|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысы (ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. N 402 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 30 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 cәуipдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. 10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24,25,26,27,28,29,30,31,32-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
Қызметте пайдалану үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына 10-қосымша ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. N 402 қаулысымен 10-қосымша өзгертілді 201 - Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлiгi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 10-қосымша қызмет бабында пайдаланатын құжат. Деректер базасына енгізілмейді. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына 11-қосымша 201 - Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлiгi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Елдiң қоғамдық тәртiп саласындағы саяси мүдделерiн қамтамасыз ету" деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 13967 мың теңге (он үш миллион тоғыз жүз алпыс жетi мың теңге). 2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Жарлығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысы; "Т.А.Төлеубаев туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 маусымдағы N 608 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреспен және басқа да құқық бұзушылық түрлерiн үйлестіру; халықаралық қылмысқа қарсы күрес. 5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер Iшкi iстер министрлерi кеңесiн ақпаратты қамтамасыз ету; қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту iсiнiң ортақ мүдделерiн ескере отырып, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер iшкi iстер органдарының өзара ақпараттық iс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету; Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер iшкi iстер органдарының бiртұтас ақпараттық кеңістiгiн қалыптастыру және олардың қолда бар ақпараттық ресурстарға жедел қол жеткiзуін қамтамасыз ету; шет елдерде жасырынған қылмыскерлерге iздеу салу және экстрадация. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары. ┌────┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬──────────────┐ │ Рет│Бағ-│Кiшi │ Кіші │ Бағдарламаны │ Іске │ Жауапты │ │ са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│ іске асыру │ асыру │ орындаушылар │ │ ны │лама│дар- │ лардың │ жөніндегі │мерзімі│ │ │ N │коды│лама │ атауы │ іс-шаралар │ │ │ │ │ │коды │ │ │ │ │ ├────┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼──────────────┤ │ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │ │────┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴──────────────┤ │ 1 002 Елдің Ұйымдасқан қылмысқа Жыл Қазақстан │ │ қоғамдық қарсы күресті бойы Республикасы- │ │ тәртіп үйлестiру жөнiндегi ның Ішкі істер│ │ саласында. бюроны ұстауға министрлігі │ │ ғы саяси арналған үйлестік │ │ мүдделерiн жарналар (Ұйымдас- │ │ қамтамасыз қан қылмысқа │ │ ету қарсы күресті │ │ үйлестiру жөнiн- │ │ дегi бюроның │ │ қызметкерлер саны │ │ 30 адам, оның │ │ iшiнде Қазақстан │ │ Республикасының │ │ өкiлi - 1 адам). │ │ Лион қаласындағы │ │ (Франция) (1 адам) │ │ Интерполдың Бас │ │ Хатшылығына │ │ Қазақстан │ │ Республикасы │ │ байланыс-өкiлдерi- │ │ нің офицерін ұстау │ │ жөнiндегi шығындар. │ └─────────────────────────────────────────────────────────────────────┘ 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер аумағында халықаралық қылмысқа және қылмысқа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету, қылмыс жасағаны үшiн жазаланбай қалмау қағидасын iске асыру; қылмыс жасауға әзiрленуде немесе оны жасауда күдiктi адамдардың мiнез-құлқы, өмiр салты, байланыстары мен қылмыстық әрекеттерi туралы ақпарат алу және қудаланатын күдіктінi, айыпталушыны, сотталушыны немесе сотталған адамды соның аумағында ұсталған Тараптың құқық қорғау органдарына мәжбүрлi түрде жеткiзу. Қызметте пайдалану үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына 12-қосымша 201 - Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлiгi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 12-қосымша қызмет бабында пайдаланатын құжат. Деректер базасына енгізілмейді. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына 13-қосымша 201 - Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлiгi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Арнайы және әскери тасымалдар" деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 50906 мың теңге (елу миллион тоғыз жүз алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкі iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күшi бар Жарлығы. 3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің әскери, арнайы және өзге де тасымалдауларын қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: әскери, арнайы және өзге де тасымалдауларды ұйымдастыру және жедел басқару; әскери эшелондарды, көліктер мен басқа есепте тұрған бiрлiктердi тәулiктiк бақылауды және олардың жедел жылжуын қамтамасыз ету; cот отырыстарын бұзуды болдырмау, сотталған адамдардың жазасын өтеуі жөніндегі соттардың қаулыларын дер кезінде орындау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк әскери тасымалдаулардың қозғалыс кестесiнiң орындалуын және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес арнайы контингенттiң тасымалдануын және өзге де тасымалдарды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына 14-қосымша ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. N 402 қаулысымен 14-қосымша алынып тасталды 201 - Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлiгi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 14-қосымша қызмет бабында пайдаланатын құжат. Деректер базасына енгізілмейді. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына 15-қосымша 201 - Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлiгi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiн дайындау" деген 006 республикалық бюджеттiк бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 435150 мың теңге (төрт жүз отыз бес миллион бiр жүз елу мың теңге). 2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 ақпандағы N 134 қаулысы; "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру мен тiркеу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 1063 қаулысы. 3. Бюджет бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: азаматтардың еркiн жүрiп-тұруы мен тұрғылықты жердi таңдаудағы конституциялық құқықтарын жүзеге асыру, халықты құжаттандыру және есепке алу жүйесiн жетілдiру үшiн Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiн дайындауды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қостанай қаласында Жедел басқару орталығын (ЖБО) және аймақтық ақпараттық желiнi құру. 6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: азаматтардың еркiн жүрiп-тұруы мен тұрғылықты жерді таңдаудағы конституциялық құқықтарын iске асыру. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына 16-қосымша ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. N 402 қаулысымен 16-қосымша өзгертілді 201 - Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлiгi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Қоғамдық тәртiп және қоғамдық қауiпсiздiк объектiлерiнiң құрылысын салу, қайта жаңарту" деген 007 республикалық бюджеттiк бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 205600 мың теңге (екi жүз бес миллион алты жүз мың теңге). 2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күшi бар Жарлығы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтік жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 926 қаулысы. 3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Iшкi iстер министрлiгi Кинологиялық орталығының материалдық-техникалық базасын нығайту. 5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Кинологиялық орталығын салу және оны қайта жаңарту. 6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Кинологиялық орталығын салу және қайта жаңарту" деген инвестициялық жоба бойынша бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің Кинологиялық орталығын пайдалануға енгiзу. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына 17-қосымша 201 - Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлiгi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 17-қосымша қызмет бабында пайдаланатын құжат. Деректер базасына енгізілмейді. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына 18-қосымша 201 - Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлiгi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 18-қосымша қызмет бабында пайдаланатын құжат. Деректер базасына енгізілмейді. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына 19-қосымша 201 - Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлiгi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Орта кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлау" деген 010 республикалық бюджеттiк бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 370854 мың теңге (үш жүз жетпiс миллион сегiз жүз елу төрт мың теңге). 2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 желтоқсандағы N 1474-53 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 721 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 18 қыркүйектегі N 1136-51 қаулысы; "Қазақстан Республикасы ішкі iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 59-3 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің оқу орындары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1998 жылғы 20 сәуiрдегi; N 348 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 2 қарашадағы N 1118 қаулысы; "Мемлекеттiң бюджеттiк есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428 қаулысы; "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысы. 3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: ішкi iстер органдары үшін мамандығы бойынша қажеттi теориялық бiлiмi мен тәжiрибелiк дағдысы бар, арнаулы орта бiлiмдi, білікті мамандарды дайындау жөнiнде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң орта оқу орындарына жүктелген функциялардың орындалуына барынша тиiмді қол жеткiзу үшін олардың қызметiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің кадрларына қойылатын талаптарды ескере отырып мамандар дайындығының сапасын ұдайы жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң орта оқу орындарына жүктелген функцияларды орындау үшін оларды ұстау; дене шынықтыру дайындығы және курсанттардың денсаулығын нығайту жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын арнаулы opтa бiлiмi бар бiлiктi мамандармен жоспарлы түрде қамтамасыз ету: Ақтөбе заң колледжi күндізгi бөлiмнен 120 бiрлiк, сырттай бөлiмнен 94 бiрлiк; Шымкент заң колледжi күндізгi бөлiмнен 115 бiрлiк, сырттай бөлiмнен 75 бiрлiк; Семей заң колледжi күндізгi бөлiмнен 146 бiрлiк, сырттай бөлiмнен 82 бiрлiк; Алматы заң колледжi күндізгi бөлiмнен 66 бiрлiк, сырттай бөлiмнен 30 бiрлiк. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына 20-қосымша 201 - Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлiгi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау" деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 60125 мың теңге (алпыс миллион бiр жүз жиырма бес мың теңге). 2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Iшкі iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңы; "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңы; "Әскери қызметшiлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi мен әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкі iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 7 маусымдағы N 418 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 желтоқсандағы N 1474-53 қаулысы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметке алғаш рет түскен адамдары мен қызметкерлерiн кәсiби даярлау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 16 мамырдағы N 847 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтыну нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 2 қарашадағы N 1118 қаулысы; "Мемлекеттiң бюджеттiк есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнің сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк іссапарлары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428 қаулысы; "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер комитетiнiң мәселелері" деген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1057 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 16 тамыздағы N 909-42 қаулысы; Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң саясат және қорғаныс мәселелерi жөніндегi ведомствоаралық комиссиясы мәжілісiнiң 2002 жылғы 16 тамыздағы N 2 хаттамасы; Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшілерiн Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігiнің Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы келісім-шарты. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: iшкi iстep органдарының жеке құрамын алғашқы даярлықтан өткiзу, қатардағы, кiші және орта басшы құрамның бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау, бөлiмшелер iшкi iстер органдарына қатардағы, кiшi және орта басшы құрам лауазымдарында қызмет өткеруге ұсынған азаматтық адамдарды алғашқы даярлықтан өткізу жөнiндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Кәсiби даярлық училищелерiне жүктелген мiндеттерді барынша тиiмдi орындауға қол жеткiзу үшін оның қызметiн қамтамасыз ету; iшкi әскерлердi үнемi жауынгерлiк әзiрлiкте ұстауға қажеттi әскери-техникалық мамандықтар бойынша iшкi әскерлер әскери қызметшілерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |