|
|
|
Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi тарату ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 55 қаулысы Осы редакция ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 9 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Сақтандыру қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi тарату ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 2. Банктердi тарату iсiн бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.) және Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi тарату ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын. 3. Банктердi тарату ісін бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.) осы қаулы және Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi тарату ережесi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күннiң iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына жiберсiн. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің аумақтық филиалдары Банктердi тарату ісін бақылау басқармасынан осы қаулыны және Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi тарату ережесiн алған күннен бастап төрт күннен аспайтын мерзiмде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары К.А. Колпаковқа жүктелсiн. Ұлттық Банк Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |