|
|
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттігінiң "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 234 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттігінiң "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттігi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 3. Кәсiпорын қызметiнiң негізгі мәнi спорт және санаториялық-курорттық емдеу саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi белгiленген тәртiппен: 1) мынадай мекен-жай бойынша: Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл ауданы, Қорымды селосында орналасқан "Қазақстан автомобилисi" демалыс үйiнiң мүлкiн Кәсiпорынға беру жолымен оның жарғылық капиталын қалыптастырсын; 2) Кәсіпорынның Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп, Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес оның аумағында Кәсiпорынның тiркеуiн қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 519-4-жолмен толықтырылсын: "519-4 "Олимп" спорт-сауықтыр Қырғыз Республикасы орталығы республикалық Ыстықкөл ауданы мемлекеттік кәсiпорны, Қорымды селосы"; (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 25-жолмен толықтырылсын: "25. "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)". 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |