|
|
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөнiндегi дирекция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы N 169 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегi дирекция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн. 3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бiр ай мерзімде: 1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге енгізсiн; 2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 519-4-жолмен толықтырылсын: "519-4 "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөнiндегi дирекция" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы"; 2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж. N 1, 2-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегi агенттiгiнің қарауындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 25-жолмен толықтырылсын: "25. Алматы қаласындағы "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөнiндегi дирекция" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны". 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |