|
|
|
"Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 сәуірдегі N 497 қаулысы Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 1319 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - "Қазақойл" ҰМК) бірлесіп: 1) бір апта мерзімде 2000 және 2001 жылдары "Қазақойл" ҰМК шоттарына түскен 55 200 000 (елу бес миллион екі жүз мың) АҚШ доллары сомасындағы ақшаны "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі әріптестігі (бұдан әрі - ТШО) мен "Қазақойл" ҰМК арасындағы 1993 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасында сатып алу үшін өтемдер төлеуге қатысты Заем туралы шарт бойынша қарыз пайызын өтеу есебіне республикалық бюджеттің кірісіне жіберілуін қамтамасыз етсін; 2) екі ай мерзімде ТШО, "Қазақойл" ҰМК мен Трансошен Шеврон Компани арасындағы 1993 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасында сатып алу үшін өтемдер төлеуге қатысты Заем туралы шарт және ТШО, "Қазақойл" ҰМК мен Трансошен Шеврон Компани арасындағы 1993 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасындағы ақшалай қаражатты беру туралы сұранысқа ақы төлеуге қатысты Заем туралы шарт бойынша негізгі борыш пен қарыз пайызын өтеу есебіне түсімдерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберу бөлігінде ТШО-ны құру және оның қызметіне қатысты шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде шаралар қабылдасын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |