|
|
|
Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысы (ҚР ҰБ Басқармасының 09.10.00 ж. N 377; ҚР ҚҚА Басқармасының 25.10.04 ж. N 302 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 395 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұр. ред.қара ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 25.10.04 ж. N 302 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының банк заңдарын, сондай-ақ ұлттық экономиканың қаржылық өсуiн қамтамасыз етуге ықпал ететiн шараларды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 09.10.00 ж. N 377 қаулысымен; ҚР ҚҚА Басқармасының 25.10.04 ж. N 302 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 1. Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулық бекiтiлсiн және 2000 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енгiзiлсiн. ҚР ҚҚА Басқармасының 25.10.04 ж. N 302 қаулысымен 2-тармақ өзгерту енгізілді (бұр. ред. қара) 2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Банктер қаражатының бiр бөлiгін iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 09.10.00 ж. N 377 қаулысымен; ҚР ҚҚА Басқармасының 25.10.04 ж. N 302 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Осы қаулы және Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулық күшiне енгiзiлген күннен бастап: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетелдiң қатысуымен құрылған банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 128 қаулысының; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 18 маусымдағы N 128 қаулысымен бекітілген Шетелдік қатысуымен құрылған банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру ережесінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсін. Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысымен бекітілген ҚР ҚҚА Басқармасының 25.10.04 ж. N 302 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара) Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулық ҚР ҚҚА Басқармасының 25.10.04 ж. N 302 қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Осы Нұсқаулық банктер жүргізіп отырған операциялардың тәуекелін барынша азайтуға бағытталған екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мақсатында "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын банктерді қоспағанда, екінші деңгейдегі банктердің меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге орналастыру шарттарын нақтылайды. ҚР ҚҚА Басқармасының 25.10.04 ж. N 302 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 1. Банктер есеп беретiн айдың iшiнде меншiктi қаражатын және тартылған қаражатты iшкi активтерге орналастырады бұл iшкi активтердiң орташа айлық көлемiнiң жарғылық капиталдың орташа айлық мөлшерінің, орташа айлық мөлшерінің реттелген борыштың және iшкi мiндеттемелердiң орташа айлық көлемінің қатынасы сомасына 1-ден кем болмауы тиiс. ҚР ҚҚА Басқармасының 25.10.04 ж. N 302 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптар (ақша, орналастырылған салымдар, берiлген заемдар, борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысуы, материалдық емес активтер және тазартылған қымбат металдар, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымалы және жылжымайтын мүлiк банктiң iшкi активтерi болып табылады. Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы мiндеттемелер - банктiң iшкi мiндеттемелерi болып табылады. 3. Банктiң iшкi активтерi мен міндеттемелерiнiң орташа айлық көлемi банктiң iшкi активтерi мен міндеттемелерiнiң жалпы сомасының тиiстi есеп беретiн айдағы жұмыс күнiне қатынасы ретінде есептеледi. ҚР ҚҚА Басқармасының 25.10.04 ж. N 302 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Банктің жарғылық капиталының орташа айлық мөлшері және реттелген борышы есепті кезеңнің әрбір жұмыс күнінің жағдайы бойынша жарғылық капитал мен реттелген борыш сомасының тиісті есепті кезеңнің жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі. ҚР ҚҚА Басқармасының 25.10.04 ж. N 302 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 4. Банктер қаражаттың бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру коэффициентiн осы Нұсқаулықтың 1-тармағына сәйкес есептейдi және осы Нұсқаулықтың 1 және 2 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша келесi есеп беретiн айдың бесінші жұмыс күнінің Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей қажетті материалдарды қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға тапсырады. 5. Қаражаттың бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру коэффициентiне есептеуге арналған деректер банктердiң есеп беретін күнгi қаржылық есеп нысанының деректерiне сәйкес болуы тиiс. 6. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шешiлуi тиiс. Ұлттық Банк Төрағасы Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі 1 қосымша ҚР ҚҚА Басқармасының 25.10.04 ж. N 302 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара) _______________________________________ (банктің толық атауы) 2000 ж. "____"__________ ішкі активтердің орташа айлық мөлшерінің және ішкі активтерге қаражаттың бір бөлігін орналастыру коэффициентінің Есебі ───────────────────────────┬───────────────────────────┬─────────── Активтер │ Есеп беретін айдың күндері│ Ішкі актив- │ бойынша ішкі активтер │тердің орта- │ │ша айлық ├─────┬─────┬─────┬─────┬───┤мөлшері │ 1 │ 2 │ 3 │ ... │ n │ ───────────────────────────┼─────┼─────┼─────┼─────┼───┼─────────── А │ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 ───────────────────────────┴─────┴─────┴─────┴─────┴───┴─────────── 1.1. Ақша мен салымдар: 1.1.1. Қазақстан Республи- касының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар (оның ішінде қолма-қол ақша) ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.1.2. екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талап ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.1.3. Қазақстан Республи- касының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарына қойылатын талаптар ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.1.4. басқа заңды тұлғаларға қойылатын талап ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.2. Берілген заемдар: ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.2.2. екінші деңгейдегі банктер ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.2.3. Қазақстан Республи- касы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.2.4. басқа заңды тұлғаларға ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.2.5. жеке тұлғаларға ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.3. Борыштық бағалы қағаздар ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.3.1. Қазақстан Республи. касы Ұлттық Банкінің ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.3.2. екінші деңгейдегі банктің ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.3.3. Қазақстан Республи- касы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.3.4. басқа заңды тұлғаның ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.4. Дебиторлық берешек: ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.4.1. Қазақстан Республи. касы Ұлттық Банкінің ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.4.2. екінші деңгейдегі банктің ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.4.3. Қазақстан Республи- касы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.4.4. басқа заңды тұлға ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.4.5. жеке тұлға ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.5. Жарғы капиталына қатысуы: ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.5.2. екінші деңгейдегі банктер ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.5.4. басқа заңды тұлғалар ─────────────────────────────────────────────────────────────────── Қазақстан Республикасы резиденттері не талаптардың орташа айлық мөлшерінің жиынтығы: ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.6. Тазартылған қымбат металдар ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.7. Жылжитын мүлік ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.8. Жылжымайтын мүлік ─────────────────────────────────────────────────────────────────── 1.9. Материалдық емес активтер ─────────────────────────────────────────────────────────────────── Қазақстан Республикасы аумағына қарасты активтердің орташа айлық мөлшерінің жиынтығы: (ІА) Ішкі активтердің орташа айлық мөлшерінің жиынтығы: ─────────────────────────────────────────────────────────────────── Жұмыс күнінің айлық саны (n =) _______ банктің меншік капиталының мөлшері (МК) _______ жарғылық капиталдың орташа айлық мөлшері _______ Ішкі активтердің орташа айлық мөлшері _______ Ішкі міндеттемелердің айлық мөлшері _______ Ішкі активтерде қаржы бөлігін орналастыру коэффициенті К (саны): _______ Банктің басшысы __________ Бас бухгалтер __________ күні мөр Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі 2 қосымша ҚР ҚҚА Басқармасының 25.10.04 ж. N 302 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара) _______________________________________ (банктің толық атауы) 2000 ж. "____"__________ ішкі міндеттемелердің орташа айлық мөлшерінің Есебі ──────────────────────────┬───────────────────────────┬───────────── │ Есеп беретін айдың күндері├Қазақстан Міндеттемелер және │ бойынша ішкі │Республикасы жарғылық капитал │ міндеттемелер │резидентте- ├─────┬─────┬─────┬─────┬───┤рінің алдын- │ 1 │ 2 │ 3 │ ... │ n │дағы орташа │ │ │ │ │ │айлық ішкі │ │ │ │ │ │міндеттемелер ──────────────────────────┼─────┼─────┼─────┼─────┼───┼───────────── А │ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 ──────────────────────────┴─────┴─────┴─────┴─────┴───┴───────────── 2.1. салымдар: ──────────────────────────────────────────────────────────────────── 2.1.2. екінші деңгейдегі банктер ──────────────────────────────────────────────────────────────────── 2.1.3. Қазақстан Республи- касы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының ──────────────────────────────────────────────────────────────────── 2.1.4. басқа заңды тұлғалар ──────────────────────────────────────────────────────────────────── 2.1.5. жеке тұлғалар ──────────────────────────────────────────────────────────────────── 2.1.6. Қазақстан Республи- касы Ұлттық Банкінің ────────────────────────────────────────────────────────────────────
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |