің кадр аппаратына жіберілетін алғашқы арнаулы атақ беру немесе Ішкіісминнің кадрларына қабылдау ұсынымхатына қоса тіркеледі. 3. Үміткерді зерттеу 13. Үміткердің жеке басын алдын ала зерттеу процесінде оның денсаулығының жағдайы, оның білімі мен арнайы дайындығының оны пайдалану жоспарланып отырған лауазымға қойылатын талаптарға сәйкес келуі, үміткердің отбасы жағдайы, ортасы, мінезінің негізгі сипаттары анықталады. Үміткер ішкі істер органдарының әкімшілік есептері бойынша тексеріледі (үміткерді тұрғылықты жері бойынша сипаттайтын материалдар, үміткер ресімделетін қызмет жинақтайды. Зерттеу нәтижелері тексеруші адамның рапортында көрсетіледі). Үміткерді пайдалану жоспарланып отырған ішкі істер органының немесе бөлімшесінің басшысы онымен жеке әңгімелеседі, алдын ала зерттеу процесінде алынған деректердің сәйкестігін анықтайды, алдағы жұмыстың сипатын түсіндіреді. Үміткерлердің ата-аналарымен, әйелімен (күйеуімен) әңгіме өткізіледі. Үміткердің ішкі істер органдарына қызметке орналасуының себептері анықталады. Үміткердің және оның туысқандарының назары оның болашақ қызметінің сипатына, мезгілінен тыс уақытта, демалыс және мерекелік күндері жұмысқа тартылу мүмкіндігіне, сондай-ақ ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезіндегі жеңілдіктер мен басымдықтарға аударылады. Оны Қызмет өткеру туралы ережемен таныстырады. Кадр аппаратында үміткер жақын туысқандарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған және баспа түрінде терілген кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты (Нұсқаулыққа N 1 қосымша), толық өмірбаянын (Нұсқаулыққа N 2 қосымша) толтырады. 14. Үміткерді зерттеуді жалғастырудың мақсатқа сай болатындығы туралы шешім қабылданған кезде салалық қызметтің, бөлімшенің жетекшісі үміткерді зерттеудің қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына қызметке қабылдау туралы қорытындының бірінші бөлімін (Нұсқаулыққа N 3 қосымша) толтырады. Әрі бұл бөлімде үміткерді зерттеген адамдардың тектері, зерттеу нәтижелері, үміткерді сипаттайтын деректер, үміткерді пайдалану көзделіп отырған лауазым мен жұмыс учаскесі, үміткерді ішкі істер органдарына жұмысқа кімнің ұсынғандығы және шешім қабылдау үшін едәуір мәні бар басқа да деректер көрсетіледі. Қызметке қабылдау туралы қорытынды, кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және өмірбаян лауазымға тағайындау құқығы бар ішкі істер органының немесе бөлімшесінің бастығына жіберіледі, ол келіп түскен материалдарды қарайды және оң шешім шығарылған кезде үміткерді арнайы тексеруді жүргізу үшін оларды кадр аппаратына жібереді. 15. Арнайы тексеру қызметке іріктеп алынатын адамдарды зерттеудің құралы болып табылады және үміткерлер мен олардың жақын туысқандарына (оның әкесі, шешесі, туған ағалары мен апалары, әйелі (күйеуі), оның әкесі, шешесі, туған ағалары мен апалары, үміткердің 14 жасқа толған балалары) қатысты мәліметтерді анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл ретте тізім (Нұсқаулыққа N 4 қосымша) толтырылады. Арнайы тексеруге ішкі істер органдарына қызметке қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарға, оның ішінде Ішкіісминнің оқу орындарына оқуға қабылданатын адамдар жатады. Егер де үміткердің, оның әйелінің (күйеуінің) жақын туысқандарының бірі ішкі істер органдарында қызметте тұрса, оған тексеру жүргізілмейді, отбасының қалған мүшелері жалпы негізде тексеруге жатады. Арнайы тексеруге жататын адамдар ішкі істер органдарының, ҰҚК-ның жедел есептері бойынша тексеріледі. Арнайы тексеру туған жері мен тұрғылықты жері бойынша, ал үміткерлерді арнайы тексеру - сондай-ақ олардың үш жылдан астам тұрған барлық бұрынғы тұрғылықты жерлері бойынша жүзеге асырылады. Бір мезгілде, кадр аппараты Бас Прокуратура немесе облыстық прокуратуралар жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығына (бұдан әрі - ҚСжАО) үміткерге арналған сұрау салуды толтырады. Арнайы тексерудің нәтижелері ішкі істер органдарына қабылдау туралы қорытындының екінші бөлімінде көрініс алады, онда "Қызметке қабылдауға қайшы келетін мәліметтер жоқ" деген жазба жасалады және арнайы тексеруді жүргізген адамның қолы қойылады. Жедел есептер бойынша тексеру талаптардың (Нұсқаулыққа N 5 қосымша) ескерілуімен, лауазымға тағайындау құқығы бар бастық бекіткен белгіленген нысандағы жоспар бойынша (Нұсқаулыққа N 6 қосымша) жүргізіледі. Үміткердің әйелінің (күйеуінің), олардың жақын туысқандарының сотталғандығы туралы мәліметтер, сондай-ақ теріс сипаттағы басқа да мәліметтер алынған кезде қорытындыда жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі, туысқандық дәрежесі, алдағы қызметінің сипаты, сотты болған туысқандарының үміткерге теріс ықпал етуі, үміткердің сотты болған туысқандарына материалдық және өзге де тәуелді болуы ескеріле отырып, үміткерді қызметке қабылдаудың мүмкіндігі негізделеді. Арнайы тексеру аяқталғаннан кейін кадр аппаратының қызметкері арнайы тексерудің нәтижелері туралы қорытынды (Нұсқаулыққа N 7 қосымша) толтырады. Арнайы тексерудің материалдары, сондай-ақ прокуратуралар жанындағы ҚСжАО-дан келген жауап лауазымға тағайындау құқығы бар бастыққа бекіту үшін баяндалады. Қызметке қабылдау туралы мәселе оң шешілген жағдайда нәтижелері үміткерді пайдалану жоспарланып отырған органның, салалық бөлімшенің басшысына хабарланады. Үміткерді қызметке қабылдаудан бас тарту туралы шешімнің себептері оған хабарланады. Арнайы тексеру жүргізудің жоспарын қамтитын арнайы тексерудің материалдары, арнайы тексеру жөніндегі талаптар, қорытынды, ішкі істер органдарының әкімшілік есептері бойынша зерттеу мен тексерудің рапорттары, ҚСжАО-дан келген жауап жеке істің 5-бөлігіне тігіліп, нөмірленеді және осы бөліктегі құжаттардың тізбесіне енгізіледі. Ішкі істер органдарына қызметке қабылданбаған үміткерлерге арналған арнайы тексеру материалдары бір жыл өткеннен кейін жойылады. 16. Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау туралы қорытындының үшінші бөлімінде әскери-дәрігерлік комиссия мен психофизиологиялық тексеруден өтудің нәтижелері туралы жазба жасалады. 17. Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау туралы қорытынды (оқуға үміткерлерді қоспағандағы) үміткерді зерттеуді жалғастыру үшін, оның ішінде көзделіп отырған лауазымда жұмыс істеуге қажет болатын қасиеттерді анықтау мақсатында нақты тапсырмалар беріле отырып, бөлімшеге жіберіледі. Әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық, инженерлік-техникалық, медициналық бөлімшелерге орта немесе аға басшы құрамдағы лауазымдарға үміткерлер, ішкі істер органдарына қызметке жіберілетін оқу орындарын бітірушілер нақты тапсырмалар арқылы зерттелмеуі мүмкін. Үміткерлерді нақты тапсырмалар арқылы зерттеуді салалық бөлімшенің аса білікті қызметкерлері жүргізеді. Әрбір тапсырма бойынша үміткерге міндетті түрде оны орындаудың тәсілдері мен мінез-құлық таныта білу туралы нұсқама беріледі. Үміткерге берілетін тапсырмалар нақты, бөлімшенің құзыретіне енетін мәселелерді шешуге бағытталған, орындауға болатын және заңдылық талаптарына жауап беретін болуы тиіс. Тапсырмалар іс жүргізу қимылдарын өзінше жүргізумен және қызмет атқарумен байланысты болмауы керек. Тапсырмаларды орындау үміткердің моральдық, іскерлік және жеке қасиеттеріне, оның өзін пайдалану көзделіп отырған лауазым бойынша міндеттерін орындай білу қабілетіне баға беруге мүмкіндік беретін бастамашылығын, іс-қимыл белсенділігін қарастыруы керек. Үміткерге оның өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін тапсырмалар беруге үзілді-кесілді тыйым салынады. Үміткер міндетті түрде орындалған тапсырмалары туралы жазбаша есептер ұсынуы тиіс. Осы есептер бойынша зерттелетін адамның өз ойларын қисынды және бір ізді мазмұндай алуы, жинақталған ақпаратты бір жүйеге келтіре білуі, топтастырып, талдай білуі, дұрыс қорытынды жасап, ұсыныстар шығара білуі тексеріледі. 18. Үміткерді зерттеу процесінде ішкі істер органдарына қызметке орналасатын адамдарға қойылатын жалпы талаптармен қатар нақты лауазымда жұмыс істеуге қажетті қасиеттері анықталады. 19. Зерттеудің нәтижелері ішкі істер органдарына қызметке қабылдау туралы қорытындының төртінші бөлімінде мазмұндалады. Зерттеуді кімнің жүргізгендігі, үміткерге қандай нақты тапсырмалар берілгендігі, оларды қалай орындағандығы, өзінің болашақ жұмысына қажетті қандай қасиеттерді танытқандығы көрсетіледі, үміткерді қандай да бір лауазымда пайдалану мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды жасалады. Сонымен бірге, міндетті түрде үміткерді және оның жеке ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтер көрсетіледі. Тексерілмеген оң да, теріс те деректерді көрсетуге, сондай-ақ үміткерді пайдалану жөніндегі ұсыныстарда оларға сүйенуге тыйым салынады. 20. Үміткерді зерттеу аяқталғаннан кейін ішкі істер органдарына қызметке қабылдау туралы толтырылған қорытынды үміткерге арналған жеке істің материалдарын одан әрі ресімдеу үшін кадр аппаратына жіберіледі. Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау туралы қорытынды қызметке жетекшілік жасаушы орган бастығының орынбасарымен, үміткерді пайдалану көзделіп отырған салалық бөлімшенің басшыларымен және кадр аппаратымен келісіледі. Бір мезгілде аталған басшылардың үміткермен жеке кездесуі ұйымдастырылады. Қорытындыны лауазымға тағайындау құқығы бар органның, бөлімшенің бастығы бекітеді. 21. Оған қатысты лауазымға тағайындау туралы шешім қабылданған адамдар ішкі істер органдарына қызметке қабылдау туралы өтініш жазады. Өтініште үміткер сондай-ақ өзінің қызмет өткерудің, материалдық және зейнетақымен қамтамасыз етудің шарттарымен танысқандығын, тәртіп пен заңдылықты бұзғандығы үшін жауапкершілігі туралы ескертілгендігін көрсетеді. Бір мезгілде ресімделетін адам мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу туралы міндеттеме, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің, оның ішінде "Сыбайлас жемқорлық туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген шектеулер бойынша міндеттеме береді. 22. Қарулы Күштерден және басқа да әскери құрамалардан тікелей босатылғаннан кейін қызметке қабылданатын адамдарға әскери бөлім басшылығының мінездеме-ұсынымы сұратылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |