|
|
|
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213 бұйрығы Осы редакция ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 373 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 13 наурыздағы N 317 қаулысына сәйкес "Ұлттық бірыңғай тестілеуді құқықтық реттеуді жетілдіру" мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін. 2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті /С.Ырсалиев/ осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге енгізсін, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже жалпы орта мектеп бітірушілерге бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесінің тәртібін белгілейді. 2. Ереже меншік нысанына және ведомствалық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан жалпы орта білім беру ұйымдарына таратылады. 3. Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) жалпы орта білім беру ұйымдары түлектерінің мемлекеттік қорытынды аттестаттауы мен жоғары және (бұдан әрі - ЖОО), кәсіптік орта (бұдан әрі - колледждер), оқу орындарына қабылдау емтихандарын бірге өткізуді көздейді. ҰБТ-ның нәтижелерін жалпы орта білім беру ұйымдары мемлекеттік қорытынды аттестаттау ретінде, ал ЖОО мен колледждер қабылдау емтихандарының нәтижелері ретінде таниды. 2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы 4. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін әрбір пунктте (бұдан әрі - ҰБТӨП) мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - МК) құрылады. 5. МК өз жұмысында "1999-2000 оқу жылының аяқталуы және Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларының емтихандарын өткізу туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 124 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 сәуірде N 1114 тіркелген. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқушыларын ауыстыру, қорытынды аттестаттау және бітіріп шығару туралы нұсқаулығын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережесін (бұдан әрі - Типтік ереже), "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау жөніндегі типтік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 сәуірде N 1118 тіркелген (бұдан әрі - Типтік ережелер) және басқа да білім саласындағы (бұдан әрі - Министрлік) орталық атқарушы органдардың құқықтық нормативтік актілеріне басшылық етеді. 6. МК құрамына мәслихат пен әкімшілік өкілдері, басқа жоғары оқу орындарының ректорлары облыстық (қалалық), оның ішінде мемлекеттік емес білім департаментінің басшылары (директор) облыстық (қалалық), аудандық (қалалық) білім басқармасының меңгерушісі, құқық қорғау органдарының өкілдері, оның ішінде жастар және бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ хатшы және білікті мамандардың ішінен таңдалған жоғары оқу орындарының, білім басқарма департаментінің білікті мамандары кіреді. 7. Ереже бойынша МК-ның төрағасы болып оның базасында ҰБТӨП құрылған ұйымның басшысы (ректор, облыстық басқарма бастығының бастығы) тағайындалады. МК құрамы министрдің бұйрығымен бекітіледі, ҰБТ-ны жоғары оқу орындарының және облыстық басқарма (департаменттерінің), аудандық білім бөлім меңгерушісінің немесе әкімшілік өкілдерінің ұсынысымен ҰБТ-ты өткізуге дейін 3 ай бұрын тағайындалады. 8. МК негізгі міндеті берілген облыстың (қаланың, ауданның) ҰБТ-ны дайындау және өткізу барысында жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді. 9. МК қойылған міндетін іске асыру үшін: 1) ҰБТ-ны өткізу барысында тұрғындар арасында ұйымдастыру және ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізеді; 2) ҰБТ-ты дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты білім беру ұйымдарымен бірлесіп әрекет жасау ҰБТ-ты технологиялық алып жүруді жүзеге асырушы ұйыммен, білім беруді басқару органдарымен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етеді; 3) Мектеп бітірушілердің тестілеуге белгіленген үлгімен өтініш қабылдауды ұйымдастырады; 4) Мектеп бітірушілердің тестілеуге кеңес өткізуді ұйымдастырады; 5) Осы облыстың (қала, аудан) тест өткізетін мектеп бітірушілеріне қолайлы жағдай туғызады; 6) Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталған соң дұрыс жауап және тестілеудің нәтижесі ілінеді; 7) ҰБТ-ны жөнінде апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастырылады; 8) ҰБТ сертификат беру ұйымдастырылады. 10. МК қойылған негізгі міндетті іске асыруда құқылы мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының қызметкерлерін аппеляциялық комиссияға кеңесші ретінде жұмысқа тарту. 11. МК-ның төрағасымен бекіткен оқу жоспарына сәйкес жұмыс істейді. МК хатшысы жұмыс жоспарын қалыптастырады, жиналыстың күн тәртібін, МК мүшелерінің қарым-қатынасын және іс-құжат жүргізуге жауап береді. 12. Егер жалпы саны 2/3 астам мүшелер қатысатын болса ғана МК мәжілісі ашық деп есептеледі. МК жиналысы көпшілік берген дауыспен төраға қол қойған хаттамасы толтырады. Егер дауыс бірдей болған жағдайда МК төрағасының дауысы шеше алады. 3. ҰБТ-ға қатысушылар 13. ҰБТ-ны өткізуге жалпы орта мектеп бағдарламасын игерген мектеп бітірушілер (бұдан әрі - мектеп бітірушілер) өз еріктерімен жіберіледі. Ерекше үлгідегі аттестатты және "Алтын белгі" белгісін, үздік аттестат алуға үміткер мектеп бітірушілері, ағымдағы жылы мектеп оқушылары ғылыми жарыстарының және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері үшін ҰБТ-ны тапсыру міндетті. Қалған мектеп бітірушілер оқу жылын аяқтау тәртібі туралы нұсқаулыққа және жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерін қорытынды аттестаттауға сәйкес орта мектеп курсы үшін қорытынды аттестаттаудан өтеді. ҰБТ-ға қатысқысы келмейтін мектеп бітірушілер нұсқаулыққа сәйкес орта мектеп курсы қорытынды аттестауды тапсыруы мүмкін. 14. Мектеп оқушыларын халықаралық алмасып оқыту жүйесі бойынша шетелдерде оқыған ЖББ білім беру ұйымдарын бітірушілерді, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерді бітіргендерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау нұсқаулыққа сәйкес өткізіледі. Бұл бітірушілердің республиканың ЖОО-на кешенді тестілеу технологиясы орындарына түсуге құқығы бар. 4. ҰБТ-ны өткізу тәртібі 15. ҰБТ-ны төрт пәннен өткізіледі: үшеуі міндетті қазақ немесе орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы және сол немесе өзге мамандыққа түсу үшін бейінді болып табылатын пәнді таңдау бойынша пәндердің біреуі. Шығармашылық мамандықтарды таңдайтын мектеп бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдаған ерікті түрде. Жоғары оқу орындарына және колледждерге қабылдау кезінде мұндай мектеп бітірушілерге олар таңдаған жоғары оқу орындары мен колледждердің қабылдау комиссиясының таңдауымен шығармашылық пән қойылады. ҰБТ-ны өткізудің технологиясын Министрлік бекітеді және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау комитетімен келісіледі. 16. ҰБТ-ға қатысу жөніндегі өтініштерді қабылдау мерзімі 15-наурыздан 30 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру мектеп бітіруші өзі білім алған жалпы орта білім беру ұйымдарында жүргізіледі. 17. Тестілеу ҰБТӨП-да 10 маусымнан 15 маусымға дейін өткізіледі. 18. ҰБТ Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы әзірлеген жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек. 19. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны-30. 20. ҰБТ-ға 3 астрономиялық сағат бөлінеді. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді: 1) Қанағаттандыра алмаған деген баға алған жағдайда; 2) Оң бағаны арттыру мақсатында. 21. ҰБТ тест тапсырмаларын бағалау конкурстық комиссия үшін 120 баллдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес баллдық жүйе бойынша бағамен бағаланады. Бағалаудағы баллдарды ауыстырудың тәртібімен шкаласын Министрлік белгілейді. 5. Апелляциялық комиссияның жұмысы туралы 22. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушының құқығын қорғау мақсатында әрбір ҰБТӨП-да апелляциялық комиссия құрылады. 23. Апелляциялық комиссияның төрағасы Министрдің бұйрығымен бекітіледі. Апелляциялық комиссияның құрамына білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді. Апелляция комиссияның құрамын МК төрағасы бекітеді. 24. Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан өтініштер қабылдайды және қарайды, жинаған баллдардың сәйкестілігін тексереді, баллдар қосу туралы шешім қабылдайды және апелляцияға өтініш берген тестілеуге қатысушыны апелляцияның нәтижесімен хабардар етеді. 25. Апелляцияға берілетін өтініш апелляциялық комиссияға тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін беріледі және апелляциялық комиссия тәулік бойына қарайды. Өтінішті комиссия төрағасының атына арнайы бланкте тестілеуге қатысушының жеке өзі береді. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, емтиханға жіберу рұқсаттамасы болуы керек. 26. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы басқарады, ол жоқ кезде төрағаның орынбасары атқарады. 27. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамындағы көпшілік дауыспен қабылданады. Егер дауыс бірдей болған жағдайда, төрағаның дауысы шеше алады. Комиссияның жұмысы хаттамамен ресімделеді, төрағаның және комиссия мүшелерінің қолдары қойылады. 28. Апелляция комиссиясының мәжіліс хаттамалары жыл бойы БТМСҰО-да сақталады. 29. ҰБТ-ны өткізудің белгіленген тәртібінің және технологиясының сақталуын бақылауды ҰБТӨП-ке министрліктің өкілетті өкілдері жүзеге асырады. 6. ҰБТ-ты нәтижесімен берілетін құжат туралы 30. ҰБТ-ны тапсырған мектеп бітірушілерге аттестат беріледі: ҰБТ-ны нәтижесі туралы сертификат (бұдан әрі - сертификат) жалпы орта білімі туралы аттестат (бұдан әрі - аттестат). Сертификат нысанын Министрлік бекітеді. Сертификаттың әрекет мерзімі осы жылдың 31 желтоқсанына дейін. 31. Мемлекеттік комиссия сертификат толтырады және ҰБТӨП-ны өткізген күннен бастап 3 күн ішінде беріледі. Сертификатқа ҰБТ-ы шеңберінде әр пәннен жинаған балл қойылады. Сертификат мемлекеттік комиссияның қолымен расталады, ҰБТӨП министрліктің өкілетті өкілдерінің мөрі басылады. 32. ҰБТ өткізген сәтте оқыған мектеп бітірушілерге білім ұйымдарымен аттестат беріледі. Жалпы білім беру пәндерінің аттестаты, ҰБТ көлемінде өткізілген ҰБТ-дан алынған баға қойылады. 33. Жоғары оқу орындарына және колледждерге қабылдау тәртібі типтік ережеге сәйкес белгіленеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |