|
|
|
Ломбардтарды ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 43 қаулысы Осы редакция Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 12.06.04 ж. N 159 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ломбардтардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Ломбардтарды ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналардың күші жойылсын: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ломбардтарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 332 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1786 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 25 наурызда және 7 сәуірде жарияланған); 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ломбардтарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 332 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 1 тамыздағы N 277 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1964 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 26 тамызда және 8 қыркүйекте жарияланған). 3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.): 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны ломбардтарға жіберсін. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін. Төраға Келісілді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төраға Cайденов А.Г. 12.02.2004 ж. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 43 қаулысымен бекітілген Ломбардтарды ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесі Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" Заң күші бар Жарлығына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы Заң), "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы", "Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа заң актілеріне сәйкес әзірленді және ломбардтарды ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату және олардың басшы қызметкерлерін келісу тәртібін айқындайды. 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Ломбард - банк болып табылмайтын, қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы (бұдан әрі - лицензия) болған кезде ұлттық валютада мынадай банктік және өзге операцияларды жүргізуге өкілетті болатын заңды тұлға (коммерциялық ұйым): 1) ломбард операциялары: депозитке салынатын жеңіл өткізілетін бағалы қағаздарды және өзге жылжитын мүлікті кепілге салумен қысқа мерзімді кредиттер беру; 2) лизинг қызметін жүзеге асыру; 3) құрамында қымбат металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепіл зат ретінде қабылдау, есепке алу, сақтау және сату; 4) сейф операциялары: сейф жәшіктерін, шкафтарын және үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызмет көрсету. Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргізуге лицензияны уәкілетті орган Осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша береді. Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге лицензияны уәкілетті органның лицензиясы болған кезде ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша береді. Сейф операцияларын жүргізуге лицензия беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 2. Ломбардтар шаруашылық серіктестік нысанында құрылуы және қызметін жүзеге асыруы мүмкін. Ломбардтың толық атауында "ломбард" деген сөз міндетті түрде болуы тиіс. 3. Ломбардтың құрылтайшылары мен қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері және резидент еместері - жеке және/немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін. 4. Ломбардтардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шаруашылық серіктестік нысанына қарай белгіленеді. 5. Ломбардтар филиалдарын немесе өкілдіктерін ашқан (жапқан) кезде әділет органдарында филиалды есепке алып тіркегеннен кейін он төрт күндік мерзімде ломбард уәкілетті органға әділет органдарының филиалды немесе өкілдікті есепке алып тіркеу (тіркеуді жою) туралы куәліктерін қоса бере отырып филиалды ашу (жабу) туралы хабарлайды. 2-тарау. Ломбардты ашу 6. Ломбардты мемлекеттік тіркеу уәкілетті органның осы Ереженің 2-қосымшасына сай нысан бойынша ломбардты ашу рұқсаты негізінде жүзеге асырылады. 7. Уәкілетті орган ломбардты ашуға берілген, қайтарып алынған және қайтарылған рұқсаттардың (лицензияны алған кезде) есебін жүргізеді. 8. Ломбардты ашуға рұқсатты алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) ломбардты ашуға рұқсатты беру туралы өтінішті; 2) құрылатын ломбардтың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған үш нұсқасын: мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай шарты (болған жағдайда) және жарғы. 9. Ломбардты ашуға рұқсатты беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш беруші соңғы қосымша ақпаратты немесе уәкілетті орган сұратқан құжатты ұсынған күннен бастап бір ай ішінде қарайды. 10. Құрылтайшылар ломбардты мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін әділет органдарына ломбардты ашуға рұқсатты алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей хабарласады. 11. Ломбардтың құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен алдын ала келісіледі. 12. Ломбардтың құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес келмеген жағдайда ломбардты ашуға рұқсат берілмейді. 13. Уәкілетті орган қабылданған шешім туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді. Хабарлама құрылтайшылар атынан өтініш беруге уәкілетті тұлғаның өтінішінде көрсетілген мекен-жайға жіберіледі. 14. Уәкілетті орган ломбардты ашуға берілген рұқсатты кез келген мынадай негіздер бойынша қайтарып алады: 1) ломбард ретінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеген күннен бастап бір жыл ішінде осы мәліметтердің негізінде рұқсат берілген мәліметтердің шынайы болмағаны анықталса; 2) ломбард ретінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеген күннен бастап алты ай ішінде банк операцияларын жүргізуге лицензияны алмаса. 3-тарау. Ломбардтарды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары 15. Лицензияны алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген құжаттарды, сондай-ақ Банктер туралы Заңның 26-бабы 2-тармағы талаптарының орындалуын растайтын құжаттарды ұсынады. Бастапқы төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кассалық кіріс ордері), сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен, жарғылық капитал мөлшері көзделетін құрылтай құжаттары жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттар болып табылады. Ломбардтың үй-жайы, оның филиалының немесе өкілдігінің үй-жайын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қорғалатын объектілердің техникалық нығайтылуына және сигнализациямен жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс. Ломбардтың басшы қызметкерлері осы Ереженің талаптарына сәйкес болуы тиіс. 16. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті оны қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде қарауы тиіс. Талап етілген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда уәкілетті орган қажетті құжаттарды талап етеді не барлық құжатты қарамастан ломбардқа қайтарады. 17. Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі. 18. Лицензия шектелмеген мерзімге беріледі және үшінші тұлғаларға берілмейді. 19. Лицензияны жоғалтып алған кезде оның дубликатын алу және қайта ресімдеу "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі. 20. Ломбардқа банк заңдарында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми басылымдарында жарияланады. 21. Лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі ломбард клиенттерінің шолуы үшін қолайлы орында орналастырылады. 4-тарау. Ломбардтардың басшы қызметкерлерін келісу тәртібі мен шарттары 22. Ломбардтың бірінші басшысы және бас бухгалтері (бұдан әрі - басшы қызметкерлер) уәкілетті органмен келісіледі. Жоғары білімінің болуы ломбардтың бірінші басшысы лауазымына, жоғары немесе жұмыс профиліне сәйкес келетін орта арнаулы білімінің болуы ломбардтың бас бухгалтері лауазымына тағайындаудың (сайлаудың) қажетті талабы болып табылады. 23. Кандидатты келісу үшін ломбард уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады: 1) ломбардтың уәкілетті органының басшы қызметкер лауазымына тағайындау (сайлау) үшін ұсынылған кандидатты (бұдан әрі - кандидат) тағайындау (сайлау) туралы шешімі; 2) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басшы қызметкер немесе кандидат туралы деректер. 24. Кандидатты келісуге арналған құжаттар уәкілетті органға ломбардтың уәкілетті органы осы кандидатты басшы қызметкер лауазымына тағайындау (сайлау) туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде ұсынылуы тиіс. 25. Ломбардтың басшы қызметкерлері уәкілетті органның келісімін алғанға дейін үш айдан артық өз міндеттерін орындай алмайды. 26. Кандидатты тағайындауға (сайлауға) келісім беру немесе келісім беруден бас тарту туралы шешімді уәкілетті органның Біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) қабылдайды. 27. Комиссияның құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі. 28. Комиссия отырыстарын қажеттілігіне қарай өткізеді және оның отырысы, егер онда оның құрамының үштен екісі қатысса өкілетті болады. Шешім отырысқа қатысқандардың қарапайым көпшілік дауыстарымен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады. Комиссия төрағасы жоқ болғанда, отырысты оның орынбасары жүргізеді. Комиссияның отырыстарына хаттама жүргізу үшін Комиссияның құрамына кірмейтін хатшысы қатысады. 29. Комиссияның шешімі хаттамаға енгізіледі. Егер Комиссия мүшесінің қаралып отырған мәселе бойынша ерекше пікірі болса, бұл хаттамада көрсетіледі. 30. Комиссияның отырысына шақырылған кандидат келмеген жағдайда, оны келісу туралы мәселе Комиссияның келесі отырысына ауыстырылады. Қайтадан келмеген жағдайда, Комиссия ломбард кандидаттың Комиссия отырысына келмеу себебін көрсете отырып қайтадан өтініш бергенге дейін осы тұлғаны келісу туралы мәселені қарамастан қалдырады. 31. Комиссия кандидатты келісу туралы шешімді: 1) оны шақырмастан; 2) тесттен өткізу үшін оны шақыра отырып; 3) тесттен өткізу және Комиссияның отырысында әңгімелесу үшін оны шақыра отырып қабылдай алады. 32. Комиссия мынадай талаптардың бірі болған кезде кандидатты шақырмастан оны келісе алады: 1) кандидаттың жоғары білімі бар (бас бухгалтер үшін - жоғары экономикалық немесе жұмыс профиліне сәйкес келетін орта арнаулы білімі) және әдетте қаржы саласындағы кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар; 2) кандидат ломбардтың осындай басшы лауазымына бұрын келісілсе және ол осы басшы қызметте болған кезеңде уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан ломбардқа санкциялар қолданылмаса. 33. Осы Ереженің 31-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда кандидат тесттен өткізу рәсімінен өтеді. Тесттен өткізу компьютерлік немесе жазбаша сұрау нысанында кандидаттың тесттің 30 (отыз) сұрақтарына ұсынылған жауаптардың бірін таңдауы арқылы жүзеге асырылады. Тесттің сұрақтарына жауаптардың кемінде үш нұсқасы енгізілуі тиіс, олардың бірі дұрыс болып табылады. Тесттен өткізу уақыты 30 (отыз) минутпен шектелген. Тесттен өткізу кезінде кандидатқа қандай да болмасын жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануға тыйым салынады. Осы тармақта жазылған талаптарды бұзу тесттен өткізудің теріс нәтижесіне теңестіріледі. 34. Кандидатты тесттен өткізу кезінде тесттен өтетін кандидатпен бірге бір үй-жайда уәкілетті органның қызметкерлері ғана қатысуға рұқсат етіледі. Қажет болған кезде алдын ала жазбаша өтініш бойынша тесттен өтетін кандидаттың қарауына мемлекеттік, орыс немесе басқа шет тілдерін білетін аудармашы ұсынылады. 35. Егер кандидат тест сұрақтарының 70 (жетпіс) және одан көп процентіне дұрыс жауап берсе, тесттен өткізу нәтижесі оң болып танылады. Тесттен өткізудің теріс нәтижесі кандидатты Қазақстан Республикасының банк заңдарын жеткілікті меңгермеген деп тану және оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тарту үшін негіз болып табылады. 36. Кандидатты тесттен өткізу нәтижесі басқа қажетті құжаттармен қатар комиссияның қарауына ұсынылады. Тесттен өткізу нәтижесін және құжаттарды қарау кезінде Комиссия кандидатпен комиссияның отырысында әңгімелесу қажеттілігі туралы шешім қабылдауы мүмкін. 37. Комиссия Банктер туралы заңның 20-бабында көзделген негіздер бойынша құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап бір айлық мерзімде кандидатты сайлауға (тағайындауға) келісім беру не бас тарту туралы шешім қабылдайды. 38. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылған жағдайда, уәкілетті органмен келісім жасалмастан ломбардтың басшы қызметкері лауазымдық міндеттерін орындаудың рұқсат етілген ең жоғары мерзімін міндетті түрде орындай отырып аталған қызметкер ломбардтың уәкілетті органның шешімін алған сәттен бастап 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге қызметінен босатылады. 39. Құжаттарды қайтадан ұсынуға келісім беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан ерте ұсынуға жол берілмейді. 40. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес кандидатты сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді қайта қарайды. 41. Ломбардтың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) бұрын берілген келісім қайта қаралған жағдайда, уәкілетті орган ломбардты қажет болған жағдайда қажетті құжаттарды ұсыну талабымен анықталған фактілер туралы жазбаша хабардар етеді. Ломбард он төрт күн ішінде уәкілетті органға талап етілген құжаттарды қоса бере отырып жазбаша түсінік береді және пакетті қаралатын мәселеге қатысы бар құжаттармен толықтырады. Берілген келісімді қайта қарау туралы мәселені қарау үшін басшы қызметкердің кандидатурасы жөніндегі жазбаша қорытынды және осы мәселе бойынша құжаттармен бірге Комиссияның кезекті отырысына тиісті ломбардты оның басшы қызметкерін оны тағайындауға (сайлауға) арналған келісімді қайта қарау үшін Комиссияның отырысына шақыру туралы жазбаша хабарламамен бірге бір мезгілде ұсынылады. 42. Уәкілетті орган он күндік мерзімде ломбардқа Комиссия қабылдаған шешім туралы хабарлайды. 43. Ломбардтардың келісілген басшы қызметкерлерін есепке алу мақсатында уәкілетті орган деректер базасын қалыптастырады. 5-тарау. Ломбардтардың қызметін ұйымдастыру және реттеу 44. Ломбардтар өз қызметін ломбардтың жоғары органы бекітетін және мынадай ақпаратты қамтитын Операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже болғанда ғана жүзеге асырады: 1) берілетін кредиттердің шекті сомасы және мерзімдері; 2) берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті мөлшері; 3) операциялар жүргізу ставкалары мен тарифтері; 4) ломбардтың және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершіліктері; 5) кепіл билеті жоғалған кезде кепіл берушіге дубликаттар берудің тәртібі; 6) өзге де талаптар. 45. Операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже ломбард клиенттерінің шолуы үшін қолайлы орында орналастырылады. 46. Ломбард Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған кезде уәкілетті орган оған: 1) Банктер туралы заңның 46-бабына сәйкес әсер етудің шектелген шараларын қолдануы; 2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген негіздер бойынша айыппұлдар салуы және өндіруі; 3) Банктер туралы заңның 48-бабында белгіленген негіздер бойынша лицензияларды тоқтата тұруы не қайтарып алуы мүмкін. 47. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ломбардтардың қызметін инспекциялайды. 6-тарау. Қорытынды ережелер 48. Ломбардты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 49. Ломбард: 1) уәкілетті органның келісімі болған кезде қатысушылардың шешімі бойынша (ерікті тарату); 2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда соттың шешімі бойынша (мәжбүрлеп тарату) таратылуы мүмкін. 50. Ломбардтың оның міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға арналған қаражатының жеткілікті болуы уәкілетті органның ерікті таратуға келісімін алу үшін міндетті шарт болып табылады. 51. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі. Ломбардтарды ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесіне 1-қосымша Қазақстан Республикасының елтаңбасы Ломбардтың ұлттық валютамен Қазақстан Республикасының банктік заңдарында көзделген банк операцияларын және басқа да операцияларды жүргізуге ______________________________________________ (лицензиардың атауы) лицензиясы нөмірі ____ __ жылғы " __" ____________ мемлекеттік тіркеу нөмірі __________________________________________________ __________________________________________________ (ломбардтың толық атауы) Осы лицензия мынадай операцияларды жүргізуге құқық береді: 1._______________________________________ 2._______________________________________ 3._______________________________________ Осы лицензияның талаптарынан туындайтын құқықтар үшінші тұлғаларға берілмейді. Осы лицензия бір данада беріледі. Төрағаның орынбасары Ломбардтарды ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесіне 2-қосымша Ломбардты ашуға рұқсат ____________ ж. " " _____________ N ____________ ___________________________________________________________________ (ломбардтың толық атауы) Ломбардтың орналасқан жері:_________________________________ Аталған ломбард осы рұқсат берілген күннен бастап бір айдың ішінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өту керек. _______________ теңге сомасында жарғылық капитал толық төленгеннен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу үшін ұйымдастыру іс-шаралары және ломбардтың үй-жайын дайындау аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының банктік заңдарында көзделген банк операцияларын және басқа да операцияларды жүргізуге берілген лицензия туралы мәселені қарайды. Ұлттық валютамен Қазақстан Республикасының банктік заңдарында көзделген банк операцияларын және басқа да операцияларды жүргізуге лицензияны ломбардқа беру кезінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне ломбард осы рұқсатты қайтарады. Төраға (Төрағаның орынбасары) Ломбардтарды ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесіне 3-қосымша Фотосуретке арналған орын ______________________________________________________ (ломбардтың атауы) ____________________________________________ ұсынылған (кандидат тағайындалатын лауазымы көрсетіледі) басшы қызметкер немесе кандидат туралы деректер (баспа форматта 14-ші қәріппен ресімделеді)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |