|
|
|
Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2133 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 485 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 54, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 111 бірлескен қаулысы Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Бақармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 171 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының л-2) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеудегі айқындық және тиімділік дәрежесін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: 1. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 485 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2133 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" басылымдарында 2003 жылғы 27 ақпан - 9 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: атауында және 1-тармақта "тізілімді" деген сөз "тізілімдер жүйесі" деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесінде: ереженің атауындағы және мәтініндегі "тізілімді", "тізілімде", "тізілімдерді" деген сөздер тиісінше "тізілімдер жүйелері", "тізілімдер жүйесінде" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алынып тасталсын; 3-қосымшадағы "басқа номиналды ұстаушылар" деген жетінші бағаны алынып тасталсын. 3. Осы бірлескен қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен соң он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді. 4. Агенттіктің Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.): 1) Агенттіктің Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығына жіберсін. 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің
"Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2133 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 485 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 54 және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 111 бірлескен қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының л-2) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - ұйымдар) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі уәкілетті орган) ұсынылатын қаржылық есеп беру тізбесін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді. 2-тарау. Қаржылық есеп беруді ұсыну 2. Ұйымның қаржылық есеп беруіне мыналар жатады: 1) 1-нысан бойынша бухгалтерлік баланс және оған қосымша (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы); 2) 2-нысан бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы); 3) 3-нысан бойынша ақша қозғалысы туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасы); 4) 4-нысан бойынша меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасы). 3. Ұйымдар қаржылық есеп беруді мынадай кезеңдер бойынша ұсынады: 1) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың төртінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей: 1-3 қосымшалары бар 1-нысан бойынша бухгалтерлік баланс; 2-нысан бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп; 3-нысан бойынша ақша қозғалысы туралы есеп; 4-нысан бойынша меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп; қаржылық есеп беруге түсіндірме жазба; есепті жылдың қаржылық есеп беруіне жүргізілген аудит қорытындылары бойынша аудиторлық есеп. 4. Қаржылық есеп берудегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі. 5. Қаржылық есеп беруді жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірліктері мың теңгемен белгіленеді. Қаржылық есеп берудегі бес жүз теңгеден аз сомалар нөлге дейін дөңгелектеніп, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сомалар мың теңгеге дейін дөңгелектенеді. 6. Қаржылық есеп берудің барлық беттері нөмірленеді, олардың жалпы саны уәкілетті органға жіберілген кездегі ілеспе хатта көрсетіледі. 7. Қаржылық есеп беруге ұйым басшысы және бас бухгалтері қол қояды және мөрмен растайды. 8. Қаржылық есеп беру уәкілетті органға қағазға шығарылып және электронды тасымалдағышпен беріледі. 9. Қағазға шығарылып ұсынылған қаржылық есеп беру мәліметтері электронды тасымалдағышпен жіберілген қаржылық есеп беру мәліметтерімен дәлме-дәл келуі керек. 10. Қағазға шығарылған қаржылық есеп беру екі данада жасалады, қаржылық есеп берудің бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы ұйымда қалады. 11. Түзетулері және тазартулары бар қағазға шығарылған қаржылық есеп беру ұйымға қайтарылады. 12. Қаржылық есеп беруге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған кезде ұйым уәкілетті органға үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың себептерін түсіндірген жазбаша өтініш береді. 3-тарау. Қорытынды ережелер 13. Осы нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіп бойынша шешіледі. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесін, нысандарын және мерзімдерін бекіту туралы нұсқаулыққа 1-қосымша 1 нысан Бухгалтерлік баланс Ұйым _________________________ 200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша (мың теңгемен)
Бірінші басшы ____________________ күні __________________ Бас бухгалтер ____________________ күні __________________ Орындаушы ________________________ күні __________________ Телефон:_____________________________________ Мөрдің орны "Бухгалтерлік баланс" нысанына 1 қосымша 200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша _________________________________________________ ұйымның "Саудаға арналған бағалы қағаздар", "Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар", "Өтелгенге дейін ұсталған бағалы қағаздар" 5, 6, 14 ескертулері (мың теңгемен)
кестенің жалғасы
Бірінші басшы ____________________ күні __________________ Бас бухгалтер ____________________ күні __________________ Орындаушы ________________________ күні __________________ Телефон:_____________________________________ Мөрдің орны "Бухгалтерлік баланс" нысанына 2 қосымша 200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша _________________________________________________ ұйымның "РЕПО" операциясы", "Кері РЕПО" операциясы", 13, 37 ескертулері (мың теңгемен)
кестенің жалғасы
Бірінші басшы ____________________ күні __________________ Бас бухгалтер ____________________ күні __________________ Орындаушы ________________________ күні __________________ Телефон:_____________________________________ Мөрдің орны "Бухгалтерлік баланс" нысанына 3 қосымша 200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша _________________________________________________ ұйымның "Орналастырылған салымдар" 15 ескертуі (мың теңгемен)
кестенің жалғасы
Бірінші басшы ____________________ күні __________________ Бас бухгалтер ____________________ күні __________________ Орындаушы ________________________ күні __________________ Телефон:_____________________________________ Мөрдің орны Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесін, нысандарын және мерзімдерін бекіту туралы нұсқаулыққа 2-қосымша 2 нысан 200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша _____________________________________________ ұйымның кірістері мен шығыстары туралы есебі (мың теңгемен) ┌──────────────────────────────┬───────┬──────┬───────┬──────┬───────┐ │ │ │Есепті│ Ағым- │Алдын-│Алдын- │ │ Баптардың атауы │Ескерту│кезең │ дағы │ дағы │ дағы │ │ │ │ішінде│жылдың │жылдың│жылдың │ │ │ │ │басын- │осыған│басын- │ │ │ │ │ дағы │ ұқсас│ дағы │ │ │ │ │кезең │кезеңі│осыған │ │ │ │ │ үшін │ үшін │ ұқсас │ │ │ │ │(өсіп │ │ кезеңі│ │ │ │ │отыра- │ │ үшін │ │ │ │ │ тын │ │(өсіп │ │ │ │ │ жиын- │ │отыра- │ │ │ │ │тықпен)│ │ тын │ │ │ │ │ │ │ жиын- │ │ │ │ │ │ │тықпен)│ ├──────────────────────────────┼───────┼──────┼───────┼──────┼───────┤ │ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ ├──────────────────────────────┴───────┴──────┴───────┴──────┴───────┤ │Бағалы қағаздар ұстаушылардың │ │тізілім жүйесін жүргізуден │ │бастап сыйақы түріндегі │ │кірістер 39 │ │Ағымдағы шоттар бойынша және │ │орналасқан салымдар бойынша │ │сыйақы түріндегі кірістер 40 │ │Сатып алынған бағалы қағаздар │ │бойынша сыйақы түріндегі │ │кірістер (купон және/немесе │ │дисконт) 41 │ │Бағалы қағаздарды сатып │ │алу-сатудан (нетто) түскен │ │кірістер (шығындар) 42 │ │Саудаға арналған және сату үшін │ │(нетто) қолда бар бағалы │ │қағаздар құнының өзгеруінен │ │түскен кірістер (шығындар) 43 │ │"Кері РЕПО" операциялары │ │бойынша кірістер 44 │ │Шетел валютасын (нетто) қайта │ │бағалаудан түскен кірістер │ │(шығындар) 45 │ │Қаржылық емес активтерді │ │жұмсаудан және активтерді │ │алудан түскен кірістер 46 │ │Басқа кірістер 47 │ │Кірістер жиынтығы │ │Комиссиялық шығыстар 48 │ │Сатып алынған бағалы қағаздар │ │бойынша сыйақы (сыйлықақы) │ │түріндегі шығыстар 49 │ │Шығарылған бағалы қағаздар │ │бойынша сыйақы түріндегі │ │шығыстар 50 │ │"РЕПО" операциялары бойынша │ │шығыстар 51 │ │Алынған заемдар және қаржылық │ │жалдау бойынша сыйақы │ │түріндегі шығыстар 52 │ │Жалпы әкімшілік шығыстар 53 │ │Оның ішінде: │ │Еңбек және іссапар төлемдерінің │ │шығыстары 54 │ │Амортизациялық аударымдар және │ │тозу 55 │ │Ағымдағы жалдау бойынша шығыстар 56 │ │Бюджетке төленетін салықтар │ │мен басқа міндетті төлемдер │ │бойынша шығыстар (корпоративті │ │табыс салығынан басқа) 57 │ ├Қаржылық емес активтерді │ │жұмсау және өткізуден шыққан │ │шығыстар 58 │ │Басқа шығыстар 59 │ │Шығыстар жиынтығы │ │Резервке (провизиялар) │ │аударардың алдындағы пайда │ │(шығын) │ │Операциялар бойынша болуы │ │мүмкін залал резервтері │ │(резервтерді қайта қалпына │ │келтіру) 60 │ │Басқа заңды тұлғалардың │ │капиталына қатысудан түскен │ │кіріс 61 │ │Салық салынғанға дейінгі │ │пайда (шығын) │ │Корпоративті табыс салығы 62 │ │Салық салынғаннан кейінгі │ │таза пайда (шығын) │ │Азшылық үлесі 63 │ │Кезең ішіндегі таза пайда │ │(шығын) │ └────────────────────────────────────────────────────────────────────┘ Бірінші басшы ____________________ күні __________________ Бас бухгалтер ____________________ күні __________________ Орындаушы ________________________ күні __________________ Телефон:_____________________________________ Мөрдің орны Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесін, нысандарын және мерзімдерін бекіту туралы нұсқаулыққа 3-қосымша 3 нысан 200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша __________________________________________ ұйымның ақша қозғалысы туралы есебі (жанама әдіс) (мың теңгемен)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |