|
|
|
Қазақстан Республикасы Iшкiісминiнiң органдарында, ұйымдарында азаматтардың өтiнiштерiн қарау және оларды қабылдауды ұйымдастыру тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 626 бұйрығы Осы редакция 2004 ж. 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Азаматтардың ұсыныстарын қараудың тәртiбi туралы" 1995 жылғы 19-шы маусымдағы N 2340 Жарлығына, "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27-шi қарашадағы N 107-II-ҚРЗ Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы IIМ-нiң органдарында, ұйымдарында азаматтардың өтiнiштерi мен жұмыс iстеудi жетiлдiру және оларды қабылдауды ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Iшкіісминi органдарында, ұйымдарында, мекемелерi мен кәсiпорындарында азаматтардың өтiнiштерiн қараудың және оларды қабылдауды ұйымдастырудың тәртiбi туралы Нұсқаулық бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы IIМ Департаменттерi, ҚАЖ Комитет төрағасы, дербес басқармаларының бастықтары, iшкi әскерлер құрамалары мен бөлiмдерiнiң командирлерi, Астана қ. IIБ, Алматы қ. IIББ, облыстық IIББ мен IIБ және КIIББ, қалалық, аудандық желiлiк iшкi iстер органдарының және оқу орындарының бастықтары, Қазақстан Республикасы IIМ мекемелерiнiң және кәсiпорындарының басшылары: 1) бүкiл жедел-басшылық құрамының, хатшылық (кеңсе) қызметкерлерiнiң және хаттарды қараумен, азаматтарды қабылдаумен айналысатын қызметкерлердiң Нұсқаулықты оқып үйренуiн ұйымдастырсын. Нұсқаулықта көрсетiлген талаптардың сөзсiз орындалуын қамтамасыз етсiн; 2) азаматтардың өтiнiштермен жұмыс iстеудi және оларды қабылдауды одан әрi жақсартуға қажеттi шаралар белгiленсiн; 3) тоқсан сайын, тоқсаннан кейiнгi айдың 5-шi күнiне дейiн Қазақстан Республикасы IIМ Хатшылық-басқармасына аталған мәселе бойынша жұмыс жағдайы туралы есеп беретiн болсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |