|
|
|
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 17-ө бұйрығы (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.04.01 ж. N 71-б; 05.05.03 ж. N 92-ө бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 9 желтоқсандағы N 293-ө бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы" 2000 жылдың 28 желтоқсанындағы N 1920 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1997 жылдың 9 желтоқсанындағы N 222-б "Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері жөніндегі әдістемелік нұсқаулар" бұйрығы ; 2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің "Зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына, жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, және арнаулы мемлекеттік жәрдем ақыларды тағайындау және төлеу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылдың 12 сәуіріндегі N 59-б бұйрығы ; 3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің "Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына, жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылдың 12 сәуіріндегі N 60-б бұйрығы ; 4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, жұмыс жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау және төлеу үшін құжаттарды қараудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылдың 18 ақпанындағы N 46-б бұйрығы. 3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 17-П бұйрығымен "Бекітілген" Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулық 1. Жалпы ережелер Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы, "Жер асты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істейтін адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - ЗТМО) төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды (бұдан әрі - зейнетақыларды және (немесе) жәрдемақыларды) тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібін айқындайды. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындауды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалаларының) департаменттері (бұдан әрі департамент) жүргізеді. 2. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындауды ұйымдастырудың тәртібі 1. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы өтініш (N 1 қосымша) өтініш беруші адамның тұрғылықты жеріндегі ЗТМО аудандық (қалалық) бөлімшелеріне (бұдан әрі - ЗТМО бөлімшесі) тізбеге (N 2 қосымша) сәйкес барлық қажет құжаттары қоса беріледі. Зейнетақы немесе жәрдемақыларды тағайындау туралы өтініштер мен оған қоса берілген құжаттар журналда (N 3 қосымша) тіркеледі. Өтініш берушіге қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің жыртылмалы талоны беріледі. 2. Зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау үшін қажетті құжаттар міндетті түрде олардың көшірмелерін бірге ұсынылады. Құжаттардың көшірмелерін оларды түпнұсқамен салыстырғаннан кейін ЗТМО бөлімшесінің бастығы растауы қажет. Құжаттардың белгіленген заңнамалық тәртіппен расталған көшірмелерін қабылдауға жол беріледі. 3. ЗТМО бөлімшесі зейнетақы немесе жәрдемақы алушының іс макетін (бұдан әрі - іс макеті) (N 4-қосымша) жасайды, сондай-ақ шешімнің жобасын ресімдейді (N 5-қосымша). 4. Іс макеті ЗТМО бөлімшесі құжаттарды қабылдаған күннен бастап 5 күн ішінде жасалады және ЗТМО облыстық филиалы арқылы (бұдан әрі - ЗТМО филиалы) екі данадағы хабарламамен қоса (N 6 қосымша) Департаментке жіберіледі. 5. Зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар, тиындардың сомасына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады. 6. Құжаттар түскен күннен бастап 5 күн ішінде Департамент оларды қарайды және зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы мәселені шешуге қажетті құжаттар түгел ұсынылмаған жағдайда істің макеті пысықтап ресімдеуге қайтарылады. 7. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау немесе қайта қарау үшін өтініш иесі ұсынған құжаттардағы жазу қате немесе дәл болмаған жағдайда өтініш иесі қажетті фактілерді сот тәртібімен анықтайды. Ұсынылған құжаттардың растығы күдік туғызған жағдайда Департамент тиісінше тексеру жүргізуге құқылы. Департамент тексеру мақсатында құжаттарды сұрата алады, сараптамаға жібереді, оларды беруге негіз болып табылатын құжаттардың бар екендігін тексере алады. 8. Департамент зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдаған соң зейнетақы немесе жәрдемақы алушының мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылатын "Зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігін" (бұдан әрі - Куәлік) (N 7 қосымша) жазып береді. 9. ЗТМО бөлімшесі зейнетақы немесе жәрдемақы алушыға (бұдан әрі алушы) Куәлікті арнайы журналға (N 8-қосымша) тіркегеннен кейін, қол қойғызып береді. 10. Алатын әлеуметтік төлемдердің түрі немесе мөлшері өзгерген жағдайда ЗТМО бөлімшесі Куәліктің іш бетіне болған өзгерістер туралы қажетті жазу жазады, ол мөртабанмен расталады. 11. Куәлік жоғалған жағдайда, Департамент алушының өтініші бойынша көшірме жазып береді. Жоғарыдағы оң жақ бұрышына "Көшірме" деген белгі қойылады. Көшірме беру кезінде Куәліктерді тіркеудің арнаулы журналына тиісті жазу жазылады (N 8-қосымша). 12. Қазақстан Республикасына басқа елдерден тұрақты тұру үшін көшіп келген адамдар зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды жаңадан тағайындау ресімінен өтеді. Тағайындау тұрақты тұратын жерінде тіркелген күннен бастап, бірақ зейнетақылар немесе жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш пен барлық қажетті құжаттар бір уақытта берілген күннен кейін жүргізіледі. 13. Жерлеуге берілетін жәрдемақыларды және зейнетақылар мен жәрдемақылардың толық алынбаған сомаларын төлеуді төлем қажеттігіне (N 9 қосымша) енгізу жолымен ЗТМО бөлімшелері жүргізеді. 14. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасы мүшелері санының, мүгедектік тобының, жұмыс өтілінің өзгеруіне байланысты зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерін өзгерту туралы шешімнің жобасын ЗТМО бөлімшесі әзірлейді және оны Департамент бекітеді. 15. Айлық есептік көрсеткіштің, зейнетақының ең төмен мөлшерінің өзгеруіне байланысты зейнетақылар мен жәрдемақыларды арттыруды, өтілі толымсыз болғанда қайта есептеуді қоспағанда, істерге мөртабан қою жолымен (N 10-қосымша) ЗТМО бөлімшелері жүргізеді. 16. ЗТМО бөлімшесі басқа жаққа кететін адамның өтініші негізінде істі қолына береді немесе басқа елдердің уәкілетті органдарының немесе ЗТМО басқа бөлімшелерінің сұратуы бойынша жібереді. 17. ЗТМО бөлімшесі азаматтық хал актілерін жазатын бөлім (АХАЖБ), денсаулық сақтау органдары, әулетті ведомстволардың зейнетақы қызметтері, селолық (ауылдық) округтер мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдары ағымдағы айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей ұсынған қайтыс болғандар мен көшіп кеткендердің тізімін салыстыруды ай сайын жүргізеді. 3. Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді ұйымдастырудың тәртібі 18. ЗТМО бөлімшесі Департаменттің зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау туралы шешімін алғаннан кейін құжаттарды тиісті өңдеуді жүргізеді: 1) зейнетақы істерін, N 1 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар алушылардың істерін (бұдан әрі - істері) Тіркеу кітабында (N 3 қосымша) нөмір беріп тіркейді; 2) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлемі бойынша N 2 нысандағы есеп кәртішкесін ресімдейді (N 11 қосымша); 3) төлемдер түріне сәйкес жаңа алушыларды зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу N 7 немесе N 7д нысандағы тізім-ведомостарына (N 12, 13 қосымша) енгізеді, оларды Халық банкінің филиалдарына ағымдағы айдың 25-не дейін, кестеге сәйкес түзету күнін есепке ала отырып азайту жағына қарай қаржыландыру бойынша береді. 4) көрсетілген тізім-ведомостар мөртабанмен расталады және ЗТМО бөлімшесінің бастығы оған қол қояды; 5) ЗТМО бөлімшесі N 7 нысандағы тізім- ведомосты екі данада, біріншісін құжаттамалық түрде және электрондық файл түрінде - банкке зейнетақылар мен жәрдемақылар сомаларын зейнетақы (жеке) шоттарына жедел есепке алу үшін, екінші данасын - бақылау үшін ЗТМО бөлімшесіне арнап жасайды; 6) электронды қол қоюды енгізген жағдайда, электронды қол қоюды пайдалануға рұқсаты бар ЗТМО бөлімшесі N 7 нысандағы тізім-ведомосты жасайды және қызмет көрсететін банкке бір данадан құжаттамалық түрде және зейнетақы (жеке) шоттарына зейнетақылар мен жәрдемақылар сомаларын жедел есепке алу үшін электронды қол қойылып электронды түрде жібереді; 7) қажеттілік әр айдың 15-нен келесі айдың 15-не дейін қоса жасалды; 8) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу қажеттілігіне енгізіледі, ол ЗТМО филиалына ағымдағы айдың 20-на дейін N 4 нысан (N 14 қосымша) бойынша жіберіледі; 9) ЗТМО бөлімшелері берген зейнетақы мен жәрдемақылар төлеуге арналған қажеттілік тапсырысы негізінде ЗТМО филиалы төлеуге арналған қаражаттың жиынтық қажеттілігін жасап, оны электронды түрде республикалық ЗТМО-на ағымдағы айдың 23-не дейін жібереді. 19. Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу қажеттілігіне берілген тапсырыстар негізінде республикалық ЗТМО әр айдың 25-не дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) қажеттілік тапсырысын береді. 20. Министрлік қаражаты қазынашылықтың рұқсатымен бөлінген сомалар шегінде республикалық ЗТМО-на аударады. Аудару бекітілген төлем кестесіне сәйкес жүргізіледі. Зейнетақылар мен жәрдемақылар қаражаттың қажеттілігіне сәйкес Республикалық ЗТМО сомаларды аударуға арналған төлем тапсырмаларын есепке алу кітабына жазады. Ай сайын ұстап қалулардың жалпы сомасын ЗТМО филиалдарының шоттарына аударады және төлем тапсырмаларын есепке алу кітабына жазады. 21. Алушының оқуы, мүгедектің МӘСК-да кезекті куәландырылуы туралы анықтаманы ұсынбауына байланысты зейнетақылар немесе жәрдемақылар төлемі тоқтатылған істер, қолданылып жүрген картотекалардан бөлек "Бақылауда" деген белгісі бар картотекада 6 ай бойына алушының өзі өтінішпен келгенге дейін сақталады. 6 ай өткеннен кейін іс ақырғы төлемнің күні көрсетіле отырып есептен шығарылады, N 2 есеп кәртішкесі жабылып ЗТМО бөлімшесінің мұрағатына тапсырылады. Алушы қайтыс болған немесе басқа да себептермен төлем тоқтатылған жағдайда ЗТМО бөлімшесі істі, алушының есеп кәртішкесін жауып, оларды ЗТМО бөлімшесінің мұрағатына сақтауға жібереді. 22. Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді тоқтату заңнамаға сәйкес жаңартылады. Алушы қайтыс болған немесе төлеуді басқа себептермен тоқтатқан жағдайда ЗТМО алушының ісін, кәртішкесін жауып, оларды ЗТМО бөлімшесінің мұрағатына өткізеді. Мерзімі біткенге дейін сақталған зейнетақы немесе жәрдемақы алушының мұрағаттық істері басқа мемлекеттердің сұратуы бойынша жіберілуі мүмкін. 23. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу оларды алу құқығы тоқтатылған сәтке дейін жүргізіледі. 24. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы немесе жәрдемақы төлеу азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасында тұру рұқсаты негізінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматқа зейнетақы немесе жәрдемақы төлеу оның төлқұжатының күшінде болатын мерзімге жүргізіледі (күші болған мерзімге төлқұжатының немесе куәлігінің көшірмесі немесе тұру рұқсатының мерзімі көрсетілген куәлік ЗТМО бөлімшесіне ұсынылады). Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу алушының тұрғылықты жері бойынша өткен ай үшін жүргізіледі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.05.03 ж. N 92-ө бұйрығымен 25-тармақтың күші жойылды - 25. Азаматтығы жоқ адамдар куәлік алғанша және шетелдік азамат Қазақстан Республикасында тұру рұқсатын алғанша уақытша төлемдер тұратыныжәне келуінің консульдық есебі туралы Елдің елшілігі белгі соққан ішпарақнегізінде жүргізіледі. 26. Басқа мемлекеттердің аумағында уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тоқтатылған зейнетақы немесе жәрдемақы төлемдері олар Қазақстан Республикасына қайтып оралған кезде қайта жаңғыртылады. 27. ЗТМО бөлімшесінің маманы N 2 есеп кәртішкесін жапқан кезде "Зейнетақы, жәрдемақы төлемдерін тоқтатуға" бөлімінде жабылған күні мен себебін, сондай-ақ төлем жүргізілген соңғы айын көрсетіп, тізілім-кітапта белгі соға отырып бір мезгілде жазады. 28. Қызмет көрсетуші банк зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуді аяқтаған соң біріккен салыстыру кесімін жасау үшін зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуге арналған тізім-ведомостың расталған бір данасын және зейнетақы немесе жәрдемақы сомаларын зейнетақы шоттарына есептелген және есептелмеген сомалар мен олардың есептелмеу себептерін көрсете отырып, электронды түрдегі жедел есептеу хаттамасын қайтарады. Бөлімше зейнетақы мен жәрдемақылардың нақты жүргізілген төлемдері туралы электронды түрдегі ақпаратты ЗТМО филиалдарына жібереді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.04.01 ж. N 71-б бұйрығымен 29-тармақ өзгертілді 29. Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу аяқталған соң келесі айдың 5-не дейін қызмет көрсетуші банк пен ЗТМО бөлімшелері арасында төлемдер бойынша өзара есептер жөніндегі салыстыру-кесімі (N 15, 16, (жоқ) қосымшалар) жасалады. ЗТМО аудандық бөлімшелері тоқсанына бір рет ЗТМО облыстық филиалына жіберілетін 1-ПЦЦ есебі жасайды. ЗТМО облыстық филиалында облыс бойынша жинақтама есебі жасалады және республикалық ЗТМО, сондай-ақ облыстық және Астана мен Алматы қалалары бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаменттеріне жіберіледі. 30. Тегі, әкесінің аты мен өзінің аты, қызмет көрсетуші банктегі жеке шотының нөмірі өзгерген жағдайда алушы бұл өзгерістер туралы, тиісінше өзгертуді растайтын құжаттарды қосып, ЗТМО бөлімшесіне өтініш береді. 31. ЗТМО бөлімшесі екі жылда бір рет зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері жөніндегі істер мен есеп кәртішкелер түгендемесін жүргізеді. 32. Алушы қайтыс болған жағдайда жерлеуді жүзеге асырған адамның өтініші, нотариалды немесе ЗТМО бөлімшесінің бастығы растаған өлім туралы куәліктің көшірмесі немесе ЗАГС органының өлімі туралы анықтамасының негізінде жерлеу үшін қайтыс болған сәтте белгіленген 15 айлық есептік көрсеткіш, соғысқа қатысушыға - 35 айлық көрсеткіш мөлшерінде, немесе заңнамада белгіленген өзге мөлшердегі біржолғы жерлеу жәрдемақысы төленеді. ЗТМО бөлімшесі ЗТМО филиалына күн сайын тапсырыс береді. Қайтыс болған адамның толық алынбаған зейнетақы немесе жәрдемақы сомасы оны алуға құқығы бар адамға ресімделеді және мұрагердің реквизиттері көрсетіліп, төлеуге арналған тізім-ведомосына енгізіледі. 33. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға көшіп кеткен алушыларға ЗТМО бөлімшелері кету фактісін (тіркеуден алынғандығын) растаушы құжаттар қоса берілген кету туралы өтінішінің негізінде тіркеуден алынған айдың зейнетақысы мен жәрдемақысын қоса төлейді. Қажет болған жағдайда ЗТМО бөлімшесі N 4в нысандағы қосымшасымен бірге тапсырыс жасайды және оны ЗТМО филиалына жібереді (N 20 қосымша). 34. ЗТМО филиалы республикалық ЗТМО-на N 11 және N 11а нысандары бойынша жерлеу жәрдемақылары төлеміне тапсырыс-қажеттілікті күн сайын және қызмет көрсетуші банк бөлімшелері бойынша кететін алушыларға N 4 нысандағы жиынтық тапсырыс-қажеттілікті (N 21, 22, 23 қосымша) жібереді. 35. Республикалық ЗТМО жерлеуге және көшіп кетуші алушыларға жәрдемақыларды төлеуге арналған қажеттілік тапсырысты ЗТМО филиалдарының тапсырысы негізінде жасап, оны қаржыландыру үшін Министрлікке жібереді. 36. ЗТМО бөлімшесі жерлеуге арналған жәрдемақы алушылардың тізім-ведомосы мен алушылардың көшіп кетуіне байланысты тізім ведомосын тапсырыстарды қаржыландыру туралы хабарламаны алғаннан кейін банкке береді. 37. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушылар бас еркінен айырылған жағдайда оларды ұстау шығындарын өтеу үшін төлемдер Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 209-1 Қылмыстық-орындау Кодексінің 103-бабының 1, 3 тармақтарына сәйкес жүргізіледі. 38. Сотталған алушы өзінің ұстау шығындарын өтеу үшін қандай төлем түрін алғанын көрсетіп, түзеу мекемесінің әкімшілігіне өтініш жасайды. Түзеу мекемесі тиісті ЗТМО бөлімшесіне сотталушының тегін, әкесінің атын, атын, бұрынғы мекен-жайын, сондай-ақ жазасын өтеу мерзімі (соның ішінде мерзімінен бұрын босаған кезде) мен түзу мекемесінің реквизиттерін көрсетіп хат жазады. 39. Түзеу мекемесі орналасқан жердегі ЗТМО бөлімшесі түзеу мекемесінен хабар алған соң, сотталушының бұрынғы тұрғылықты жеріндегі ЗТМО бөлімшесінен сотталушының ісін сұратады. 40. Түзеу мекемесі орналасқан жердегі ЗТМО бөлімшесі істі алғаннан кейін оны есепке алады және зейнетақысын немесе жәрдемақысын түзеу мекемесінің арнаулы шотына аудару үшін реквизиттерін көрсетіп сотталушыны тізім-ведомоске енгізеді. 41. ЗТМО филиалы түзеу мекемесіне аударуға жататын жалпы соманы зейнетақы немесе жәрдемақы төлемдері қажеттілігінің жиынтық кестесіне (N 24-қосымша) енгізеді және оны, көрсетілген соманы белгіленген тәртіппен Қазынашылықтағы арнаулы шотта қаржыландыруды жүргізетін республикалық ЗТМО-на жібереді. 42. Түзеу мекемелерінде ұстап қалулардың барлық түрлеріне қарамастан есептелген зейнетақының немесе жәрдемақының кемінде 25 пайызы сотталғандардың есепшотына есептеледі, ал 60 жастан - асқан еркектерге, 55 жастан асқан - әйелдерге, І және ІІ топтағы мүгедектерге, кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, балалар үйлерінде баласы бар әйелдерге оларға есептелген зейнетақы немесе жәрдемақының кемінде 50 пайызы есептеледі. 43. Қызмет көрсетуші банк зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуді алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде, зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың тізім-ведомосы негізінде жүргізеді. Зейнетақы мен жәрдемақыны қызмет көрсетуші банк арқылы төлеу үшін азаматтың салымдар бойынша шотқа есептеу жолымен алу туралы жазбаша өтініші міндетті шарт болып табылады. 44. ЗТМО бөлімшелері ай сайын зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді аяқтаған соң зейнетақы мен жәрдемақы төлеу қозғалысының есебін жүргізеді (N 25 қосымша). 45. Ағымдағы айдағы алушылардың жалпы саны журналда ЗТМО бастығы мен бас маманның қолымен расталуға тиіс. 46. Асыраушысынан айрылуына байланысты берілетін жәрдемақыны төлеу кезінде N 2 нысандағы кәртішкенің "Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерінің құрамы" бөлімінде отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерінің, мүгедектігі бойынша берілетін болса - 16 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектің тегі, әкесінің аты мен аты және туған жылы көрсетіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |