|
|
|
Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 шiлдедегi N 1184 қаулысы (ҚР Үкiметiнiң 06.05.98 ж. N 412; 25.12.99 ж. N 1984; 02.10.00 ж. N 1487; 02.03.01 ж. N 320; 18.03.02 ж. N 326; 03.12.02 ж. N 1277; 29.04.03 ж. N 409 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 30.09.03. N 1005 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара "Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 3590 өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын. 2. Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 3. Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес; екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 қазандағы N 1244 қаулысымен бекiтiлген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистикасын жетiлдiру Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шараларын орындау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң ұйымдастыру жоспарына қажеттi өзгерiстердi әзiрлеп, енгiзсiн; 1997 жылдың 1 қарашасына дейiн Ведомствоаралық кеңестiң отырысында Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгiнiң Статистикалық және ұйымдастыру жұмыстарының жоспарын және 1998 жылы шығарылатын статистикалық материалдардың тiзбесiн қарап, оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн. 4. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгi екi апта мерзiм iшiнде 1998-1999 жылдарға арналған мемлекеттiк статистиканы реформалаумен байланысты шығындарды республикалық бюджеттен қаржыландыру жөнiндегi, Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес мақұлдаған ұсынысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын. 5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикалық статистиканы үйлестiру жөнiндегi республикалық жұмыс комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 31 қазандағы N 1413 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 шiлдедегi N 1184 қаулысына қосымша ҚР Үкiметiнiң 06.05.98 ж. N 412; 25.12.99 ж. N 1984; 02.10.00 ж. N 1487; 02.03.01 ж. N 320; 18.03.02 ж. N 326; 03.12.02 ж. N 1277 (бұрынғы ред. қара);29.04.03 ж. N 409 қаулыларымен қосымша өзгертілді Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық кеңестің Құрамы Павлов - Қазақстан Республикасы Премьер- Александр Сергеевич Министрiнiң бiрiншi орынбасары, төраға Әбдиев - Қазақстан Республикасы Статистика Қали Сейiлбекұлы жөніндегi агенттігiнің төрағасы, төрағаның орынбасары Смаилов - Қазақстан Республикасы Статистика Әлихан Асханұлы жөніндегі агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары Имашева - Қазақстан Республикасының Сағадат Оңғарбайқызы Статистика жөніндегі агенттігінің бөлім бастығы, жауапты хатшы Ведомствоаралық кеңестің мүшелері Белоног - Қазақстан Республикасы Анатолий Александрович Денсаулық сақтау вице-министрі Paxмeтoв - Қазақстан Республикасының Қаржы Нұрлан Құсайынұлы вице-министрi Таймерденов - Қазақстан Республикасының Мейрамбек Таймерденұлы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы Тоқаев Әкбар - Қазақстан Республикасы Премьер- Қуанышбайұлы Министрінің Кеңсесі Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек Батыржан Зайырқанұлы және әлеуметтiк қорғау вице-министрi; Өтеулина - Қазақстан Республикасының Еңбек Хафиза Мұхтарқызы және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Котенко - Қазақстан Республикасы Премьер- Наталья Леонидовна Министрінің Кеңсесі Экономикалық бөлімінің меңгерушісі Әбдiқадырова - Қазақстан Республикасының Бiлiм Айман Нұрқасымқызы және ғылым вице-министрi Аймақов - Қазақстан Республикасының Бауыржан Жаңабекұлы Индустрия және сауда вице-министрi Айсағалиева - Қазақстан Республикасының Софья Серiкбайқызы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының орынбасары Айманбетова - Қазақстан Республикасының Гүлбану Зарлыққызы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша) Әшiмов - Қазақстан Республикасының Нұрғали Сәдуақасұлы Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi Никитинский - Қазақстан Республикасының Евгений Сергеевич Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары Орынбаев - Қазақстан Республикасының Ербол Тұрмаханұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 шiлдедегi N 1184 қаулысына қосымша Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес құру туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң консультативтiк-кеңесшi органы болып табылады және: мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi шаралар жоспарын айқындау; статистиканы жетiлдiру процесiн iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi, мемлекеттiк органдары үшiн ұсынымдар әзiрлеу мақсатында құрылады. 2. Кеңес өзiнiң жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де заңдарды, нормативтiк құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады. II. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi 3. Осы Ереженiң 1 және 2-тармақтарына сәйкес Кеңес жұмысының негiзгi мiндеттерi: мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру процесiне ғылыми-әдiстемелiк жетекшiлiк жасау және оның халықаралық стандартқа сай болуын қамтамасыз ету; статистикалық есептiң жаңа әдiстемелерi мен нысандарын қарау; мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрумен байланысты шаралар жоспарын әзiрлеу; Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру процесiне байланысты ұсыныстарды, ұсынымдарды, нормативтiк және әдiстемелiк құжаттарды енгiзу болып табылады. III. Қызметiн ұйымдастыру 4. Кеңестi Кеңес төрағасы басқарады. 5. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру, кеңес отырысын өткiзуге дайындықты, тиiстi материалдарды, Кеңес ұсынымдарын әзiрлеудi Кеңестiң жауапты хатшысы жүзеге асырады. ҚР Үкiметiнiң 03.12.02 ж. N 1277 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара) 6. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады. 7. Кеңес отырысы оның төрағасының өз бастамашылығымен, Кеңестiң жауапты хатшысының бастамашылығымен не Кеңестiң қарауына енгiзуге ұсынатын материалдарының негiзiнде Кеңес мүшесiнiң бастамашылығымен шақырылады. 8. Кеңес шешiмдерi оның мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады, хаттамамен ресiмделедi және ұсыным сипатында болады. 9. Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi Үкiмет қарауына Кеңес құрамының кемiнде жартысымен ауызша немесе жазбаша келiсiм бойынша Кеңестiң төрағасының немесе Кеңес хатшысының атынан шығарылады. 10. Кеңес жұмысын ұйымдастыру мемлекеттiк статистиканы дамыту мен жетiлдiруге халықаралық ұйымдар желiсi бойынша бөлiнетiн гранттар мен техникалық көмек қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 11. Кеңестiң ұсынысы бойынша мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi әдiстемелiк және нормативтiк құжаттарды әзiрлеу үшiн мемлекеттiк органдардың, өзге ұйымдардың мамандары, сондай-ақ шетел мамандары шақырылуы мүмкiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |