|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметiнiң мәселелерi бойынша толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 қарашадағы N 1258 қаулысы (ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. N 356 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2005 ж. 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi" туралы 2002 жылғы 17 мамырдағы N 872 Жарлығына сәйкес келмеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. N 356 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 21-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметi"; реттiк нөмiрi 33-жол алынып тасталсын; 2) "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 қыркүйектегi N 1396 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 44, 409-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегі қызметiн лицензиялау туралы ережеде: 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) "Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 шiлдедегi N 1014 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 28, 355-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамытудың тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегі 2001 - 2003 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарында: "Жергiлiктi капиталды мейлiнше молынан шоғырландыру" деген 1-бөлiмде: реттiк нөмiрi 1.5-жолдың "Орындауға жауаптылар" деген 3-бағанындағы "ЕХӘҚМ, Ұлттық Банк (келiсiм бойынша)" деген сөздер "Ұлттық Банк (келiсiм бойынша), ЕХӘҚМ" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |