|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1084 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 тамыздағы N 824 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1162 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарында: реттiк нөмiрлерi 3, 21-жолдар алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында: реттiк нөмiрлерi 28-1, 33-жолдар алынып тасталсын; 3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында: "6. Әлеуметтiк саясат" деген бөлiмде: "6.5. Мәдениет" деген кішi бөлімдегi реттiк нөмiрлерi 6.5.1., 6.5.7-жолдар алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |