|
|
|
Екiншi деңгейдегi банктердің есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбi туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысы (ҚР ҰБ Басқармасының 27.11.97 ж. N 405; 25.12.99 ж. N 444; 06.08.01 ж. N 299 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР ҰБ Басқармасының 2003 ж. 1 қыркүйектегі N 320 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік-құқықтың базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Екiншi деңгейдегi банктердің есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбi туралы" ереже бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін. 2. Банктік қадағалау департаменті (Н.К.Абдулина): а) заң департаментімен бірлесе отырып (А.К.Өртембаев) "Екiншi деңгейдегi банктердің есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбi туралы" ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін: б) осы Қаулыны және жоғарыда көрсетілген ережені Қазақстан Республикаcы Ұлттық Банкінің облыстық (Алматы аумактық бас) басқармаларына (филиалдарына) және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін. 3. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Г. Сәйденовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Екінші деңгейдегІ банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы ереже ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен атауы және кіріспе өзгертілді ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінің есеп айрысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбiн анықтайды. ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 1-тараудың атауы өзгертілді 1-тарау. Жалпы ережелер ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Банктің есеп айырысу-касса бөлiмi (жинақ кассасы) (бұдан әрi - есеп айырысу-касса бөлiмi) - Ұлттық Банктiң келiсiмi негiзiнде құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын, не осы Ережеге сәйкес және банк берген сенiмхат негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын филиал не өкiлдiк мәртебесi жоқ екiншi деңгейдегi банктің ерекшеленген аумақтық бөлiмшесi (бұдан әрi - банк) ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Есеп айырысу-кассалық бөлім Ұлттық Банктің келісімімен банктің өкілетті органының немесе лауазымды адамының шешімі бойынша құрылады, Ұлттық Банктің заң актілеріне, нормативтік қүқықтық актілеріне, Банктің ішкі ережелеріне және осы Ережеге сәйкес іс-әрекет етеді. ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444; 06.08.01 ж. N 299 (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді З. Есеп айырысу-кассалық бөлімді тіркеу құжаттары Банктiк қадағалау бөлiмшесiне беріледі. Әдiлет органдары есеп айырысу-кассалық бөлімдерді есепті тіркеуге алмайды. ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Есеп айырысу-кассалық бөлiм банктiң өзi орналасқан немесе оның филиалы бар жердегi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (облыс) шегiнде ғана құрылады 5. Банк өзінің есеп айырысу-кассалық бөлімдерінің қызметі үшін толық жауап береді. Есеп айырысу-кассалық бөлімдер банк қызметін жүзеге асыруға байланысты барлық талаптар мен шарттарды орындауға міндетті. ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 2-тараудың атауы өзгертілді 2-тарау. Есеп айырысу-касса бөлiмдерi орындайтын банк операцияларының негiзгi түрлерi және олардың жұмысын ұйымдастыру тәртiбi ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді; ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6. Есеп айырысу-кассалық бөлiмдер өздерiне берiлген сенiмхат шегiнде банк операцияларының мынадай түрлерiн жүзеге асыруға құқылы: 1) жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банктiк есепшоттар ашуға және жүргiзу; 2) касса операциялары: банкноттар мен металл ақшаны қабылдау, қайта санау, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау, буу және сақтау; 3) аударым операциялары: ақша аударымы бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау; 4) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру. Есеп айырысу-кассалық бөлiмдер өздерiне берiлген сенiмхат шегiнде қызметтiң мынадай түрлерiмен шұғылдануға: 1) ақпаратты таратудың кез келген түрлерiмен банк мәселелерi жөнiндегi арнайы әдебиеттi сатуға; 2) Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерiн сатуға (сақтандыру шарттарын жасауға) құқылы. Есеп айырысу-кассалық бөлiмдер қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзген кезде банктiң есеп айырысу-кассалық бөлiмi сонымен бiр уақытта Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының талаптарын ескере отырып Ұлттық Банктiң филиалындағы айырбастау пунктi ретiнде тiркелуге тиiс. 7. Есеп айырысу-кассалық бөлімдердің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдарға арналған қолданылып жүрген заңдарда белгіленген талаптарға сай қызметтік үй-жайлары болуы тиіс. ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 8. Есеп айырысу-кассалық бөлімдердің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа банктер мен ұйымдарда банктік шоттар ашуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банктiк есепшоттарын ашуға және жүргiзуге құқы жоқ. ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 9-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 3-тараудың атауы өзгертілді 3-тарау. Есеп-айырысу-касса бөлiмiн ашу және жабу тәртiбi ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 10. Банктiң қаржылық жағдайы тұрақты болса, есеп айырысу-кассалық бөлiм ашу туралы шешiм қабылданғанға дейiн үш ай бойы пруденциалдық нормативтердi және басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда, есеп айырысу-кассалық бөлiм ашқаннан кейiн он күн iшiнде Ұлттық Банкке есеп айырысу-кассалық бөлiм ашуға келiсiм беру туралы өтiнiш бередi. ҚР ҰБ Басқармасының 27.11.97 ж. N 405; 25.12.99 ж. N 444қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 11. Есеп айырысу-кассалық бөлiм ашуға келiсiм беру туралы өтiнiшке қоса мынадай құжаттар берiлуге тиiс: 1) есеп айырысу-кассалық бөлiм құру туралы, сонымен бiрге есеп айырысу-кассалық бөлiм өз қызметiн осы Ереженiң қосымшасына сәйкес есеп айырысу-кассалық бөлiм (жинақ кассасы) туралы үлгi ереже негiзiнде жүзеге асыратыны көрсетiлген банктiң уәкiлеттi органының немесе лауазымды адамының шешiмi; 2) есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң үй-жайларын тексеру актiсi және есеп айырысу-кассалық бөлiм қызметкерлерiн ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету және iрiктеу жөнiнде барлық талап етiлетiн шарттарды банктiң орындауы туралы Ұлттық Банктiң аумақтық филиалдарының қорытындысы. Есеп айырысу-кассалық бөлiм жұмыс iстеп тұрған басқа банктiң немесе банк филиалының үй-жайына орналасқан жағдайда, осы банктiң тиiстi жазбаша келiсiмi. ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 12-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) 12. алынып тасталды ҚР ҰБ Басқармасының 27.11.97 ж. N 405 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 13-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) 1З. алынып тасталды ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 14. Банктiң есеп айырысу-кассалық бөлiм құру туралы өтiнiшi осы Ереженiң 11-тармағында көзделген құжаттар түскен күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде қаралуға тиiс. Есеп айырысу-кассалық бөлiм ашу келiсiмiне банктiк қадағалау бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды. ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 15. Ұлттық Банк есеп айырысу-кассалық бөлім құруға келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартуға құқылы. 1) есеп айырысу-кассалық бөлім қүру үшін берілген құжаттардың қолданылып жүрген заң талаптарына және осы Ереженiң 11-тармағына сай келмеуі; 2) банктiң есеп айырысу-кассалық бөлiм ашу туралы шешiм қабылданғанға дейiн үш ай бойы пруденциалдық нормативтердi және басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамауы; 3) банктiң уәкiлеттi органы немесе лауазымды адамы есеп айырысу-кассалық бөлiм құру туралы шешiм қабылдағанға дейін банктің үш ай бойы шығынды жұмыс істеуі. 16. Ұлттық Банк есеп айырысу кассалық бөлім ашуға келісім беруден дәлелді бас тартуын банкке жазбаша түрде хабарлайды. ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 17. Ұлттық Банк: 1) уәкілетті органның есеп айырысу-кассалық бөлімді жабу туралы тиісті шешімінің негізінде; 1-1) есеп айырысу-кассалық бөлiм ашқан кезде банк ұсынған құжаттарда күмәнді мәлiметтер табылған жағдайда; 2) банк Ұлттық Банк белгіленген және басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамаған және\немесе 3 ай бойы шығынды жұмыс істеген жағдайда; 3) есеп айырысу-кассалық бөлімнің өз өкілеттігі шегінен тыс операциялар мен өзге қызметтерді орындағаны үшін; 4) қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де негіздер бойынша есеп айырысу-кассалық бөлім ашу келісімін қайтарып ала алады. ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды 17-1. Ұлттық Банк осы Ереженiң 15 және 17-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша банктiң есеп айырысу-кассалық бөлiм ашуына келiсiм беруден бас тартқан жағдайда, банк бас тартуды алған немесе келiсiм қайтарылған кезден бастап 10 күнтiзбелiк күн iшiнде есеп айырысу-кассалық бөлiмдi жабуға мiндеттi. ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 18. Есеп айырысу-кассалық бөлімді жабу туралы шешімді банк Ұлттық Банкке осы мәселе жөніндегі тиісті шешімді бере отырып он күнтiзбелiк күн iшiнде хабарлауы тиіс. Банктің аталған шешімінде есеп айырысу-кассалық бөлімнің жабылу себебі көрсетілуі тиіс. ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 4-тараудың атауы өзгертілді 4-тарау. Есеп айырысу-кассалық бөлiмдi тiркеудi ресiмдеу және олардың ашылуына берiлген келiсiмдi есепке алу 19. Ұлттық Банкте есеп айырысу-кассалық бөлімдерді тіркеу Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін есепке алудың арнайы кітабына тиісті мәліметтерді енгізу жолымен ресімделеді. Бұл құжат Банктiк қадағалау бөлiмшесiнде сақталады. 20. Есеп айырысу-кассалық бөлім ашуға келісім алу үшін осы Ережеде көзделген тиісті құжаттардың пакеті Банктiк қадағалау бөлiмшесiне беріледі. 21. Өшірілген не қосып жазылған, сызылған сөздері және өзге де келісілмеген түзетулері бар есеп айырысу-кассалық бөлім ашу туралы құжаттар қарауға қабылданбайды. ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 22-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) 22. алынып тасталды ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 23-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) 23. алынып тасталды ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 24. Банктiң заң iстерiне банктiң есеп айырысу-кассалық бөлiмiн ашуға берiлген жазбаша келiсiмiнiң, банктiң есеп айырысу-кассалық бөлiмiн ашуға келiсiм беруден бас тарту және келiсiмдi қайтарып алу жөнiндегi көшiрмелерi тiгiледi. ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен 25-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) 25. алынып тасталды ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 5-тараудың атауы өзгертілді 5-тарау. Қорытынды ережелер 26. Банк Ұлттық Банктің есеп айырысу-кассалық бөлім ашуға келісім беруден бас тарту туралы шешіміне заңда белгіленген тәртіппен шағымдана алады. 27. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң нормаларына сәйкес шешілуі тиіс. Төраға О. Жандосов ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. N 299 қаулысымен ереже қосымшамен толықтырылды "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбi туралы ережесiне Қосымша "БЕКІТІЛДІ" ___________________________________________ (есеп айырысу-кассалық бөлімді ашу туралы шешім қабылдаған уәкілетті органның немесе лауазымды адамның құжатының атауы көрсетілсін) ____________________________________________ (банктiң атауы) "___"__________ 200___жыл __________________ (қолы) ___________________________________________________________________________ (банктiң атауы) N ____ есеп айырысу-кассалық бөлiмi (жинақ кассасы) туралы ҮЛГI ЕРЕЖЕ Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген. 1. Жалпы ережелер 1. Есеп айырысу-кассалық бөлiм - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмiмен құрылған, заңды тұлға болып саналмайтын, филиал не өкiлдiк мәртебесi жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын _____________________________________________________ (бұдан әрi - банк) (банктiң атауы) аумақтық ерекше бөлiмшесi (бұдан әрi - есеп айырысу-кассалық бөлiм). 2. N__ есеп айырысу-кассалық бөлiм ________________________________ (есеп айырысу-кассалық бөлiм ашу туралы __________________________________________________________________________ шешiм қабылдаған уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның құжатының атауы көрсетiлсiн) 200__ ж. "__" __________ құрылды. 3. Есеп айырысу-кассалық бөлiм өз жұмысында есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң аты жазылған мөрдi, мөртабанды, бланкiлердi және банктiң рәмiзiн пайдаланады. Банк есеп айырысу-кассалық бөлiмдi банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қолданылып жүрген заңнамаларда белгiленген талаптарға сай келетiн қызметтiк бөлмелермен (үй-жайлармен) қамтамасыз етедi. 4. Банк айына кемiнде бiр рет есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң кассасындағы қалған ақшаға ревизия жасайды. 5. Есеп айырысу-кассалық бөлiмдi банк қызметiнiң арнайы субъектiсi ретiнде Ұлттық Банк тiркейдi. Есеп айырысу-кассалық бөлiмдер әдiлет органдарында есептiк тiркеуге алынбайды. 6. Бөлiмнiң Банкпен бiрге шоғырландырылған балансы болады. Банкке есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң қызметi үшiн толық мүлiктiк жауапкершiлiк жүктеледi. 7. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң мекен-жайы: __________________________________________________________________________ (қаласы, почталық индексi, көшесi, үйiнiң және пәтерiнiң (бөлмесiнiң) нөмiрi) 2. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң атқаратын қызметi және мiндеттерi 8. N__ есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң жауапты қызметкерi ___________________________________________________________________ (қызметкердiң аты-жөнi және қызметi) банк берген сенiмхат шегiнде банктiк операциялардың мынадай түрлерiн жүзеге асыруға құқылы: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 9. Есеп айырысу-кассалық бөлiм әрбiр операцияларды жүргiзу нәтижелерi бойынша банктiң шоғырландырылған балансын қалыптастыру үшiн банкке модемдiк немесе басқа да байланыс арқылы есеп айырысу-кассалық құжаттарды және басқа да ақпаратты беруге тиiс. 10. Есеп айырысу-кассалық бөлiм орындайтын операциялардың бәрi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және банктiң уәкiлеттi органы бекiткен Банктiк операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережеге сәйкес жүргiзiледi. 3. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң құрылымы 11. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң құрылымы банктiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген штаттық кестесiне сәйкес қалыптастырылады. 12. Есеп айырысу-кассалық бөлiм қызметкерлерiнiң қолданылып жүрген заңнаманың талаптарына сәйкес банк белгiлеген қызметтiк мiндеттi сапалы орындау үшiн арнайы бiлiмi және тиiстi бiлiктiлiк деңгейi болуы керек. 4. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң негiзгi құрал-жабдығы, мүлкі 13. Банк есеп айырысу-кассалық бөлiмге негiзгi құрал-жабдықты банктiң басқармасы белгiлеген көлемде бередi. 14. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң билiгiне берiлген банктiң негiзгi құрал-жабдығы банктiң балансында көрсетiледi. 15. Есеп айырысу-кассалық бөлiм өзiне берiлген құқықтар шегiнде және осы Ережеге сәйкес өз қызметiн жүзеге асырады және өзiне бөлiнген ақша мен мүлiктi басқарады. 5. Есеп жүргізу және есеп беру 16. Есеп айырысу-кассалық бөлім есеп жүргізуді және есеп беруді Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 6. Есеп айырысу-кассалық бөлімді жабу 17. Есеп айырысу-кассалық бөлім банктің ____________________________ (уәкілетті орган көрсетілсін) шешімі бойынша, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда жабылады. 18. Банк есеп айырысу-кассалық бөлімді жабу туралы шешімді он күндік мерзімде есеп айырысу-кассалық бөлімнің жабылу себебін көрсетіп, Ұлттық Банкке жіберуге тиіс. Төраға (Төрағаның орынбасары) Банктің басқармасы ____________________________ М.О. Ұлттық Банк Төрағасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |