|
|
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінің ең аз мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 3 маусымдағы N 210 қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.11.02 ж. N 450 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР ҰБ Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 432 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 5) тармақшасына сәйкес және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.11.02 ж. N 450 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды 1. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін сақтандыру резервтерінің мынадай ең аз мөлшері белгіленсін: 1) ерікті түрде сақтандырудың сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша - сақтандыру резервтерін есептеу күніне дейін соңғы он екі ай ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасының қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша кемінде 60 проценті; 2) міндетті сақтандырудың сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша - сақтандыру резервтерін есептеу күніне дейін соңғы он екі ай ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасының қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша кемінде 75 проценті. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап алпыс күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді. 3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, актуарийлер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін. Ұлттық Банк
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |