|
|
|
2004 ж. 3 маусымда енгізілген өзгерістерге дейін қолданылған 1, 2-тармақтардың редакциясы 1. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның Алматы облысын қоспағанда облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес 8702, 8703, 8704 тауар позицияларында жіктелетін автокөлік құралдарын кедендік ресімдеу орталықтандырылсын. 2. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті (Е.Т. Қожағапанов) Алматы қаласы және Алматы облысы аймағы бойынша көлік құралдарын кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |