|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысымен бекiтiлген Осы редакция 2004 ж. 24 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) құзыретi шегiнде аэроғарыш қызметі саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ осы саладағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің негiзгi мiндеттерi аэроғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Комитетке заңнамаға сәйкес өкiлеттілік берiлген болса, онда оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар. 4. Комитеттiң құрылымы және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi. 5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Алматы қаласы, Фурманов көшесi, 50. 6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетi" мемлекеттік мекемесi. 7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 8. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Комитетке оның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуіне тиым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттің функциялары мен құқықтары 9. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функцияларды: аэроғарыш саласында, оның iшiнде, Қазақстанның тиiстi халықаралық ұйымдар мен институттардың қызметiне қатысуына байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын iске асыруды; Қазақстан Республикасындағы аэроғарыш инфрақұрылымының жай-күйiн және аэроғарыш техникасы мен технологияларының әлемдiк даму үрдiстерiн талдауды және дамуын болжауды; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының "Байқоңыр" кешенiн жалға алу туралы халықаралық шартты, Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметi саласындағы басқа да халықаралық шарттарын орындау жөнiндегі қызметiн үйлестiрудi ұйымдастыруды; Аэроғарыш қызметi саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ғарыш кешенін дамыту тұжырымдамаларын, бағдарламаларын және жобаларын iске асыруды; өз құзыретi шегiнде аэроғарыш қызметі саласында жұмыс iстейтін мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды басқару органдарында мемлекеттiң мүдделерін білдіруді; аэроғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн заңды тұлғалардың қызметiн талдауды; ғарышкерлердi даярлауды, аэроғарыш қызметi саласындағы кадрларды даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыруды және үйлестiрудi; өз құзыретi шегiнде "Байқоңыр" кешенiнiң ұйымдастырушылық және өзге де шаруашылық мәселелерiн шешудi; өз құзыретi шегінде ғарыш кеңiстігін пайдалану жөнiндегі "қызметті лицензиялауды жүзеге асырады; 2) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылауды қамтамсыз ететін функциялар: "Байқоңыр" кешенiн жалға алу туралы халықаралық шарттың және оған қосымша келiсiмдер ережелерiнiң орындалуын бақылау; аэроғарыш қызметі саласындағы заңнаманың орындалуын бақылау. 10. Комитеттiң негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн заңнамада белгіленген тәртiппен және өз құзыреті шегінде мыналарға құқығы бар: 1) аэроғарыш саласына шетелдiк кредиттер мен инвестициялар тарту және оларды пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 2) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға; 3) мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдар құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 4) өзiне қарайтын республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк басқару органы функцияларын жүзеге асыруға; 5) шет елдердiң мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзу және шарт жасасу туралы ұсыныстар енгізуге; 6) басқа мемлекеттік органдардың мамандарын, сондай-ақ жетекшi, оның iшiнде шетелдiк ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тартуға. 3. Комитеттiң мүлкi 11. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген, құны мемлекеттiк органның теңгерiмiнде көрсетілетiн мүлiк есебiнен қалыптастырылады. 12. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 13. Комитеттiң өзіне бекiтiлген мүлiкті өзбетінше иеліктен алуға немесе оған өзгедей әдiспен билік етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру 14. Комитеттi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң ұсынысымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Төрағаның оның ұсынысымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейді. 15. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап бередi. 16. Комитет төрағасы осы мақсатта: 1) өз орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн анықтайды; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен штат санының лимиті шегiнде Комитеттiң штаттық кестесiн бекiтедi; 3) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) заңнамамен белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн көтермелейдi, сондай-ақ оларға тәртiптiк шаралар қолданады; 5) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды; 6) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және заңнамамен белгiленген жағдайларда ведомстволық бағынысты ұйымдардың жарғыларын бекiтедi; 7) Комитетті қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiредi. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 17. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетiнiң құрылымы Басшылық Аэроғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру басқармасы Аэроғарыш бағдарламаларын қалыптастыру бөлiмi Қаржы бөлiмi Әкiмшілiк бөлiмi Халықаралық шарттар және "Байқоңыр" кешенiн жалға беру жөнiндегi жұмысты үйлестіру басқармасы Халықаралық шарттар және нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету бөлiмi "Байқоңыр" кешенiн жалға беру жөнiндегi жұмысты үйлестiру бөлiмi Жиынтық талдау және лицензиялау бөлiмi "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасы Жердегi ғарыш инфрақұрылымын дамыту және оны кадрлармен қамтамасыз ету бөлiмi Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн жалға алған объектiлердi пайдаланылуын талдау бөлiмi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Аэроғарыш комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi Республикалық мемлекеттік кәсiпорын "Инфракос" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) Мемлекеттік мекемесi "Байқоңыртеңгерiм" мемлекеттік мекемесi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |