|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 6 тамыздағы N 881 және 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 5 желтоқсандағы N 1235 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 26 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн: 1) "Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгінiң қажеттерi үшiн мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2002 жылғы 6 тамыздағы N 881 қаулысына: 2-тармақтағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат): көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі туралы ережеде: 1-тармақтағы "қорғаныс тапсырысын орналастыру және орындау" деген сөздер "мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс пен конверсиялық бағдарламаларды қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;"; 10-тармақ 10) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;"; 11-тармақтың 1) тармақшасындағы "қорғаныс тапсырысын орналастыру және орындау" деген сөздер "мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |