|
|
|
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 10 қарашадағы N 850 бұйрығы Осы редакция ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 525 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Шаруашылық жүргізу объектілерінде және тұрғын үй қорында туындауы ықтимал өрттің алдын алу, шаруашылық жүргізудің жаңа нысанының туындауын есепке ала отырып, олардың келтіретін материалдық шығынын азайту мақсатында және "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау барысында Бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді. Төраға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 қарашадағы N 850 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бақылау және қадағалау міндеттерін жүзеге асыру кезіндегі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы 1. Тарау Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бақылау және қадағалау міндеттерін жүзеге асыру кезіндегі жұмысын ұйымдастыру және өрттер бойынша тергеулер жүргізу Нұсқаулығы "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитетінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметін ұйымдастыру туралы" N 430 қаулысына сәйкес әзірленді және басқару органдары лауазымды адамдарының және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері барлық деңгейдегі атқарушы өкімет органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктер мен шаруа (фермер) қожалықтарының, құқықтық меншік нысанына қарамастан басқа да заңды тұлғалардың, шетелдік фирмаларды және шетел инвестициялары бар компанияларды қоса алғанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының, азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың өрт қадағалау нормалары мен ережелерін сақтау жөніндегі мемлекеттік өрт қадағалау талаптарын орындауын нақтылайды. 2. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын жалпы ұғымдар: мемлекеттік өрт қадағалаудың ұйғарымы - мемлекеттік инспектордың өрт қауіпсіздігі талаптарын, соның ішінде салынып жатқан кәсіпорындардың, объектілердің, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, өндірістен алуды, өндіруді тоқтатуды және өнімдерді сатуды тоқтата тұруды қоса алғандағы талаптарын бұзушылықты жою жөніндегі, тиісті басшының, лауазымды тұлғаның немесе азаматтың белгіленген мерзімде орындауы міндетті шаралар көрсетілген жазбаша өкімі; объект - ғимараттарды, құрылыстарды, технологиялық қондырғыларды, жабдықтарды, агрегаттарды, бұйымдарды және ол үшін өрт қауіпсіздігі талаптары белгіленген өзге мүлікті қоса алғандағы заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның мүліктік кешені (немесе оның бөлігі). 3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өрт қадағалау органдары: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет Департаменті; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Мемлекеттік өртке қарсы қызметтерінің басқармалары, бөлімдері, мемлекеттік өрт қадағалау бөлімдері, бөлімшелері және инспекциялары, қалалардың, кенттердің, аудандық орталықтардың әскерилендірілген өртке қарсы қызмет отрядтары мен бөлімдері болып табылады. 4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментінің бастығы лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөніндегі Бас Мемлекеттік инспекторы, ал оның орынбасары Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөніндегі Бас Мемлекеттік инспекторының орынбасары болып табылады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментінің құрылымдық басқармаларының, бөлімдерінің бастықтары, олардың орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары болып табылады. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары мемлекеттік өртке қарсы қызметтері бас басқармаларының, басқармаларының бастықтары лауазымы бойынша бір мезгілде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының өрт қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары, ал олардың орынбасарлары - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының өрт қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары болып табылады. Аумақтық органдардың мемлекеттік өрт қадағалау басқармаларының, бөлімдерінің бастықтары, өрт сөндіру жасақтары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті аумақтық құрылымдардың (облыстардың, қалалардың және басқа елді мекендердің) өрт қадағалау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары болып табылады. Өрт қауіпсіздігі жағдайына қадағалауды қамтамасыз ететін барлық мемлекеттік өрт қадағалау органдарының бас мамандары, бас инженерлері, аға инспекторлары, инженерлері мен инспекторлары лауазымы бойынша өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады. 5. Лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары немесе мемлекеттік инспекторлары болып табылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жеке құрамының лауазымдары тізбесін және оларға берілетін тиісті құқықтарды және міндеттерді Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөніндегі Бас Мемлекеттік инспекторы айқындайды. Лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті аумақтық құрылымдардың өрт қадағалау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары немесе мемлекеттік инспекторлары болып табылатын ТЖА облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Мемлекеттік өртке қарсы қызметтері бас басқармаларының, басқармаларының жеке құрамы лауазымдарының тізбесін және оларға берілетін құқықтарды және міндеттерді Қазақстан Республикасы аумақтық органының өрт қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы айқындайды. 6. Мемлекеттік өрт қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, осы Нұсқаулықты, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бұйрықтары мен нұсқаулықтарын, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген басқа да нормативтік құқықтық актілерді және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімдері мен өкімдерін басшылыққа алады. 7. Мемлекеттік өрт қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында жоғары тұрған өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқаулары мен өкімдері төмен тұрған өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың орындауы үшін міндетті. Олардың қызметіне өзге лауазымды адамдардың араласуына жол берілмейді. 8. Жоғары тұрған өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар қажет болған жағдайда төменгі өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың шешімдерінің күшін жоюға құқылы. "Өрт сөндіруші" республикалық мемлекеттік кәсіпорны өртке қарсы қызметтерінің бөлімшелеріне және "Өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныстың республикалық арнайы ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына мемлекеттік өрт қадағалау құқықтары берілмеген. 9. Мемлекеттік өрт қадағалау органдары өздеріне жүктелген міндеттерді басқа мемлекеттік органдармен өзара тығыз байланыста іске асырады. 10. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және қорғаныс органдарының, әуе, теміржол, теңіз, өзен көлігі, орман шаруашылығының объектілеріндегі мемлекеттік өрт қадағалау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органы мен Қазақстан Республикасының тиісті министрліктері мен ведомстволарының арасында жасалған келісіммен реттеледі. Жерасты шахта құрылыстарында, кеніштерде, кен орындарында, ашық көмір кен орындарында, метрода, сондай-ақ орман аумақтары мен тоғай алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз етуге бақылауды Қазақстан Республикасының тиісті министрліктері мен ведомстволары жүзеге асырады. 11. Өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор: заңнамамен, нормативтік актілермен және нормативтік құжаттармен белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауды бақылауға, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын жою жөнінде орындалуы міндетті ұйғарымдар беруге; өрт қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік өрт қадағалаудың ұйғарымдарын кәсіпорындардың, лауазымды адамдардың дер мезгілінде орындауын қамтамасыз ету үшін берілген өкілеттіктерін белгіленген тәртіппен қолдануға; өрт қауіпсіздігі жөнінде лауазымды адамдар мен азаматтарға белгіленген тәртіппен кеңестер беруге; өрт қауіпсіздігі саласында халық арасында өртке қарсы насихат пен үгіт жүргізуге; елді мекендерде және объектілерде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы туралы мемлекеттік өкімет органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарына белгіленген тәртіппен хабарлауға; қоғамдық өрт бірлестіктерінің дамуына жәрдемдесуге; өрттерді есепке алу мен талдаудың және жүргізіліп отырған өрттің алдын алу жұмыстарының негізінде елді мекендер мен меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші объектілердің өртке қарсы қорғанысын күшейту жөніндегі негізделген ұсыныстамаларды әзірлеуге; өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметтерді (жұмыстар, қызметтер) лицензиялау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға; шаруашылық жүргізуші объектілерде өртке қарсы қызмет ұйымдастыру туралы мәселелерді шешуге ұсыныс енгізуге және қатысуға; өртке қарсы тақырыпқа өрт-техникалық әдебиеттер, плакаттар, жадынамалар шығаруға, кино теле-фильмдер, жарнамалық өнімдер және тағы басқалар жасауға жәрдемдесуге; Қазақстан Республикасының басқа қадағалау органдарының тиісті лауазымды тұлғаларымен бірлескен іс-қимыл жасауға; аумақтық және ведомстволық бекітуден шығаруды есепке ала отырып, лауазымдық нұсқаулықтарға, қызметтік міндеттерге сәйкес, сондай-ақ өрт қадағалау жөніндегі жоғары тұрған мемлекеттік инспекторлардың олар үшін белгіленген құзырет шеңберіндегі өкімдерін орындауға тиіс. 12. Өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор: меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарға, ғимараттарға, құрылыстарға және басқа объектілерге өрт-техникалық тексеру жүргізеді, тексеру барысында өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын, өрт сөндіру құралдарының, өрт дабылдағыштары мен байланысының дайындығын тексереді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына, және азаматтарға тексеру барысында анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын жою туралы ұйғарымдар береді; мемлекеттік статистика органдарынан, атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан өрт қауіпсіздігі туралы ақпараттар мен мәліметтерді, оның ішінде, өрт қауіпсіздігі саласында қызметтерді (жұмыстар, қызметтер) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, өнімдер мен қызметтерге өрт қауіпсіздігі сертификаттары туралы, сондай-ақ болған өрттер және олардың зардаптары туралы деректерді белгіленген тәртіппен сұрайды және алады; өрттердің алдын алу және оларды жою мақсатында ақпараттық деректер жиынтығын (оның ішінде құпия) пайдалануға құқығы бар; заңда ол үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылық туралы істерді қарайды; өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша қорытындылар және кеңестер береді; өрт себептерін анықтау үшін мемлекеттік органдардың, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың есебінен жүргізілетін міндетті сараптамалар, өрт қауіптілігі дәрежесін анықтау үшін жабдықтарға, бұйымдарға, заттарға және материалдарға бақылау сынақтар белгілейді. 13. Өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жүктелген міндеттерді орындамағаны және берілген құқықтарды дұрыс пайдаланбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауапкершілікке тартылады. 14. Азаматтық қорғаныстың шараларын өртке қарсы қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік өрт қадағалау органдарының жұмысы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 13 шілдедегі N 165-ДСП бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1233 нөмірімен тіркелген) Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. 2. Тарау. Мемлекеттік өрт қадағалау органдарында қызметті ұйымдастыру және жұмыстарды жоспарлау 15. Өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметін ұйымдастыру басқару органдары мен Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде тиісті деңгейде жүзеге асырылады. 16. Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік инспекторларының қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментінде жүзеге асырылады. 17. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаменті өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес: өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз етеді; республикадағы өрт қауіпсіздігі жағдайын талдау мен болжауды жүзеге асырады; мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады; меншік нысанына қарамастан ұйымдардың өртке қарсы қызметтері бөлімшелерінің өртпен күреске дайындығының жай-күйіне мемлекеттік бақылауды, өрттің алдын алу жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады; кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады; барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың орындауы міндетті өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтерді, стандарттарды және ережелерді уәкілетті орталық атқарушы органның бекітуі үшін әзірлейді және келіседі, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік есеп жүргізеді; Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істі жүзеге асырады; өрт қауіпсіздігі саласындағы лицензиялауды және сертификаттауды белгіленген тәртіппен жүзеге асырады; өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелері таратылмайтын құрылыс объектілерінің жобалық шешімімен келіседі; өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың қолданылуына талдау жасайды және қорытады, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, заң және өзге де құқықтық актілерді дайындауға қатысады; халықаралық шарттар мен келісімдер жобаларын дайындауға қатысады; өрт қауіпсіздігі мәселелері жөнінде мемлекеттік органдарға және ұйымдарға ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді; заңнамада көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асырады. 18. Өрт қадағалау жөніндегі аумақтық мемлекеттік инспекторлар қызметін ұйымдастыру облыстардың, Астана және Алматы қалалары мемлекеттік өртке қарсы қызметтерінің бас басқармалары мен басқармаларының басқару органдарында жүзеге асырылады. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық басқару органдары тиісті аумақта: қызмет көрсететін аумақтарда Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің мемлекеттік өрт қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысына басшылық етеді және бақылау жасайды; өз бетімен өрттерді есепке алады және өрттер мен жүргізіліп отырған өрттің алдын-алу жұмыстарына талдау жасайды; Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің тапсыруымен өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттар әзірлейді; аумақтық және жергілікті өкімет органдарына мемлекеттік, жеке кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының, сондай-ақ азаматтардың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандығы туралы, ал лицензиялау органдарына лицензиаттардың лицензиялау шарттарының өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау бөлігін орындамағаны туралы хабарлайды; өрт-техникалық зерттеуді жүргізудің, елді мекендерді, кәсіпорындарды және объектілерді тексерудің тәртібі мен мерзімін қолданыстағы нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес белгілейді; қоғамдық өрт бірлестіктерінің дамуына жәрдемдеседі; өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық өрт қадағалау органдарымен бірлесе қимылдайды; лицензиялау мен сертификаттауға жататын тауарлар (қызмет көрсетулер, жұмыстар), сондай-ақ жылыту аспаптарын, пиротехникалық, тұрмыстық химиялық бұйымдар тағы басқалар өндіру, шығару, сату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылау ұйымдастырады; өрт туралы істер және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар туралы істер бойынша тергеу жұмыстарын ұйымдастырады; өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың әкімшілік іс-тәжірибесін үйлестіреді және бақылайды; объектілер құрылысы үшін жер бөлу комиссияның жұмысына қатысады; құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады; өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың халық арасында жүргізілетін өртке қарсы бұқаралық-насихат жұмыстарына қатысуын ұйымдастырады. 19. Өрт қадағалау жөніндегі жергілікті мемлекеттік инспекторлардың қызметін ұйымдастыру Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері (жасақтары, бөлімдері): өрт қауіпсіздігі саласындағы заңдық және нормативтік құқықтық актілердің орындалуын ұйымдастырады; мемлекеттік инспекторлар қызметін бір айдың кемінде 15 жұмыс күнінде объектілерде тікелей алдын алу шараларын жүргізетіндей етіп ұйымдастырады; өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметтік міндеттерін белгілейді және оларға объектілерді аумақтық немесе ведомстволық белгілері бойынша бекітіп беруді ұйымдастырады; қызмет көрсететін аумақтарда орналасқан елді мекендерді, кәсіпорындарды және объектілерді белгіленген тәртіппен зерттеу және тексеру жүргізуді ұйымдастырады; қызмет көрсететін аумақтардағы өрттер мен олардың зардаптарының есебін жүргізеді; құрылысқа жер таңдау (трассалар) жөніндегі комиссия жұмысына, сондай-ақ құрылысы аяқталған (қайта жаңғыртылған) объектілерді қабылдап алу комиссиясының жұмысына мемлекеттік инспекторлардың қатысуын ұйымдастырады; өрт қауіпсіздігі саласында бірлескен зерттеулер, тексерулер және басқа да шаралар жүргізу кезінде құқық қорғау және қадағалау органдарының бірлескен іс-қимылын жүзеге асырады; өрт туралы істер және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар туралы тергеуді қамтамасыз етеді; өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың әкімшілік жұмысын ұйымдастырады; қоғамдық өрт бірлестіктерін ұйымдастыруға жәрдемдеседі. 20. Мемлекеттік инспекторлардың жұмыс жоспарлары объектілер мен елді мекендердегі өрттер жағдайы мен өрт қауіпсіздігінің жай-күйін талдау негізінде жедел қызмет жұмысының ағымдағы және алдағы мәселелерін шешуді, Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жоғары тұрған органдарының бұйрықтарын, өкімдері мен нұсқауларын орындауды, маусымдық және жергілікті жағдайларды ескере отырып жасалуы тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |