|
|
|
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2003 ж. 4 мамырдағы N 81 бұйрығы Осы редакция ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 343 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқаруды ұйымдастыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығын шектеу түрінде жазаны атқаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстар және Астана қаласы бойынша басқармаларының бастықтары қылмыстық-атқару инспекцияларының жеке құрамының осы Нұсқаулықты зерделеуін және орындауын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Төрағасы П.Н.Посмаковқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр "Келісілді"
әділет кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 4 мамырдағы N 81 бұйрығымен бекітілген Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы қағидалар 1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Қылмыстық,Қылмыстық-атқару кодекстеріне және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындаудың тәртібі мен шарттарын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді. 2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау заңды күшіне енген сот үкіміне (қаулысына, ұйғарымына) сәйкес жүргізіледі. 3. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындайтын қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қатаң сақтауға негізделеді. Инспекциялардың лауазымды адамдары бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау кезінде заңдылықты қамтамасыз етуде жауаптылық көтереді. 4. Инспекциялар бас бостандығын шектеуге сотталғандардың жеке есебін жүргізеді, олармен алдын-алу жұмыстарын жүргізеді, тоқсан сайын сот және аумақтық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі басқармасының орындауға түскен үкімдері (қаулылары, ұйғарымдары) бойынша тексеруді жүзеге асырады. 5. Жеке есеп құжаттары мыналар болып табылады: сотталғанның жеке ісі, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өткеріп жатқан адамдар есебінің журналы, ұяшықтары бар есеп картотекасы. Картотеканың мынадай бөлімдері болады: 1) бас бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген адамдар; 2) жазасын өтеуден себепсіз бас тартқан адамдар; 3) оларға қатысты бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін жеке істері сотқа жіберілген адамдар; 4) әкімшілік қамауда отырған адамдар; 5) олардың қайталап қылмыс жасауларына байланысты жолын кесу шарасы ретінде күзетуде отырған адамдар; 6) оларға қатысты жеке істерін алғаны туралы растама түспеген осы Инспекция қызмет көрсететін қатысты аумақ шегінен тыс кеткен адамдар; 7) сот ресми іздеу салған адамдар. 6. Сотталғанның жеке ісі 2 бөлімнен тұрады: 1-бөлімде есепке тұрғызу үшін негіз болатын материалдар тігіледі, 2-бөлімде мінезделетін материалдар болады. Істің бірінші бөлімінде тексерушінің істі зерделеу жөніндегі белгісі үшін жеке парақ тігіледі. Жеке істің сақталуына қылмыстық-атқару инспекциялары қызметкерлерінің жеке басы жауаптылық көтереді. 7. Сот үкімінің жазаны орындауының, оның орындалуына қайшы келетін құжат көшірмелеріндегі түсініксіздерді, қателерді тапқан жағдайда Инспекция сәйкестендірілген сотқа белгіленген заңнама тәртібінде соттан келген материалдардан оларды жою туралы ұсыныс енгізеді. Егер мәселені сот шешпесе, Инспекция прокуратураға үкімді қайта қарау туралы хабар жібереді. 2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқару тәртібі 8. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар жазаны тұрғылықты жері бойынша оларға қылмыстық-атқару инспекцияларының қадағалауды жүзеге асыруы жағдайында өтейді. 9. Бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны белгілейтін сот үкімі (қаулысы) Инспекцияға түскен күннен бастап орындауы атқарылады. 10. Бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны атқару үшін негіздеменің барлығын растайтын құжат: соттың заңды күшіне енгені туралы анықтамасы бар үкімінің көшірмесі немесе бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығынан шектеу түріндегі жазамен ауыстыру соттың қаулысы болып табылады. Басқа жағдайларда сот үкімінің көшірмесіне кассациялық немесе қадағалау инстанциясы қаулысының көшірмесі салынады. 11. Соттан түскен үкім (бекітулер, қаулылар) көшірмесі сол күні кіріс құжаттарының журналына тіркеледі. Осы тәртіпте басқа Инспекциядан, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен түскен материалдар тіркеледі. 12. Материалдар сотталғандарды есепке алу журналында тіркеледі (1-қосымша) және бір мезгілде сотталғанға жеке іс (2-қосымша), тіркеу парағы ("Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалауды орындау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 151 бұйрығына32-қосымша мемлекеттік тіркеу N 1715, бұдан әрі - Бұйрық), күзет картотекасы ашылады (Бұйрыққа 6-қосымша), алфавиттік есеп картотекасы (Ф-1) ашылады, олар аумақтық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі басқармасына жіберіледі және деректер есеп картотекасына енгізіледі. Сотталғанның жеке ісінде: үкімнің көшірмесі (тиісті жағдайларда қаулының, ұйғарымның көшірмелері), сотқа, әскери комиссариатқа, хабарлама, қолхат, учаскелік полиция инспекторына хабарламаның көшірмесі, күзет картотекасының көшірмесі, мерзімдік-бақылау картотекасы (Бұйрыққа 7-қосымша), анықтама - пікірлесу, ескерту, жаза салу немесе марапаттау іс шаралары жөніндегі материалдар, ұйымның жұмысқа қабылдау туралы бұйрығының көшірмесі, сауалнама және жазаны өтеп жатқан адамға қатысты барлық материалдар сақталады. Жеке істегі материалдар тігіліп, нөмірленіп және тізімдемеге енгізілуі тиіс. 13. Күзет картотекасы есепке қою күнінде көші-қон қызметіне беріледі. 14. Түзеу мекемесі сотталғанды есепке қойған күні үкімді (ұйғарымды, қаулыны) жіберген сотқа орындауға сот шешімін қабылдау туралы (Бұйрыққа 9-қосымша) хабарлама жібереді. 15. Тиісті әскерикоматқа әскери қызметке шақырылатын адамдардың есепке алынуы туралы (Бұйрыққа 10-қосымша) хабарлама жіберіледі. 16. Сотталғанды есепке қойғанда Инспекция алдын-алу іс шараларын жүргізу және тұрғын жері бойынша сотталғанның тәртібіне бақылау жасау үшін ішкі істер қала, аудан органының бастығына (Бұйрыққа 8-қосымша) хабарлама жібереді. 17. Кәмелетке толмаған сотталғанға қатысты Инспекция ішкі істер қала, аудан органының бастығына хабарлама жіберді және сотталған тарапынан қайталанған құқық бұзушылықты ескерту бойынша бірлескен алдын-алу іс-шараларын жүргізу үшін кәмелетке толмағандардың ісі бойынша бөлімшелерді хабарландырады. 18. Кәмелетке толмағандарды есепке алғанда инспектор ата-аналардың немесе заңды өкімнің қатысуымен сотталғандармен оларға жүктелген міндеттерді, оның орындалмауының аяғы, қоғамдық тәртіптерді бұзу немесе жаңа қылмыс жасау болатынын түсіндіріп, алғашқы әңгімелесуді жүргізуге міндетті, ол туралы қолхат алынады, сотталғандарға әсер етуі мүмкін адамдар және жақын-туыстар туралы мәлімет алынады, сондай-ақ оның тәртібіне бақылауды жүзеге асыруға үлкен мән беретін басқа да мәселелер анықталады. Әңгімелесу нәтижелері туралы сотталғанның жеке ісіне де қолхатпен бірге тігілетін анықтама жасалады. 19. Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен ауыстырылған сотталғандар қамаудан босатылады және жазаны өтеу орнына мемлекет есебінен өзі барады. Түзеу мекемесінің әкімшілігі босатылуға дейінгі бір ай бұрынғы қылмыстық-атқару Инспекцияларына сотталғандарды жібергендігі туралы хабарлама жібереді және сотталғанға жазаны орындау орнына көрсетілген маршрутпен және есепке алу үшін қылмыстық-атқару Инспекцияларына жету уақыты туралы қолхат береді. 20. Түзеу мекемесінің әкімшілігі жазаны өтеу орны бойынша инспекцияға сотталғанның жеке ісінен көшірмені, жазаны ауыстыру туралы сот қаулысын, жету мерзімі көрсетілген қолхат жібереді. Сотталғанның инспекцияға келу күні, егер 12-00-ге дейін келген болса, келуі күніне, 12-00-ден кейін келген жағдайда келу күні келесі күні болады. 21. Сотталған белгіленген мерзімде жазаны өтеу орнына келмеген кезде Инспекция іздестіру бойынша алғашқы іс-шаралар жүргізеді және егер 15 күн ішінде сотталғанның тұратын жері анықталмаса, іздеуді жүзеге асыру үшін ішкі істер органдарына материалдардың бірінші данасын жібереді. Материалдардың көшірмесі сотталғанның жеке ісіне салынады. 22. Сотталғанды ұстағаннан кейін бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы материалдар оны ұстау орны бойынша сотқа беріледі. 23. Сот қосымша міндеттер жүктеген сотталғандарға қатысты хабар тиісті ұйымдар мен мекемелерге жіберіледі. 24. Есепке қойылғаннан кейін сотталған әңгіме-сұхбат өткізу үшін Инспекцияға шақыртылады, оның барысында оның сауалнамалық деректері анықталады, оның міндеттері, орындамау салдарлары және қоғамдық тәртіпті бұзғаны немесе жаңа қылмыс жасағаны үшін жауаптылығы түсіндіріледі, ол туралы қолхат алынады (Бұйрыққа 11-қосымша), жақын-туыстары мен сотталғанға ықпал етуі мүмкін адамдар туралы мәліметтер, сондай-ақ оның мінез-құлқына бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар басқа да мәселелер анықталады. Әңгімелесу нәтижелері туралы анықтама жасалады, ол қолхатпен бірге сотталғанның жеке ісіне салынады. 25. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімі қылмыстық-атқару инспекциясы үкімді орындауға қабылдаған сәттен бастап есептеледі. 26. Жазаның мерзіміне сотталғанның өз бетінше жұмыста немесе тұрғын жері бойынша бір күннен жоғары болмаған уақыты есептелмейді. Уақытты есептемеу инспекция бастығының, аға инспектордың немесе аумақтық қылмыстық-атқару инспекциясы инспекторының қаулысымен ресімделеді, олар сотталғанның түсіндірмесімен және басқа да материалдармен бірге сотталғанның жеке ісіне салынады. 27. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу кезеңінде оның тәртібін қадағалауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сот бұрын сотталғанға бас бас бостандығын шектеуге бекітілген міндеттердің толық немесе жартылай күшін жоюы мүмкін. 28. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындап жатқан сотталғандар қадағалауда болады және: Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген қылмыстық-атқару инспекцияларының режимдік талаптарын орындауға; қылмыстық-атқару инспекциялары әкімшілігінің рұқсатынсыз жұмыс, оқу және тұрғын орындарын ауыстырмауға; оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінде болуға; қылмыстық-атқару инспекцияларының әкімшілігі бекіткен мерзімде тәрбие іс-шараларын жүргізуге қатысу және тіркелу үшін қылмыстық-атқару инспекциясына келуге; жиырма төрт сағат ішінде жұмыс немесе оқу кестесінің өзгергендігі туралы қылмыстық-атқару инспекцияларының әкімшілігін хабардар етуге; өзімен бірге жеке басын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжаты болуға міндетті. 29. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандарға жазаны өтеу орны бойынша облыстан тыс орналасқан жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқуға рұқсат беріледі. Сотталған қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігінің келісімімен басқа жерде орналасқан жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқи алады. 30. Сотталғанның бас бостандығын шектеудегі еңбегі Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен реттеледі. 31. Сотталғанды басқа жұмысқа, соның ішінде басқа жерге ауыстыру Қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігімен келісу бойынша жүзеге асырылады. 32. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындап жатқан адамдармен қылмыстық-атқару Инспекциясы әкімшілігі тәрбие жұмыстарын жүргізеді. 33. Сотталғанның өткізілетін тәрбие түріндегі іс-шараларына белсене қатысуы марапатталады және түзеу санатын анықтауда есепке алынады. 34. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі белгілеген жазаны өтеу тәртібін адал орындағаны үшін сотталғанға мынадай марапаттау шаралары қолданылуы мүмкін: алғыс жариялау; бұрын салынған жазасын мерзімнен бұрын алу; жексенбі және мереке күндерін тұрғылықты жерінен тысқары өткізуге рұқсат беру; демалысын тұрғылықты жерінен тысқары өткізуге рұқсат беру. 35. Сотталған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде белгіленген тәртіппен шартты-мерзімнен бұрын босатылуға немесе жазасының өтелмеген бөлігін жеңілдетілген түріне ауыстыруға ұсынылуы мүмкін. 36. Жазасын өтеу тәртібін бұзған сотталғандарға қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі мынадай жазалау шараларын қолдана алады: сөгіс; жексенбі және мереке күндері тұрғылықты жерінен тысқары шығуға бір айлық мерзімге дейін тыйым салу; бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру мүмкіндігі туралы ескерту (Бұйрыққа 2-қосымша). 37. Жазаны өтеуден қасақана бас тартатын адамдарға қатысты қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі сотқа бас бостандығын шектеуді бас бостандығын айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін (Бұйрыққа 1-қосымша) материалдарды ұсынады. 38. Сотталғандарға марапаттау және жазалау шаралары жазбаша түрде салынады, бұйрықты есепке алу журналына (4-қосымша) тіркеледі. Сотталғанның бұзушылығы немесе марапатталуы туралы материалдар жеке ісіне тігіледі. 39. Жазалау шарасын қолданған кезде құқық бұзушылықты жасау жағдайы, сотталғанның жеке тұлғасы және оның қылмысқа дейінгі тәртібі ескеріледі. Салынып отырған жаза сотталғанның жасаған қылмысының сипаты мен ауырлығына сәйкес болуы керек. Жаза қылмысты анықтаған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер қылмысқа байланысты тексеріс жүргізілсе - оның аяқталған күнінен бастап, қылмысты жасаған күнінен бір айдан кешіктірілмей салынады. Жазалау жиырма төрт сағаттың ішінде, ал ерекше жағдайларда салынған күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей орындауға келтіріледі. Инспектор жаза салынғанға дейін бұзушыдан түсініктемесін, құқық бұзушылық жасаудың мән-жайлары мен себептерін көрсетіп, алуға міндетті. 40. Марапаттау және жазалаудың қарастырылған шараларын қолдану құқығын толық көлемде қылмыстық атқару инспекциясының бастығы немесе оның орынбасары қолданады. 41. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана бас тарту: демалыс және мереке күндерінде демалуды өткізу орнынан немесе демалыстан уақытынсыз, себепсіз келген, сондай-ақ жұмыс немесе тұрғын орнын өз еркімен қалдыру, спирттік ішімдіктерді бірнеше рет қолдану және нашақорлық заттарын медицинасыз қабылдау, қылмыстық-атқару Инспекциясы қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тарту болып табылады. 42. Кемінде үш бұзушылықты: еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті немесе сотталған үшін белгіленген тұру ережесін бұзу, сондай-ақ әрбір келесі бұзушылық бұрын жасаған бұзушылықтары үшін жаза салынғаннан кейін болған кезде, сол ол жазаға тартылған, сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу болып табылады. 43. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтейтіндерге қадағалауды қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі жүзеге асырады және олардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша, жұмыстан бос уақытында сотталғандарға қадағалау мен бақылау қамтамасыз етіледі. 44. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтейтіндерге қадағалау: әкімшілік ықпал етудің шараларын қолдануды немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соққан, егер оған Инспекцияны сотталғандар жіберген бұзушылықтар туралы ақпарат қызметі тарапынан хабардар ететін автоматтандырылған тәртіп бекітілмесе, қоғамдық тәртіп бұзушылығын анықтау және жаңа қылмыстарды жасау жағдайына ішкі істер қалаудан органдарының қолда бар есепке алулары бойынша сотталғандарды он күндік тексеріспен; сотталғандармен, олардың туысқандарымен, сотталғандарға әсер етуі мүмкін адамдармен тәрбие және алдын-алу әңгімелерін жүргізу үшін Инспекцияға шақыртылуымен; сотталғандардың мінез-құлқына қатысты және олардың сот жүктеген міндеттерін сақтауына, бірлескен алдын-алу іс-шараларын жүргізуге қатысты ақпаратпен құқық қорғау және басқа да органдармен және мекемелермен алмасуымен. 45. Жазасын өтеуден қасақана жалтаратын сотталғанды ішкі істер органы прокурордың санкциясымен он тәуліктік мерзімге дейін жалтару себебін табу үшін ұстай алады. Ішкі істер органы қажет болған жағдайда бас бостандығынан айырылған сотталған адамдар үшін белгіленген тәртіппен ұсталғанды жазасын өтеу орнына жібереді және жазаны өтеуден қасақана жалтаруы туралы деректер болған кезде материалдарды сотталғанның ұсталу орны бойынша сотталғанның бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыру туралы мәселені шешу үшін сотқа береді. 46. Сотталғанға бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бас бостандығынан айыру жазамен ауыстыру мәселесін шешу кезінде оны ішкі істер органы прокурордың санкциясымен он тәулік мерзімге дейін жазасын өтеуден жалтарудың жолын кесу және материалдарды сотқа беру мақсатында ұстай алады. 47. Сотталғандарды іздеу жөніндегі бастапқы іс-шараларды Инспекциялар Бұйрықпен бекітілген Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалауды орындау жөнiндегi нұсқаулықтың 8-бөлімінің 171-тармағымен белгіленген тәртіппен жүргізеді, ол табыссыз болған кезде осы Нұсқаулықтың 174, 175-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады. 48. Бас бостандығын шектеудің күшін жою туралы ұсынымда сотталғанның сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару, қоғамдық тәртіпті бұзу, сол уақыт ішінде Инспекцияға келмеген уақыты, оған қандай әсер ету шаралары қабылданғаны, оның оған әсері, сондай-ақ еріксіз әкелуінің болуы жөніндегі нақты фактілер көрсетіледі. Ұсынымға жұмыс, оқу және тұратын орнынан мінездеме, инспекция қызметкерінің сотталғанның мінез-құлқы туралы рапорты, оның өмір салты, сотталғанның түсініктемесі және басқа құжаттар көрсетіледі. 3. Жазасын өтеуін тоқтату және сотталғанды есептен шығару тәртібі 49. Сотталғандар мынадай негіздемелер бойынша инспекциялар есебінен шығарылады: сот үкімі бойынша тағайындалған бас бостандығын шектеу түріндегі жаза мерзімін өтеуі; ақтау үкімі шығарылып немесе сот ісін жүргізу тоқтатылып сот үкімі күшінің жойылуы; бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуден шартты-мерзімінен бұрын босатылуы; қайырымдылық немесе рақымшылдық; жаңа қылмыс жасағаны үшін соттау; инспекция қызмет көрсететін аумақтан кету кезінде тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты; ауыр науқастану немесе мүгедектік; бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығын айырумен ауыстыру; заңмен көзделген өзге де негіздемелер. 50. Сотталғанды инспекциялар есебінен шығару үшін негіздеменің болуын растайтын құжаттамалар: бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айырумен ауыстырған кезде, іс жүргізуді қысқартып үкімнің күшін жою тиісті сот органдары ұйғарымдарының, қаулыларының көшірмелері; рақымшылық немесе қайырымдылық туралы актілерге сәйкес оларды орындау жүктелген құзыретті органдардың құжаттары; жаңа қылмыс жасағаны үшін сотталғанға қатысты оның заңды күшіне енгендігі туралы өкімімен сот үкімінің көшірмесі; АХАЖ органынан сотталғанның қайтыс болуы туралы анықтама; жеке істі алғандығы және сотталғанның жаңа тұрғын жері бойынша Инспекцияға есепке тұрғызғандығы туралы хабар болып табылады. 51. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеу заңнамаға сәйкес жаза мерзіміне енгізілуі мүмкін өзгерістер ескеріле отырып, жазасын өтеудің соңғы күнінде тоқтатылады. Жазасын өтеген адамдарға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі (5-қосымша).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |