|
|
|
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Республикалық оқушылар сарайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 481 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң "Республикалық оқушылар сарайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесінде: "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмнiң реттік нөмiрi 470-148-жолы мынадай редакцияда жазылсын: "470-148. "Республикалық қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк орталығы қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы"; 2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiмнiң реттiк нөмiрi 151-жолы мынадай редакцияда жазылсын: "151. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдiстемелiк орталығы"; 3) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына: көрсетілген қаулыға 197-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде: 7-бағандағы "Республикалық оқушылар сарайы" деген сөздер "Республикалық қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Peспубликасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |