|
|
|
2004 жылға арналған мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 17 наурыздағы N 328 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2004 жылға арналған көлемдері: мемлекеттік азық-түліктік астық резерві: 2004 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңге - 600000 (алты жүз мың) тонна мөлшерінде; 2004 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсан кезеңіне - 500000 (бес жүз мың) тонна мөлшерінде; мемлекеттік жемдік астық ресурстары 5000 (бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде; мемлекеттік тұқым ресурстары 85000 (сексен бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде; мемлекеттік сатылатын астық ресурстары 100000 (бір жүз мың) тоннаға дейінгі мөлшерде белгіленсін. 2. Мемлекеттік тұқым ресурстарын 2004 жылы пайдалану көлемі 85000 (сексен бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде анықталсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |