|
|
|
Шаруашылық субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулердің ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 ж. 1 наурыздағы N 12 бұйрығы Осы редакция ҚР Бас Прокурорының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 54 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу туралы статистикалық есептілікті әрі қарайғы жетілдіру және шаруашылық субъектілердің қызметін тексеруді тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Заңымен сәйкестікке келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 11-бабы, 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып бұйырамын: 1. Шаруашылық субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулердің ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу жөніндегі қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін. 2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Р.С.Хайруллин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Бұйрық барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, Бас әскери прокурорға, Астана, Алматы қалаларының, облыстар мен оларға теңестірілгендердің прокурорларына, Комитеттің аумақтық органдарының бастықтарына жіберілсін. 4. Күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 жылдың 25 сәуіріндегі "Шаруашылық субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулерді алғашқы есепке алу құжаттарын тапсыру және тіркеу тәртібі туралы" Ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2000 жылдың 29 желтоқсанындағы N 66 бұйрығын жою туралы" N 27 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1867-нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені, 2002 ж., N 29., 634-бет); 2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 жылдың 25 сәуіріндегі "Шаруашылық субъектілердің қызметін тексеруді есепке алудың статистикалық кәртішкесінің нысандарын және оған қоса 1-П нысаны бойынша талон-қосымшаны, "Шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу туралы" есептің нысандарын, кәртішкелер мен шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу журналын, "Шаруашылық субъектілердің қызметін тексеруді есепке алудың статистикалық кәртішкесін жүргізу тәртібі туралы" N 1-П нысаны бойынша нұсқаулықты, "Шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу туралы" есепті және кәртішкелер мен шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу журналын бекіту мен іске қосу, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2000 жылдың 29 желтоқсанындағы N 67 бұйрығын жою туралы" N 28 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1868-нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені, 2002 ж., N 31., 654-бет). 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін (М.Қ.Уәйісов). 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулердің ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылдың 01 наурызындағы N 12 бұйрығымен бекітілген Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулердің ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу туралы Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулердің ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу туралы осы Нұсқаулық (әрі қарай - Нұсқаулық) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орындалған және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулерді белгілейді. 2. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу (әрі қарай - тексеру тағайындау жөніндегі акт) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тиісті аумақтық органдарымен (әрі қарай - Уәкілетті орган) жүзеге асырылады. Қалалар мен аудандардың, әскери гарнизондар мен көліктік аймақтардың аумақтарына тексерулер тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу тиісті Уәкілетті органдар бөлімшелерімен жүзеге асырылады. 3. Осы есептің субъектілері, шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдар (әрі қарай - бақылаушы органдар) болып табылады. 4. Осы Нұсқаулық төмендегідей тексерулерді жүргізумен байланысты қатынастарға қолданылмайды: мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарда; зерттеуге арналған байқаулар мен үлгілерді сұрыптау бойынша, бақылаушы сатып алулар бойынша іс-шараларды қоспағанда жедел-іздестіру іс-шараларының шеңберінде; қозғалған қылмыстық істерді, сот төрелігін және атқарушылық іс жүргізуді, төтенше жағдайларды, соның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы, қауіпті жұқпалы аурулардың қозуын тергеу шеңберінде; бақылаушы орган мен шаруашылық субъектілердің арасындағы азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардан шығатын міндеттерді орындау бойынша; шаруашылық жүргізуші субъектісінің бастамасы бойынша; мемлекеттік малдәрігерлік қызмет және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен жүзеге асырылатын малдәрігерлік және санитариялық-эпидемиологиялық заңдар нормаларының орындалуына бақылау жасау мақсатында жануарларды және жануар мен өсімдіктен шыққан шикізаттарды, оларды өңдеу арқылы шығарылған азықтарды өткізу базарларында; кедендік және шекаралық қызмет органдарының көліктік (автомобиль, темір жол, су және әуе) бақылау-өткізу пункттарында; ішкі істер мен көліктік бақылау органдарының "Шекара" бөгеуші жүйесіне кіретін күзеттерде және бақылау-өткізу пункттарында, сондай-ақ кемелерді пайдалану кезіндегі ішкі су жолдарында; көлік құралдарының жүру жолдарында (автокөлік, темір жол және су), әуежайларда және жол қозғалысы ережелерінің нормаларын және көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жататын басқа да нормативтерін сақтауды қамтамасыз ету бойынша техникалық қызмет көрсету пункттарында; қоршаған ортаны қорғау органдарының талдаулық бақылау қызметтерімен жүргізілетін қозғалмалы автокөлік құралдарының уыттылық нормаларына бақылау жасау жөніндегі күзеттерде; санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және малдәрігерлік бақылау органдарының санитариялық-карантиндік пункттарында және шекаралық пункттар мен өсімдіктердің карантиндік қызметі шекарасының күзеттерінде; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы дислокацияланған бақылау пункттарында. 2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар 5. Осы Нұсқаулықта келесі ұғымдар пайдаланылады: шаруашылық субъектілер - кәсіпкерлік қызметті, қызмет көрсету мен жұмыс жүргізуді жүзеге асыратын және тауарлық айналымның қатысушылары ретінде алға шығатын заңды немесе жеке тұлғалар (филиалдар немесе өкілдіктер); тексеру - шаруашылық жүргізуші субъектілердің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасалатын бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын өкілетті мемлекеттік органдардың іс-әрекеті; тексеру тағайындау жөніндегі акт - шаруашылық жүргізуші субъектісінің қызметіне тексеру жүргізу үшін негіз болатын бақылаушы органның құжаты (қаулы, ұйғарым, бұйрық, тапсырма, жолдама және тағы да басқа); тексерудің еселігі - бір ғана негіздер бойынша жүргізілген тексерулердің саны. 6. Тексерудің түрлері: жоспарлы - бақылаушы органмен алдын ала жоспарланған, өткен тексерулерге қатысы бойынша заңдармен белгіленген уақытша аралықтарды ескеру арқылы жүргізілетін тексеру; жоспардан тыс - Президенттің, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, басқа да өкілдігі бар мемлекеттік органдардың тапсырмаларымен немесе сұранымдарымен, депутаттық сұранымдарымен, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтарын және заңды мүдделерін бұзу туралы жүгінулерімен, өтініштерімен, шағымдарымен, хабарламаларымен және басқа да ақпараттарымен, заңдардың бұзылу, азаматтардың денсаулығы мен өмірлеріне төнген қауіп-қатердің пайда болу, авариялық жағдайлар белгілерін тікелей табумен байланысты, сондай-ақ жоспарлы іс-шаралардың нәтижесінде табылған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуына бақылау жасау мақсатында бақылаушы орган жүргізетін тексеру; өтініш бойынша - шаруашылық жүргізуші субъектісінің қызметіне қатысты бақылаушы органға келіп түскен жүгіну бойынша, анонимдікті қоспағанда, (арыз, шағым, өтініш) жоспардан тыс жүргізілетін тексерудің түрі; қарсы - тексерудегі шаруашылық жүргізуші субъектісінің келісілген міндеттері не басқа да құқықтық арақатынастары бар жеке немесе заңды тұлғаға (тұлғаға немесе өкілдікке) қатысты тапсырылған немесе алынған қосымша ақпараттың айқындылығын қайта тексеру мақсатында жоспардан тыс тәртіпте бақылаушы органмен жүргізілетін тексеру; рейдтік - Қазақстан Республикасы заңдарының жеке талаптарын сақтау мәселелері бойынша бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметін бір уақытта қамтитын тексеру; бірлескен - Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын сақтау мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектісінің қызметіне бірнеше бақылаушы органдармен жүргізілетін тексеру. 3. Ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу тәртібі 7. Бақылаушы орган тексеру тағайындау жөніндегі актіні шығарып, барлық қажетті реквизиттерді міндетті түрде толтыру арқылы, Нұсқаулыққа қоса берілетін 1-қосымшаға сәйкес 1-П нысанды шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін тексеруді есепке алу кәртішкесін (әрі қарай - 1-П нысанды кәртішке) жасайды. Тексеру тағайындау жөніндегі акт пен 1-П нысанды кәртішке тексеру басталғанға дейін тексерудегі субъектінің тұрған жеріне қарай немесе кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылу орнына қарай оларды шығару күні Уәкілетті органға тіркеу үшін тапсырылады. 8. Бейуақытта тексеру жүргізу кезінде (түнде, демалыс немесе мереке күндері), қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіп-қатерді тез арада жоюды талап ететін пайда болған әлеуметтік-экономикалық жағдайдан туған тексерудің ерекше жағдайларында, сондай-ақ бұзушылықтардың тікелей жасалған кезінде оларды тапқан және делелдемелерді орнықтыру үшін жедел әрекеттерді жүргізу қажет болған жағдайларда тексеру тағайындау жөніндегі акт пен ақпараттық есепке алу құжаттары Уәкілетті органға тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінің ішінде тапсырылады. 9. Егер тексеру тағайындау жөніндегі актісіз шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне нормативтік құқықтық актілермен тексеру жүргізу қаралған жағдайда, тексеру жүргізуші бақылаушы орган тексеру басталғаннан кейін 24 сағаттың ішінде әрбір тексерілген шаруашылық жүргізуші субъектісіне 1-П нысанды кәртішкесін қояды және оларды тиісті Уәкілетті органға тапсырады. 10. Тексеру тағайындау жөніндегі акт Уәкілетті органға екі данада (түпнұсқа мен көшірме) тапсырылады. Оның тіркелуінен кейін актінің түпнұсқасы жедел түрде бақылаушы органға қайтарылады. Актінің көшірмесі Уәкілетті органда қалады. Тексеру тағайындау жөніндегі актімен бірге Уәкілетті органға тиісті түрде дайындалған 1-П нысанды кәртішкесі тапсырылады. Бақылаушы органның қызметкері тексеру тағайындаған органның өкілдігін растайтын және тексеруге қатысы бар қажетті нормативтік құқықтық актілері бар болуы тиіс. 11. Тексеру тағайындау жөніндегі акт төмендегідей мәліметтерді қамтуы тиіс: 1) бақылаушы органның аталуы, тексеру тағайындау бойынша өкілеттігі бар тұлғаның аты-жөні, лауазымы және қойған қолы; 2) бақылаушы органның журналы бойынша тексеру тағайындау жөніндегі актінің күні мен тіркелу нөмірі; 3) тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның аты-жөні; 4) шаруашылық жүргізуші субъектісінің аталуы мен тұрған жері және оның салық салушының тіркелу нөмірі (әрі қарай - СТН); 5) тексеру түрі; 6) тексеру сұрағы; 7) тексеру жүргізудің мерзімі; 8) тексеру тағайындаудың негізі; 9) егер белгілі бір уақытша кезеңде заңды тұлғаның (филиалдың немесе өкілеттіктің) немесе жеке кәсіпкердің құжаттарын оқып-білу талап етілген жағдайда тексерілетін кезең; 10) өткен жылда шағын кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне жүргізілген тексеру туралы (өткен жыл деп тексеру жүргізілген кездегі күнтізбелік жылды айтамыз). 12. Уәкілетті органның қызметкері тіркеуге арналған ақпараттық есепке алу құжаттарын алып, тексеру тағайындалатын кездегі бақылаушы органдардың Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау мәселелерін тексереді. Тіркеуден бас тартуға негіз болмаған жағдайда, Уәкілетті органның қызметкері актіні тіркеуге тапсыру кезінен бастап 3 сағаттан кешіктірмей бақылаушы органға қайтарылатын актіде қойылатын N 1-П нысанды кәртішкенің тіркеу нөмірі болып табылатын нөмірді қою арқылы, Нұсқаулыққа қоса берілген 2-қосымшаға сәйкес шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актіні тіркеу Журналына (әрі қарай - Журнал) тиісті жазуды енгізеді. Сонымен қатар, Уәкілетті органның қызметкері Нұсқаулыққа қоса берілген 3-қосымшаға сәйкес тексеру тағайындау жөніндегі актіге мөртабан басады. 13. Тексеру тағайындау кезінде бақылаушы органдармен жасалған Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылғандығы анықталған жағдайда, Уәкілетті органның қызметкері тиісті шешім қабылдау үшін ақпараттық есепке алу құжаттарын Уәкілетті органның басшысына, ал ол болмаған кезде - оның міндеттерін орындайтын тұлғаға (әрі қарай - өкілетті тұлға) (факспен, қолма-қол, электрондық поштамен) тапсырады. 14. Тексеру тағайындау жөніндегі актіні тіркеуден бас тарту туралы қорытынды, Нұсқаулыққа қоса берілген 4-қосымшаға сәйкес (әрі қарай - қорытынды) өкілетті тұлғамен екі данада 24-сағаттың ішінде, Уәкілетті органға ақпараттық есепке алу құжаттарының келіп түскен кезінен бастап жазбаша құрылады. Егер осындай мерзім демалыс немесе мереке күніне сәйкес келген жағдайда, содан кейінгі жұмыс күніне белгіленуі қажет. Бас тарту Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының және осы Нұсқаулықтың нақты бұзылғандығын көрсету арқылы дәлелденуі қажет. 15. Тексеру тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы заңдарын бақылаушы органның сақтауы туралы мәселенің шешілуі үшін қосымша тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, шешім Уәкілетті органға ақпараттық есепке алу құжаттарының келіп түскен кезінен бастап екі күннің ішінде қабылдануы қажет. 16. Өкілетті тұлға тапсырылған ақпараттық есепке алу құжаттарын оқып-қарағаннан кейін тексерудің бастамашысын тез арада ескерту үшін қабылданған шешім туралы жазбаша қорытындыны бөлімшенің қызметкеріне (факспен, қолма-қол, электрондық поштамен) тоқтатпай жіберуге міндетті. 17. Уәкілетті органның қызметкері қорытындыны алғаннан кейін тексеруді бастаушының назарына тіркеуден бас тарту туралы уәкілетті органның шешімін жеткізеді және тексеру тағайындау жөніндегі актіде Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес тиісті мөртабанды қояды. Электрондық поштамен келіп түскен қорытындыда Уәкілетті орган қызметкерімен "Көшірме дұрыс" жазуы жазылады, қол қойылып, іс жүргізу бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының нұсқаулық-нормативтік актілеріне сәйкес сақталады. Тексеру тағайындау жөніндегі акт тіркелусіз қайтарылады, ал 1-П нысанды кәртішкесі 10-тармақты толтыру арқылы Журналда тіркеледі. 18. Өкілетті тұлға тексеру тағайындау жөніндегі актіні тіркеу қажеттілігі туралы шешімді қабылдау кезінде, тіркеу осы Нұсқаулықтың 12-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. 19. Бұрынғы тексерудің актісінде қамтылған ұйғарымдардың орындалуына бақылау жасау тәртібімен жүргізілген тексерулер Уәкілетті органда міндетті түрде тіркелуге жатады. 20. Егер басқасы заңдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық келісімдермен және осы Нұсқаулықпен белгіленбеген болса, бақылаушы органға тексеру тағайындау жөніндегі актіні тіркеуден бас тарту үшін төмендегідей негіздердің біреуі бар болса да жеткілікті: 1) бұрынғы тексерулерге қатысы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне жоспарлы тексеру тағайындау кезінде уақытша аралықтарды сақтамау, соның ішінде "Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарын бұзумен шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне бақылаушы органның тексеру тағайындауы, яғни жылына бір реттен жиі шағын кәсіпкерлік субъектісіне қаржы-шаруашылық тексеру жүргізуде, сондай-ақ салық салу органдарын қоспағанда, үш жылда бір реттен жиі 10 адамға дейін шағын кәсіпкерлік субъектісіне тексеру тағайындау; 2) құзыреттігіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылаушы органдардың шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне тексерулер тағайындауы; 3) шағын кәсіпкерлік субъектісін жоспарлы тексеру жүргізу туралы хабардар етудің Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген мерзімін сақтау жөніндегі мәліметтерінің жоқтығы. Шағын кәсіпкерлік субъектісін жоспарлы тексеру жүргізу туралы хабардар ету жөніндегі хабарлама шағын кәсіпкерлік субъектісі басшысының хабарламаны алу жөніндегі белгі (аты-жөнін, күнін, мөрін немесе қойған қолын) қою арқылы жазбаша түрде дайындалуы қажет; 4) егер тексеру тағайындау жөніндегі актіде тексеру жүргізу мерзімі 30 күнтізбелік күннен аса уақытты көрсеткен болса. 21. Актіні тіркеуде мемлекеттік органға негізсіз бас тартылса, ол жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдалуы мүмкін. 22. Тексеру тағайындаудың белгіленген тәртібін бұзумен тапсырылған құжаттар, егер актілер және ақпараттық есепке алу құжаттары тиісті дайындалмаған жағдайларда (шаруашылық жүргізуші субъектісінің аталуын, салық салушының тіркеу нөмірін, тексерудің мерзімін немесе басқа да реквизиттерді көрсетусіз, лауазымды тұлға қолынсыз және түзетулермен, тазартулармен болса) қосымша рәсімделуге қайтарылады. 23. Осы Нұсқаулықтың 8 немесе 9-тармақтарына сәйкес бақылаушы органдардың тексеру жүргізу барысында заңсыздық деректері табылса, Уәкілетті орган тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеумен қатар тексеру жүргізетін бақылаушы органға заңдардың бұзылғандығын жою туралы ұсыныс енгізеді. 24. Рейдтік тексеру тағайындау жөніндегі актіні тіркеу кезінде тексеру тағайындау жөніндегі акт Уәкілетті органға тапсырылады. Тексеру аяқталғаннан кейін Уәкілетті органға үш жұмыс күнінің ішінде әрбір тексерілген субъектіге арналған 1-П нысанды кәртішкесі және Нұсқаулыққа қоса берілген 6-қосымшаға сәйкес 1-П нысанды кәртішкеге қосымша болып келетін белгіленген үлгідегі талон (әрі қарай талон-қосымша), тапсырылады. 25. Тексеру мерзімдерін ұзартқан немесе тоқтатқан жағдайда бақылаушы орган міндетті түрде Уәкілетті органды хабардар етеді. Хабарламада тексеру тағайындау жөніндегі актінің нөмірі мен тіркелу күні, оны ұзарту не тоқтатудың нақты мерзімі көрсетіледі. Хабарлама тіркеуге жатпайды, Журналда тиісті белгі қойылады. 26. Уәкілетті органда тіркелген тексерулер көрсетілген кезеңде жүргізілмеген жағдайда, олар есептен шығарылуы тиіс, ол жайында бақылаушы орган акт дайындап, тексеру жүргізуге кедергі болған жағдайлардың пайда болған кезінен бастап үш жұмыс күнінің ішінде Уәкілетті органға жазбаша түрде хабарланады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |