|
|
|
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Австрия Федералдық Yкiметi арасында Экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсiптiк, техникалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 47 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 8 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Австрия Федералдық Үкiметi арасындағы Экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсiптiк, техникалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілеттi Елшiсi Рахат Мұхтарұлы Әлиевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Австрия Федералдық Yкiметi арасындағы Экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсiптiк, техникалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келiсiм жасасуға өкілеттiк берілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |