|
|
|
"Сауда қызметiн peттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 164-ө өкімі Осы редакция 2004 ж. 30 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 1. Қоса берiліп отырған "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн. 2. Мемлекеттiк органдар тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметінiң бекiтуiне енгiзсiн. 3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар екi ай мерзiмде "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында тиiсті ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 164-ө өкімімен бекiтiлген "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң тiзбесi
ИСМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi КБА - Қазақстан Республикасының Кеден бақылау агенттігі ТМРА - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiкті қорғау агенттігі АБА - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігi ККМ - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі ДCM - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi МСА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу агенттігі АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржыминi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қоршағанортаминi - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi ІІМ - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi СIМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |