|
|
|
Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 92 қаулысы Осы редакция ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 198 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесi бекiтiлсiн, ол және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлерiне жiберсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн. Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 92 қаулыcымен бекітiлген Сақтандыру брокерінің қызметiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесi Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |