|
|
|
Квитанциялардың және фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданбай қызмет көрсету кезінде тұрғындарға берілетін чектерге теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығы Осы редакция ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 16 қыркүйектегі N 445 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Квитанциялардың және фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданусыз қызмет көрсету кезінде тұрғындарға берілетін чектерге теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарының мынадай нысандары бекітілсін: 1) 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру сыйлықақысын қабылдауға арналған квитанция; 2) 2-қосымшаға сәйкес хаттарды және тапсырыс берілген және құндылығы жарияланған бандеролдар мен жай және құндылығы жарияланған сәлемдемелер, ұсақ пакеттер, "EXPRESS" жіберілімдерін және электронды почта жіберілімдерін қабылдауға арналған квитанция; 3) 3-қосымшаға сәйкес қосымша және келісілген қызметтер үшін төлемдерді, почталық төлеу белгілерін, конверттерді, тілекхаттарды, почта және халықтық тұтыну тауарларды, газеттер мен журналдарды қабылдауға арналған квитанция; 4) 4-қосымшаға сәйкес автоматтандырылмаған почта бөлімшелерінде почта аударымдарының төлемдерін қабылдау үшін почта аударымдарын қабылдауға арналған квитанция; 5) 5-қосымшаға сәйкес мерзімді басылымға жазылуды қабылдауға арналған квитанция; 6) 6-қосымшаға сәйкес мерзімді басылымға қолма-қол ақшаларды қабылдауға арналған жазылу полисі; 7) 7-қосымшаға сәйкес аудандық электр желілерінде тұтынған электр энергиясына төлем төлегені туралы квитанция; 8) 8-қосымшаға сәйкес түрлі алымдарды, айыппұлдарды поездардағы қосымша төлемдерді қабылдауға арналған жүк есепке алу квитанциясы; 9) 9-қосымшаға сәйкес комиссиялық алымды, жалдау ақысын және жолаушылар шаруашылығынан түсетін басқа да өзге түсімдерді қабылдауға арналған қосалқы-көмекші қызмет көрсетулерге квитанция; 10) 10-қосымшаға сәйкес поездарда төсек-орын жабдықтарын пайдаланғаны үшін төлем алғаны туралы квитанция; 11) 11-қосымшаға сәйкес фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының техникалық ақаулығы немесе электр энергиясы болмаған жағдайда есеп айырысу кезінде жүзеге асырылатын қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған тауарлы чек. 2. Осы бұйрықтың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген квитанция нысаны 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап әрекет етеді деп белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А. Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығына 1-қосымша Сақтандыру сыйлықақысын қабылдауға арналған квитанция [WORD форматындағы құжатты қараңыз] Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығына 2-қосымша Почта жөнелтімін қабылдауға арналған квитанция [WORD форматындағы құжатты қараңыз] Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығына 3-қосымша Почта қызметтерін көрсетуге арналған квитанция [WORD форматындағы құжатты қараңыз] Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығына 4-қосымша Почта аударымын қабылдуаға арналған квитанция [WORD форматындағы құжатты қараңыз] Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығына 5-қосымша Баспасөзге жазылуды қабылдуаға арналған квитанция [WORD форматындағы құжатты қараңыз] Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығына 6-қосымша Жазылу полисі [WORD форматындағы құжатты қараңыз]
______________________________________________ мекен-жайы - адрес Кімге _________________________________ (фамилиясы, инициалдары) ____________ ______________ _______________ жазылушының ОПС операторының ОПС бастығының қолы қолы қолы ___________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығына 7-қосымша [WORD форматындағы құжатты қараңыз] ───────────────────────┬──────────────────────────────────────────── Энергиямен жабдықтаушы │ ұйымның атауы │Аудандық электр желілерінде тұтынылған Банктік деректемелері │электр энергиясын төлеу туралы хабарлама │ Е/Ш │Сериясы ЭЛ N │бастапқы МФО │соңғы Айдың теңге СТН │белгіленген басына сальдо Абоненттің мекен жайы │қуат бойынша кВт*сағ қала. (кент) │эл.эн. шығысы кВт*сағ Есептелді теңге көше │ Ағымдағы теңге │ айда төленді │есептелді теңге │есептелген төлеуге жиыны теңге │қосымша төлем теңге төленді теңге │өсімпұлдар теңге ───────────────────────┤ Дербес шот │ Айдың соңына теңге Тегі │2003 ж. сальдо Аты │үшін есептелді, Өсімпұлдар теңге Әкесінің аты │жиыны бойынша _______ │ берешек |______ │ Тариф теңге Есепке │ алу түрі │ Төлеу күні 2003 ж. │ │ Есептеуіш бастапқы │ соңғы ауыстыру күні │ (Квитанция Қала │ Электр Желісіне │ қабылдана алмайды) │Жаңа есептеуіштің │деректері ───────────────────────┴─────────────────────────────────────────────── ───────────────────────┬─────────────────────────────────────────────── Энергиямен жабдықтаушы │ ұйымның атауы │Аудандық электр желілерінде тұтынылған Банктік деректемелері │электр энергиясын төлегені туралы квитанция │ Е/Ш │Сериясы ЭЛ N │бастапқы МФО │соңғы Айдың теңге СТН │белгіленген басына сальдо Абоненттің мекен жайы │қуат бойынша кВт*сағ қала. (кент) │эл.эн. шығысы кВт*сағ Есептелді теңге │ Ағымдағы теңге │ айда төленді көше │есептелді теңге │есептелген төлеуге жиыны теңге │қосымша төлем теңге төленді теңге │өсімпұлдар теңге Дербес шот │ Айдың соңына теңге Тегі │2003 ж. сальдо Аты │үшін есептелді, Өсімпұлдар теңге Әкесінің аты │жиыны бойынша _______ │ берешек |______ │ Тариф теңге Есепке │ алу түрі │ Төлеу күні 2003 ж. │ │ Есептеуіш бастапқы │ соңғы ауыстыру күні │ (Квитанция Қала │ Электр Желісіне │ қабылдана алмайды) │Жаңа есептеуіштің │деректері ───────────────────────┴────────────────────────────────────────────── Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығына 8-қосымша Жүк есепке алу квитанциясы [WORD форматындағы құжатты қараңыз] Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығына 9-қосымша Жолаушылар шарушылығынан қосалқы-көмекші қызметтің қызмет көрсетулері үшін квитанциясы [WORD форматындағы құжатты қараңыз] Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығына 10-қосымша Поездарда төсек-орын жабдықтарын қолдану үшін төлем алынғаны туралы КВИТАНЦИЯ [WORD форматындағы құжатты қараңыз] Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығына 11-қосымша Тауар чегі [WORD форматындағы құжатты қараңыз]
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |