|
|
|
Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 341-НҚ бұйрығы Осы редакция ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 299-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 14-1-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Темір жол көлігі мен порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (М.А. Дәрібаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Б.Б.Досан) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін: 1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңда белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін; 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ж.Ертілесоваға жүктелсін. 5. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Төраға Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 341-нқ бұйрығымен бекітілген Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 сәуірде N 2256 тіркелген Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту жөніндегі нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді. 2. Осы Ереженің мақсаты табиғи монополиялар көрсететін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) реттелетін түрлеріне уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) есептеу және белгілеу тәртібін айқындау болып табылады. 3. Осы тәртіптің Ережесі меншік нысанына қарамастан, барлық табиғи монополия субъектілеріне қолданылады. 4. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) - тұтынушыларға табиғи монополия субъектілері келтірген залалдарды өтеу мақсатында уәкілетті орган белгілеген тариф (баға, алым ставкасы); 2) негізсіз табыс - уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын тариф (баға, алым ставкасы) және (немесе) уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның шығын баптарын орындамау бойынша ақыны өндіріп алу нәтижесінде табиғи монополия субъектісі алған қосымша табыс; 3) уәкілетті орган - табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 4) табиғи монополия субъектісінің қызметтері - табиғи монополия жағдайларында ұсынылатын және тұтынылатын, тұтынушыға белгілі бір тауар түрінде берудегі қызмет ұсыну жағдайын қоса, қызметтер, тауарлар, жұмыстар. Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады. 2. Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу негіздері 5. Табиғи монополия саласына жататын, табиғи монополия субъектісінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға зиян келтіретін іс-әрекеттер жасауы уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеудің негізі болып табылады. 6. Табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға зиян келтіретін іс-әрекеттері: 1) ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын тариф (баға, алым ставкасы) жөніндегі ақыны өндіріп алу; 2) уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның шығын баптарының орындалмауы; 3) уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдардың қаражаттарын орынсыз пайдалану деп танылады. 7. Мыналардан: 1) бекітілген тарифтік сметада ескерілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) толық көлемінде және тиісті дәрежедегі сапамен орындаған жағдайда: қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудың барынша тиімді әдістемелері мен технологияларын енгізу; конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижесінде ақша қаражаттарын тиімді пайдалану есебінен; 2) көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерін табиғи монополия субъектісінің кінәсінен тыс қысқарту, сондай-ақ басқа негіздердің есебінен алынған үнем шығын баптарын орындамауға жатпайды. Сонымен бірге, табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға шығынның үнемін баптар бойынша растайтын материалдар: құзыретті органның табиғи монополия субъектісінің қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізуі туралы қорытынды; конкурстық (тендерлік) комиссияларының хаттамалары; көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерін тұтынушылармен салыстыру актісін, төлеуге берілген шотты және басқа материалдар ұсынуға тиіс. 3. Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу тәртібі 8. Уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) уәкілетті орган: 1) табиғи монополия субъектісінің қызметіне жүргізілген тексерулер нәтижелерінің; 2) тұтынушылардың өтініштері, шағымдары, бұқаралық ақпарт құралдарының материалдары, мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша және жеке бастамашылығы бойынша осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген анықталған фактілердің; 3) табиғи монополия субъектісінің уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаны орындауын талдау нәтижелерінің негізінде белгілейді. 9. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген фактілерді белгілеу үшін, уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінен қажетті ақпаратты оны ұсынудың мерзімін көрсете отырып сұратады. 10. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат оны уәкілетті органға ұсынудан бас тарту үшін негіз бола алмайды. 11. Уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) енгізу уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) белгілеген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады. 12. Табиғи монополия субъектісі тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) белгілеу туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгізгенге дейін 10 күннен кешіктірмей жеткізуге міндетті. 13. Уәкілетті органның табиғи монополия субъектісінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) белгілеу туралы шешімі уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді. 14. Уәкілетті органның уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) белгілеу туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 15. Уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) қолданысы кезінде табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуге өтініммен жүгінуге құқылы. Бұлай болғанда, жаңа тариф (баға, алым ставкасы) деңгейі негізінде алынған табыс табиғи монополия субъектісінің оның қызметін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға келтірген залалды алып тастаумен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешім қабылдау күніне қайта қаржыландыру ставкасын ескеріп, негізсіз алынған табысының сомасына азайтылады. 4. Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасының) мөлшерін есептеу тәртібі 16. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган іс жүзінде көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) және табиғи монополия субъектілері жол берген тәртіп бұзушылықтар кезеңі үшін іс жүзінде алынған табыстар көлемін айқындайды. 17. Табиғи монополия субъектілері жол берген тәртіп бұзушылықтар кезеңі: осы Ереженің 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда - табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын тариф (баға, алым ставкасы) бойынша ақы өндіріп алған кездегі кезең; осы Ереженің 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда - уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік смета бекіткен жыл болып есептеледі. 18. Осы Ереженің 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, негізсіз алынған табыс (НТ) сомасы мына формула бойынша: НТ = (Т1-Т) х VІ, мұндағы Т1 - табиғи монополия субъектісі іс жүзінде қолданған тариф (баға, алым ставкасы), теңге; Т - уәкілетті орган бекіткен тариф (баға, алым ставкасы), теңге; VІ - кемшіліктер жіберілген кезең ішінде табиғи монополия субъектісі іс жүзінде көрсететін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі айқындалады. 19. Осы Ереженің 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда негізсіз алынған табыс сомасы (НТ) мынадай формула бойынша айқындалады: НТ= ЕЗі, мұндағы Зі - бекітілген тарифтік сметада ескерілген шығындармен салыстырғанда і бабы бойынша шығындарды толық игермеу, теңге. 20. Негізсіз алынған табыстың түпкілікті сомасы (НТк) шешімді қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, мынадай формула бойынша айқындалады: (100 + к) НТк=НТ х ------------ , мұндағы 100 НТк - уәкілетті орган бекітетін негізсіз алынған табыс сомасы, теңге; К - шешімді қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы, %. 21. Табиғи монополия субъектісінің уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасының) қолданысы кезеңінде алынатын табысы жылдық амортизация сомасының елу пайызын алып тастағанда, қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін қажетті шығын құнынан төмен болмауы тиіс. 22. Табиғи монополия саласына жататын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға табиғи монополия субъектісінің келтірген залалды өтеу кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады: Т х V - (З - 0,5 х А) n = ----------------------, мұндағы Т х V - НТк n - уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) қолданыс мерзімі; З - бекітілген тарифтік сметада ескерілген жиынтық шығындар, теңге; А - бекітілген тарифтік сметада ескерілген жылдық амортизация, теңге. Т - уәкілетті орган бекіткен тариф (баға, алым ставкасы), теңге; V - бекітілген тарифтік сметада ескерілген қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемі. 23. Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) (Т өтем) мынадай формула бойынша айқындалады: Т х V - НТк Т өтем = --------------- , мұндағы V Төтем - уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы), теңге. 24. Егер табиғи монополия субъектісінің уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасының) қолданысы кезеңінде алынатын табысы жылдық амортизация сомасының елу пайызын алып тастағанда, қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін қажетті шығын құнын жаппайтын болса, ал тұтынушыларға залалды өтеу мерзімі бір жылдан асатын кезеңнен тұрса, онда уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) (Төтем) мынадай формула бойынша айқындалады: (Т х V) х n - НТк Т өтем = ----------- ----------- V х n 5. Осы Ережені бұзғандығы үшін жауапкершілік 25. Табиғи монополия субъектісі осы Ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік тартады. Уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) белгілеу ережесіне қосымша Уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу үлгісі ТхV - НТк < ТхV - (З - 0,5 х А) Бекітілген тариф (баға, алым ставкасы) Т - 8 теңге Бекітілген тарифте қабылданған қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі V - 1000 м3 1. Негізсіз алынған табыс (НТ) сомасы айқындалады - 6046 2. Шешімді қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасы айқындалады (НТк): (100+к) 100+7,5 НТк = НТх ------------ = 6046 х ------------ = 6500 теңге, 100 100 мұндағы 6 046 теңге - негізсіз алынған табыс сомасы; 7,5 % - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы; 6500 теңге - қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасы. 3. Тұтынушыларға залалдың өтеу кезеңі айқындалады (n): Т*V - (З - 0,5 х А) 8*1000 (7500-0,5х3000) 2000 n = ------------------- = ----------------------- = ------1,3, Т*V-НТк 8*1000 - 6500 1500 мұндағы 7500 теңге - бекітілген тарифтік сметада қабылданған жиынтық шығындар; 3000 теңге - бекітілген тарифтік сметада қабылданған жылдық амортизация; 1,3 жыл - тұтынушыларға залалдың орнын толтыру кезеңі Т*V-НТк 8 х 1000 - 6500 Т өтем = ------------- = ---------------- = 1,5 теңге V 1000 (Т х V) х n - НТк (8 х 1000) х 1,3 - 6500 Т өтем = ------------------- = ------------------------ = V х n 1000 х 1,3 10400-6500 3900 = ----------------- = --------=3 теңге 1300 1300 Тексеру: НТк=(8-3)х1000х1,3=6500 теңге
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |