|
|
|
"Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына түсініктеме "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Елбасының Қазақстан кәсіпкерлерінің 10-форумында берілген тапсырмасын орындау мақсатында қабылданды. Осы қаулығы сәйкес, орталық және атқарушы органдар тарапынан 2003 жылғы 1 қаңтар - 1 қазан аралығында шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жүргізілмейді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүддесін сақтау, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға мынадай тексеріс түрлерін жүргізуге рұқсат етіледі. 1) салық төлеушінің өтініші негіз болатын салық тексерістері, ыңғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулер. Мұндай тексерістер салық төлеушінің өз мүддесіне сай, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің ұйымын қайта құру және тарату, қосымша құн жөніндегі салықты есептен алу немесе артық төленген патент құнын қайтару туралы оның өтініші бойынша жүзеге асырылады; 2) қылмыстық әрекеттер мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексеріс. Осы тексерісті алып тастамау себебі шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий енгізуде әр түрлі құқық бұзушылықты жасау үшін жол бермеу керектігімен түсіндіріледі; 3) конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексеріс. Мұндай тексеріс еліміздің Негізгі Заңы кепілдік беретін, конституциялық құрылысты сақтау, адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзушылыққа жол бермеу мақсатында енгізілді; 4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық хал-жағдайы туралы заңнама нормаларын бұзуға бағытталған іс-әрекеттердің алдын алу үшін жүргізілетін тексеріс. Аталмыш шектеу санитарлық нормаларды сақтау қажеттігінен, көптеген шағын кәсіпкерлер халыққа қызмет көрсету саласында еңбек етеді, дайын азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмек құралдарын таратумен айналысады, мұндай жұмыс түрімен шұғылдану адамның денсаулығына зиян әкелмеуі керек. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай туғызады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |