|
|
|
Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қаңтардағы N 41 қаулысы (ҚР Үкіметінің 22.05.02 ж. N 550; 30.07.02 ж. N 854 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 24 қаңтардағы N 91 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне (бұдан әрi - мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi) еңбекақы төлеу жүйесi уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi болып табылады, деп белгiленсiн. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi: Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi лауазымдарының тiзiлiмi; мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер; қосымша ақылар, үстемеақылар мен өтемақылар негiзiнде еңбекақы төлеудi қамтиды. 2. Мыналар: Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiнiң санаттар бойынша лауазымдар тiзiлiмi 1-қосымшаға сәйкес; мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары 2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22-қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн. 3. Мыналар: 1) мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қоры лауазымдық жалақылардан (ставкалардан); еңбек жағдайы үшiн қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылардан; Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен көзделген өтемақылардан белгiленедi; 2) мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары (ставкалары) олардың лауазымдарының лауазымдар санаттарының қай топтарына жататындығына және мамандығы бойынша жұмыс стажына, тағайындалған бiлiктiлiк разрядтарына (мемлекеттiк мекемелер жұмысшылары үшiн) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн бекiтiлген тиiстi коэффициенттердi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен базалық лауазымдық жалақының мөлшерiне көбейту жолымен белгiленедi; 3) еңбек жағдайы үшiн қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылар әрбiр жағдайда коэффициентке сәйкес есептелген лауазымдық жалақыға (ставкаға) немесе базалық лауазымдық жалақыға қарай есептеледi; заңнамалық кесiмдерде белгiленген қосымша ақылардың жекелеген түрлерi ең төменгi айлық жалақы мөлшерiне қарай есептеледi; 4) өтемақылардың мөлшерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес белгiленедi; 5) осы қаулыда мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi үшiн белгiленген лауазымдық жалақылардың (ставкалардың), еңбек жағдайы үшiн қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшерi тиiстi лауазымда iстейтiн және тиiстi мамандық бойынша жұмысты орындайтын қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне де қолданылады, деп айқындалсын. 4. Мыналар: 1) мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiне арналған еңбек жағдайы үшiн осы қаулыда белгiленген шекте қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшерi заңнамаға сәйкес салалық келiсiмде, ұжымдық шартта белгiленедi; 2) бiлiм беру денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерiнiң қызметкерлерiне арналып белгiленген еңбек жағдайы үшін қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылар, басқа қызмет салаларында тиiстi лауазымдарда iстейтiн және мамандығы бойынша жұмысты орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне де қолданылады; 3) мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң осы еңбекақы төлеу жүйесiнде көзделген қосымша ақылар мен үстемеақыларды қоса алғандағы жалақысы, бұрын сол лауазымда iстеп жүрген кезеңдегi қосымша ақылар мен үстемеақыларды қоса алғандағы жалақысынан кем болып шыққан жағдайда және олардың тап сол лауазымда жұмыс iстеп жүрген жағдайында, оларға жалақысындағы айырма төленедi; 4) мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын (қызмет саласының ерекшелiктерiн ескере отырып) есептеудiң тәртiбi мен шарттарын орталық атқарушы және тиiстi қызмет салаларындағы өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) белгiлейдi, деп белгiленсiн. 5. Мемлекеттiк мекемелер басшыларына: Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде көрсетiлген лауазымдар атауларына олардың қызметiнiң ерекшелiгiн сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдану, сондай-ақ функционалдық мiндеттерiн ескере отырып, өзге де лауазымдар атауларын теңестiру құқығы; қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын өз бетiнше белгiлеу смета бойынша тиiстi мемлекеттiк мекеменi ұстауға арналған қаражатты үнемдеу есебiнен салалық келiсiмде, ұжымдық шартта белгiленген тәртiппен сыйақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берiлсiн. 6. Орталық, жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) мемлекеттiк органдар болып саналмайтын мемлекеттiк мекемелердiң еңбекақы төлеу, құрылымдары мен штаттық кестелерi мәселелерi жөнiнде бұрын қабылдаған кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде қажеттi шараларды қабылдасын. 7. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн. 8. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 9. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына 1-қосымша ҚР Үкіметінің 22.05.02 ж. N 550 қаулысымен 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді Мемлекеттiк мекемелер қызметшiлері болып табылмайтын қызметкерлер лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмi F санатының тобы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясы Абай атындағы Мемлекеттiк академиялық опера және балет театры К.Байсейiтова атындағы ұлттық опера және балет театры Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы F-1 Мемлекеттiк мекеме басшысы F-2 Академик хатшы Мемлекеттiк мекеме басшысының бiрiншi орынбасары F-3 Бас ғылыми қызметкер Бас ғалым хатшы Мемлекеттiк мекеме басшысының орынбасары Институт (факультет), зертхана, қызмет басшысы F-4 Бас сарапшы Институт (факультет), зертхана, қызмет басшысы орынбасары Кафедра; кабинет жетекшiсi Кеңесшi Ғалым хатшы Көркемдiк жетекшi F-5 Ғылыми жетекшi қызметкер Жетекшi сарапшы Профессор бөлiмше, зертхана, қызмет жетекшiсi F-6 Бас: әкiмшi, балетмейстер, дирижер, инженер, редактор, режиссер, хормейстер, сақтаушы, суретшi, экономист Доцент Баспасөз хатшысы Топтың, орталықтың басшысы Аға ғылыми қызметкер Аға: оқытушы, сарапшы F-7 Ғылыми қызметкер Мемлекеттік мекеме басшысының көмекшiсi Оқытушы Бөлiмше (бөлiм) секторының жетекшiсi Аға консультант Сарапшы F-8 Ассистент Консультант Кiшi ғылыми қызметкер Мемлекеттiк мекеме құрамындағы: мұрағаттың, мұрағат қоймасының, кiтапхананың, мұражайдың, труппаның, бөлiмнiң (көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық), цехтың меңгерушiсi F-9 Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғарғы санаттағы маман: аккомпаниатор, актер, әртiс, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, дирижер, дыбыс режиссерi, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мастер, менеджер, әдiстемешi, аудармашы, психолог, редактор, режиссер, референт, солист, социолог, хормейстер, суретшi, экономист, экскурсовод, заңгер консультант F-10 Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi, бiрiншi санаттағы маман; аккомпаниатор, актер, әртiс, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, дирижер, дыбыс режиссерi, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мастер, менеджер, әдiстемешi, аудармашы, психолог, редактор, режиссер, референт, жеке орындаушы, социолог, хормейстер, суретшi, экономист, экскурсовод, заңгер консультант F-11 Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санаттағы маман: аккомпаниатор, актер, әртiс, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, дирижер, дыбыс режиссерi, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мастер, менеджер, әдiстемешi, аудармашы, психолог, редактор, режиссер, референт, жеке орындаушы, социолог, хормейстер, суретшi, экономист, экскурсовод, заңгер консультант Бiлiктілiгi орташа деңгейдегi жоғарғы санаттағы аға маман: аккомпаниатор, актер, әртiс, мұрағатшы, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, экономист, экскурсовод, заңгер консультант F-12 Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ маман: аккомпаниатор, актер, әртiс, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, дирижер, дыбыс режиссерi, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мастер, менеджер, әдiстемешi, аудармашы, психолог, редактор, режиссер, референт, жеке орындаушы, социолог, хормейстер, суретшi, экономист, экскурсовод, заңгер консультант Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi бiрiншi санаттағы аға маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, экономист, экскурсовод, заңгер консультант F-13 Бiлiктiлiгі орташа деңгейдегi екiншi санаттағы аға маман: аккомпаниатор, актер, әртiс, мұрағатшы, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, экономист, экскурсовод, заңгер консультант Білiктiлiгi орташа деңгейдегi жоғары санаттағы маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, маман ассистентi (көмекшiсi), кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, барлық атаудағы техниктер, экономист, экскурсовод, заңгер консультант F-14 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi санаты жоқ аға маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, экономист, экскурсовод, заңгер консультант Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi бiрiншi санаттағы маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, маман ассистентi (көмекшiсi), кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, барлық атаудағы техниктер, экономист, экскурсовод, заңгер консультант F-15 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi екiншi санаттағы маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, маман ассистентi (көмекшiсi), кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, барлық атаудағы техниктер, экономист, экскурсовод, заңгер консультант F-16 Бiлiктiлігі орташа деңгейдегi санаты жоқ маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, маман ассистентi (көмекшiсi), кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, барлық атаудағы техниктер, экономист, экскурсовод, заңгер консультант Мемлекеттiк мекемедегi әкiмшiлiк-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлiмшелердiң жетекшiлерi: қойма, кеңсе, жатақхана, шаруашылық, бюро (анықтама, машиналық жазба, ақпараттық, көшiрмелiк-көбейткiш), фотозертхана, фильмотека, фонотека, видеотека, гараж, учаске ауысым, бөлiм F-17 Техникалық орындаушылар: мұрағатшы, кезекшi әкiмшi, рұқсаттама бюросының кезекшiсi, іс жүргiзушi, диктор, диспетчер, нұсқаушы, калькулятор, кассир, кодировщик, кодификатор, комендант, көшiргiш; шетел мәтінімен, диктофондық, топтармен, редакциямен, жұмыс iстеушi машинистка, бюро-стенографистка, әкiмшi, дыбыс жабдықтарына, хабар беру техникасына, теледидар жабдықтарына қызмет көрсету жөнiндегi, кассалық, дизельдiк механик; бақылаушы, байланыс жүйесi, қауiпсiздiк қызметi, бейне жазба, дыбыс жазба, телетайп, телефакс, телекс, радио, компьютерлiк техника (бағдарламалар) электрондық есептеу машинасы, компьютерлiк құрылғыларға қызмет көрсету жөнiндегi, диспетчерлiк қызмет операторы; тіркеушi, стенографист-хатшы, статистик, стенографист, экспонат сақтаушы, сызушы G санатының тобы Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ведомстволық қарамағындағы мемлекеттiк мекемелер G-1 Басшы: жоғары оқу орнының (ЖОО), ғылыми-зерттеу институтының (ҒЗИ), орталықтың (ұлттық ғылыми-практикалық, сот сараптамалық) G-2 Академик хатшы Басшысының орынбасары: ЖОО-ның, ҒЗИ-дың (ұлттық ғылыми-практикалық, сот сараптамалық) орталықтың Бiлiктiлiктi арттыру институтының басшысы G-3 Бас ғалым хатшы Бас ғылыми қызметкер Бiлiктiлiктi арттыру институты басшысының орынбасары Мәдениет және мұрағат iсi мемлекеттiк мекеменiң басшысы Орталық (ақпараттық-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдiстемелiк, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндiрiстiк және т.б) жетекшiлерi Басшы: институт (факультет), зертхана, жасақ қызмет орынбасары G-4 Бас сарапшы Орталық (ақпарат-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдiстеме, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндiрiстiк және т.б.) жетекшiсiнің орынбасары Институт (факультет), зертхана, жасақ қызмет жетекшiсiнiң орынбасары Мемлекеттiк мекеме басшысы (мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекемеден басқа) Кафедра, кабинет жетекшiсi Кеңесшi Ғалым хатшы Көркемдiк жетекшi G-5 Жетекшi ғылыми қызметкер Жетекшi сарапшы Мемлекеттiк мекеме басшысының орынбасары (мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекемеден басқа) Профессор Бөлiмше басшысы: зертхана, жасақ, қызмет G-6 Бас: агроном, әкiмшi, балетмейстер, дирижер, инженер, орманшы, аң маманы, редактор, режиссер, балық маманы, құтқарушы, жаттықтырушы, хормейстер, сақтаушы, суретшi, экономист Доцент Баспасөз хатшысы Мемлекеттiк мекеме бөлiмшесiнiң жетекшiсi Топтың, консультацияның жетекшiсi Аға ғылыми қызметкер Аға: оқытушы, сарапшы G-7 Ғылыми қызметкер ЖОО-ның, ҒЗИ-дың, ұлттық ғылыми-практикалық орталық басшысының көмекшiсi Оқытушы Мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекеме басшысы Бөлiмше (бөлiм) секторының жетекшiсi Аға: консультант, жаттықтырушы Сарапшы G-8 Ассистент Кеңесшi Кiшi ғылыми қызметкер Мемлекеттiк мекеме құрамындағы: дәрiхананың, мұрағаттардың, мұрағат қоймасының, базаның, монша-кiр жуу комбинатының, кiтапхананың, интернаттың, шеберхананың, мұражайдың, өндiрiстiң, қоймалардың, арнайы медициналық жабдықтаудың, спорттық құрылыстардың, асханалардың, труппаның (көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық) бөлiмнiң, цехтың меңгерушiсi Бiлiктiлiгі жоғары деңгейдегi жоғары санаттағы маман: барлық мамандықтағы мұғалiмдер мен дәрiгерлер G-9 Бiлiктiлігі жоғары деңгейдегi бiрiншi санаттағы маман: барлық мамандықтағы мұғалiмдер мен дәрiгерлер Бiлiктілігі жоғары деңгейдегi жоғарғы санаттағы маман: агроном, аккомпаниатор, актер, әртiс, археограф, мұрағатшы, сәулетшi, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, мал дәрiгерi, жетекшi, тәрбиешi, дирижер, дыбыс режиссерi, зоотехник, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, конструктор, концертмейстер, зертханашы, орманшы, мастер, медициналық бике, менеджер, әдiстемешi, музыкалық жетекшi, аң маманы, палеограф, аудармашы, провизор, жұмыс жасаушы, психолог, редактор, режиссер, референт, балық маманы, жеке орындаушы, социолог, құтқарушы, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, статистик, технолог, жаттықтырушы, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, суретшi, экономист, экскурсовод, электроншы, заңгер консультант G-10 Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санаттағы маман: барлық мамандықтағы мұғалiмдер және дәрiгерлер Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санаттағы маман: агроном, аккомпаниатор, археограф, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, мал дәрiгерi, жетекшi, тәрбиешi, дирижер, дыбыс режиссерi, зоотехник, барлық мамандағы инженер, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, конструктор, концертмейстер, зертханашы, орманшы, мастер, медициналық бике, менеджер, әдiстемешi, музыка жетекшiсi, аң маманы, палеограф, аудармашы, провизор, жұмысты орындаушы, психолог, редактор, режиссер, референт, балық маманы, солист, социолог, құтқарушы, әлеуметтiк жұмыс жөніндегi маман, статистик, технолог, жаттықтырушы, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, экономист, экскурсовод, электроншы, заңгер консультант G-11 Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ маман: барлық мамандықтағы мұғалiмдер мен дәрiгерлер Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санаттағы маман: агроном, аккомпаниатор, актер, әртiс, археограф, мұрағатшы, сәулетшi, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, мал дәрiгерi, жетекшi, тәрбиешi, дирижер, дыбыс режиссерi, зоотехник, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, конструктор, концертмейстер, зертханашы, орманшы, мастер, медициналық бике, менеджер, әдiстемешi, музыкалық жетекшi, палеограф, аудармашы, провизор, жұмыс орындаушы, психолог, редактор, режиссер, референт, балық маманы, жеке орындаушы, социолог, құтқарушы, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, статистик, технолог, жаттықтырушы, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, суретшi, экономист, экскурсовод, электроншы, заңгер консультант Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi жоғарғы санаттағы аға маман: агроном, аккомпаниатор, акушерка, әртiс, мұрағатшы, кiтапханашы, бухгалтер, мал дәрiгер фельдшерi, жетекшi, тәрбиешi, диеталық бике, зоотехник, тiс технигi, инспектор, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, мастер, медициналық бике, менеджер, механик, музыкалық жетекшi, оптикометрист, оптик-офтальмолог, программист, рентген зертханашысы, әлеуметтiк жұмыстар бойынша маман, статистик, технолог, фармацевт, фельдшер, мұражай қорын сақтаушы, экономист-бухгалтер, экскурсовод, электроншы, энергетик, заңгер кеңесшiсi Бiліктiлiгi орташа деңгейдегi жоғары санаттағы аға маман: барлық мамандықтағы мұғалiмдер, медбикелiк iс бакалаврлары, тiс дәрiгерi G-12 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi санаты жоқ маман: агроном, аккомпаниатор, актер, әртiс, археограф, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, мал дәрiгерi, жетекшi, тәрбиешi, дирижер, дыбыс режиссерi, зоотехник, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, конструктор, концертмейстер, зертханашы, орманшы, мастер, медициналық бике, менеджер, әдiстемешi, музыкалық жетекшi, психолог, редактор, режиссер, референт, балық маманы, жеке орындаушы, социолог, құтқарушы, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, статистик, технолог, жаттықтырушы, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, суретшi, экономист, экскурсовод, электроншы, заңгер консультант Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi бiрiншi санаттағы аға маман: агроном, аккомпаниатор, акушерка, әртiс, мұрағатшы, кiтапханашы, бухгалтер, мал дәрiгер фельдшерi, жетекшi, тәрбиешi, диеталық бике, зоотехник, тiс технигi, инспектор, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, мастер, медициналық бике, менеджер, механик, музыкалық жетекшi, оптикометрист, оптик-офтальмолог, программист, ренген зертханашысы, әлеуметтік жұмыстар жөнiндегi маман, сақтаушы, экономист-бухгалтер, экскурсовод, электроник, энергетик, заңгер консультант Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi жоғарғы санаттағы маман: акушерка, ассистент, маман көмекшiсi, тәрбиешi, диеталық бике, тiс технигi, мастер, медициналық бике, медициналық статистик, ренген зертханашысы әлеуметтiк жұмыстар бойынша маман, фармацевт, фельдшер G-13 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi екiншi санаттағы аға маман: агроном, аккомпаниатор, акушерка, әртiс, мұрағатшы, кiтапханашы, бухгалтер, мал фельдшерi, жетекшi, тәрбиешi, диеталық бике, зоотехник, тiс технигi, инспектор, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, мастер, медициналық бике, менеджер, механик, музыкалық жетекшi, оптикометрист, оптик-офтольмолог, программист, рентген зертханашысы, әлеуметтiк жұмыстар жөніндегi маман, статистик, технолог, фармацевт, фельдшер, мұражай қорын сақтаушы, экономист, экскурсовод, электроншы, энергетик, заңгер консультант Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi екiншi санаттағы маман: барлық мамандықтағы мұғалiмдер, медбикелiк iс бакалаврлары, тiс дәрiгерi Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi жоғары санаттағы маман: агроном, аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, мал фельдшерi, жетекшi, зоотехник, инспектор, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы зертханашы, менеджер, әдiстемешi, механик, музыкалық жетекшi, оптикометрист, аудармашы, программист, жобалаушы, редактор, үйiрме жетекшiсi, статистик, барлық атаудағы техниктер, технолог, жаттықтырушы, мұражай қорын сақтаушы, суретшi, экономист, экскурсовод, электроншы, заңгер консультант Бiлiктiлігі орташа деңгейдегi бiрiншi санаттағы маман: акушерка, ассистент, маман көмекшiсi, тәрбиешi, диеталық бике, тiс технигi, мастер, медициналық бике, медициналық статистик, рентген зертханашысы, әлеуметтiк жұмыстар жөніндегі маман фармацевт, фельдшер G-14 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi санаты жоқ аға маман: агроном, аккомпаниатор, акушерка, әртiс, мұрағатшы, кiтапханашы, бухгалтер, мал фельдшерi, жетекшi, тәрбиешi, диеталық бике, зоотехник, тiс технигi, инспектор, нұсқаушы мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, мастер, медициналық бике, менеджер, механик, музыкалық жетекшi, оптикометрист, оптик-офтальмолог, программист, рентген-зертханашысы, әлеуметтiк жұмыстар жөнiндегi маман, статистик, технолог, фармацевт, фельдшер, мұражай қорын сақтаушы, экономист-бухгалтер, экскурсовод, электроншы, энергетик, заңгер консультант Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi бiрiншi санаттағы маман: агроном, аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, мал фельдшерi, жетекшi, зоотехник, инспектор, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, менеджер, әдiстемешi, механик, музыкалық жетекшi, оптикометрист, аудармашы, программист, жобалаушы, редактор, үйірме басшысы, статистик, барлық атаудағы техниктер, технолог, жаттықтырушы, мұражайдағы қордың сақтаушысы, суретшi, экономист, экскурсовод, электроншы, заңгер консультант Бiлiктiлігi орташа деңгейдегi санаты жоқ маман: барлық мамандықтағы мұғалiмдер, медбикелiк іс бакалаврлары, тiс дәрiгерi Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi екiншi санаттағы маман: акушерка, ассистент, маман көмекшiсi, тәрбиешi, диеталық бике, тiс технигi, мастер, медициналық бике, медициналық статистик, рентген зертханашысы, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, фармацевт, фельдшер G-15 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi екiншi санаттағы маман: агроном, аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, мал фельдшерi, жетекшi, зоотехник, инспектор, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, менеджер, әдiстемешi, механик, музыкалық жетекшi, оптикометрист, аудармашы, программист, жобалаушы, редактор, үйiрме жетекшiсi, статистик, барлық атаудағы техниктер, технолог, жаттықтырушы, мұражай қорын сақтаушы суретшi, экономист, экскурсовод, электроншы, заңгер консультант Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi санаты жоқ маман: акушерка, ассистент маман көмекшiсi, тәрбиешi, диеталық бике, тiс технигi, мастер, медициналық бике, медициналық статистик, рентген зертханашысы, әлеуметтiк жұмыстар жөнiндегi маман, фармацевт, фельдшер G-16 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi санаты жоқ маман: агроном, аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, мал фельдшерi, жетекшi, зоотехник, инспектор, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, менеджер, әдiстемешi, механик, музыкалық жетекшi, оптикометрист, аудармашы программист, жобалаушы, редактор, үйiрме жетекшiсi, статистик, барлық атаудағы техниктер, технолог, жаттықтырушы, мұражай қорын сақтаушы, суретшi, экономист, экскурсовод, электроншы, заңгер консультант Мемлекеттiк мекемеде әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтерiн көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлiмшенің жетекшiсi: бюро (анықтама, машина жазба, ақпараттық, көшiрме-көбейткiш), моншаның, виварийдiң, видеотеканың, гараждың, сақтау камерасының, кеңсенiң, ат ауласының, киiм бөлмесiнiң, қазандықтың, сүт кухнясының, жатақхананың, кiр жуатын бөлменiң, прокат пунктiнiң, қойманың, ауысымның, стансаның, торабының, учаскенiң, фильмотеканың, фонотеканың, фотозертхананың, бөлiмнің, экспедицияның G-17 Техникалық орындаушылар: мұрағатшы, ассистент, кезекшi әкiмшi, рұқсаттама бюросының кезекшiсi, іс жүргiзушi, диктор, диспетчер, инкассатор, калькулятор, кассир, кодировщик, кодификатор, комендант; билет тексерушi, көшiргiш; шетел мәтiнiмен, диктофондық топтармен, редакциямен жұмыс істеушi машинистка, бюро; стенографистка, әкiмшi, дыбыс жабдықтарына, хабар беру техникасына, теледидар жабдықтарына қызмет көрсету жөнiндегi, кассалық дизельдiк жабдықтарына қызмет көрсету жөнiндегi механик; бақылаушы, мұражай байқаушысы, нарядшы, байланыс жүйесi, қауiпсiздiк қызметi, бейне жазба, дыбыс жазба, телетайп, телефакс, телекс, радио, компьютерлiк техника (бағдарламалар) электрондық есептеу машиналарының, компьютерлiк құрылғыларға қызмет көрсету жөнiндегі, диспетчерлiк қызмет операторы; паспортшы, медициналық бикенiң, тәрбиешiнiң көмекшiсi, тiркеушi, хатшы-машинист, хатшы-стенографист, статистик, стенографист, суфлер, табельшi, есепшi, экспонат сақтаушы, сызушы Ескерту. Мемлекеттік мекемедегi бас бухгалтердiң лауазымы, денсаулық сақтау мекемесiндегi медициналық бике iсi жөнiндегi жетекшi орынбасары лауазымы, мемлекеттiк мекемедегi әкiмшiлiк-шаруашылық қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi басшы орынбасарының лауазымы мемлекеттiк мекеме басшысының орынбасары лауазымынан бiр санаты төмен болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына 2-қосымша Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын есептеуге арналған коэффициенттер
Ескерту. "Авариялық құтқару қызметтері және құтқарушылардың
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |