|
|
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Шетелдік эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 205 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған облигацияларын және халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу тәртібі туралы" 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 93 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 393 қаулысы Осы редакция ҚР ҚҚА Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының эмиссиялық бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жетілдіру және бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Шетелдік эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 205 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу ережесінде: 1-тараудың: 6-тармағында: 1) тармақтағы "жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген" деген сөздер "ипотекалық болып табылған" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшаның екінші абзацындағы "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес" деген сөздер "ВВ-"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва3"-ден төмен емес" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген Ереженің 1-қосымшасында: 1-тараудың 6-тармағы "басқа елдердегі" деген сөздерден кейін "(егер осы бағалы қағаздар басқа елдердің қор биржаларының сауда алаңдарында айналыста болса)" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тараудың 4-тармағының 2) тармақшасындағы "мөлшері," деген сөз алынып тасталсын. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізіледі. 3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған облигацияларын және халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу тәртібі туралы" 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 93 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне жіберсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін. Ұлттық Банк
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |