|
|
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 ақпандағы N 151 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қысқы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларға спорт резервiн сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгінiң Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде: 1) Кәсiпорынның Жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетіне бекiтуге ұсынуды қамтамасыз етсiн; 2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тізбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 519-4-жолмен толықтырылсын: "519-4 "Олимпиадалық даярлау орталығы" қазыналық кәсiпорны Өскемен қаласы"; 2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесi: мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 25-жолмен толықтырылсын: "25. Өскемен қаласында "Олимпиадалық даярлау орталығы" қазыналық кәсiпорны". 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |