|
|
|
Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң кейбiр мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 29 қаңтардағы N 98 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1132 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігінiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары құрылсын. 2. "Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 шiлдедегі N 1020 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 319-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігі туралы ережеде: 11-тармақта: 1) тармақша "көшi-қон процестерiн" деген сөздер "көшi-қон және демографиялық процестердi" деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақша "көшi-қон" деген сөздерден кейiн "және демография" деген сөздермен толықтырылсын; 8) тармақшада: "қоныс аудару" деген сөздер "көшiп келу" деген сөздермен ауыстырылсын; "қоныс аударушыларды" деген сөздер "оралмандарды" деген сөзбен ауыстырылсын; 9) тармақша "қоныс аударушыларды" деген сөздерден кейiн ", оралмандарды" деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: "9-1) өз құзыретi шегiнде әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;"; 12) тармақшада мемлекеттік тілдегi мәтiнде "оралмандарды" деген сөз өзгерiссiз қалады; 14) тармақша "халықтың көшi-қоны" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы халықтың көшi-қоны және демография" деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақта: 3) тармақша "қоныс аударушылар" деген сөздерден кейiн ", оралмандар" деген сөзбен толықтырылсын; 13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Агенттiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Агенттiктің теңгерiмiнде көрсетілетін өзге де мүлік есебiнен қалыптасады."; 18-тармақта: 2) тармақша "басшыларын" деген сөзден кейiн "және олардың орынбасарларын" деген сөздермен толықтырылсын; 6) тармақша "қызметкерлерiн" деген сөзден кейiн "және аумақтық органдардың басшыларын" деген сөздермен толықтырылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 98 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының Тізбесі 1. Ақмола облысы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Көкшетау қ. 2. Ақтөбе облысы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Ақтөбе қ. 3. Алматы облысы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Талдықорған қ. 4. Атырау облысы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Атырау қ. 5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Өскемен қ. 6. Жамбыл облысы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Тараз қ. 7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Орал қ. 8. Қарағанды облысы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Қарағанды қ. 9. Қызылорда облысы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Қызылорда қ. 10. Қостанай облысы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Қостанай қ. 11. Маңғыстау облысы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Ақтау қ. 12. Павлодар облысы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Павлодар қ. 13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Петропавл қ. 14. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Шымкент қ. 15. Астана қаласы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Астана қ. 16. Алматы қаласы бойынша Көшi-қон және демография басқармасы Алматы қ.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |