|
|
|
Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 31 шілдедегі N 1165 қаулысы (ҚР Үкіметінің 14.04.01 ж. N 490; 03.04.02 ж. N 397; 29.08.03 ж. N 887 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 13.04.04 ж. N 413 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын тиімді үйлестіру және жүзеге асыру, жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультативтік-кеңесші орган ретінде Жастар ісі жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Кеңестің Ережесі және Құрамы бекітілсін. 3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді, Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Кеңес өз қызметін мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ қызметі Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін халықаралық және басқа мемлекеттердің өзге де ұйымдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырады. 4. Кеңестің шешімдері ұсыныстық сипатта болады. 2. Кеңестің мақсаты мен міндеттері 5. Кеңестің мақсаты елдегі мемлекеттік жастар саясатының аса маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 6. Кеңестің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: 1) жастар проблемаларын жан-жақты және әділ зерделеу, қорыту және талдау; 2) мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 3) жастар мәселелері бойынша заңдық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын талдау және сараптау; 4) халықаралық жастар ынтымақтастығының басым бағыттарын әзірлеу; 5) мемлекеттік жастар саясатының жағдайы мен іске асырылу перспективасы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын хабардар ету. 3. Кеңесті ұйымдастыру және қызметінің тәртібі 7. Кеңес мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады. 8. Кеңес отырысы кемінде жарты жылда бір мәрте өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Кеңес төрағасының немесе Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен шақырылады. 9. Кеңес отырысы Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде төрттен үші қатысқан жағдайда ғана құқылы болып саналады. 10. Кеңес шешімі ашық дауысқа салынып қабылданады және егер оған Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыс теңдігі жағдайында төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. 11. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда мыналарға құқылы: 1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға; 2) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары жастар мәселелері бойынша шешімдер қабылдауы кезінде ұсыныстар енгізуге; 3) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық деректер банкін пайдалануға; 4) ғылыми ұйымдарды, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда жұмыс істейтін ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тартуға. 4. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету 12. Кеңестің қызметін ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне жүктеледі. 5. Кеңестің қызметін тоқтату тәртібі 13. Кеңестің қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің Құрамы ҚР Үкіметінің 14.04.01 ж. N 490; 03.04.02 ж. N 397; 29.08.03 ж. N 887 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, төраға Кәлетаев - Қазақстан Республикасы Дархан Аманұлы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) Кеңес мүшелері:Адамсопиев - Қазақстан Жастар одағыныңБақыт Нұртасұлы бірінші хатшысы (келісім бойынша) Баймұханов - Маңғыстау облыстық мәслихатының Нұрбол Болатұлы депутаты (келісім бойынша) Алшанов - Қазақстан Республикасының Рахман Алшанұлы жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті (келісім бойынша)Бексұлтанов Мәди Қазбекұлы - "Қазақстанның болашағы үшін" республикалық жастар қозғалысының төрағасы (келісім бойынша) Гусак Дмитрий Георгиевич - Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі жастар саясаты бөлімінің бастығы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) Деймунд Виктор Георгиевич - Қазақстан скауттері қозғалысының президенті (келісім бойынша) Дьяченко Сергей Александрович - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика Наталья Артемовна және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Конвисарева - Қостанай облысы балалар мен Любовь Петровна жастар ұйымдары қауымдастығының төрайымы (келісім бойынша) Тупицын Сергей Геннадьевич - Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, тұрақты комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Фукс Ирина Владимировна - Қазақстан неміс жастары одағының төрайымы (келісім бойынша) Алтынбаев - Қазақстан Республикасының Мұхтар Қапашұлы Қорғаныс министрiБеркімбаева - Қазақстан Республикасының БiлiмШәмша Көпбайқызы және ғылым министрiЖағанова - Қазақстан Республикасы Көшi-қонАлтыншаш және демография жөнiндегiҚайыржанқызы агенттiгiнiң төрайымы Досқалиев - Қазақстан Республикасының Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау министрi Қарағұсова - Қазақстан Республикасының Еңбек Гүлжан Жанпейісқызы және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Құдайбергенов - Алматы қаласы Жастар саясатын Арман Білімұлы дамыту мемлекеттiк қорының директоры (келiсiм бойынша)Смайылов - Қазақстан РеспубликасыныңӘлихан Асханұлы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Iшкi Қайырбек Шошанұлы iстер министрi Тұрлыханов - Қазақстан Республикасының Туризм Дәулет Болатұлы және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы Рябченко - Қазақстан Республикасының Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары Оразов - Қазақстан Республикасының Нұрай Нұрғожаұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры, хатшы Құлекеев Жақсыбек - Қазақстан Республикасының Білім Әбдірахметұлы және ғылым министрі Әбдірахымов - Қазақстан Республикасының Ғабидолла Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Рахматоллаұлы агенттігі төрағасының орынбасары, "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бітірушілерінің қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) Әлжан - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ақсәуле Қанатқызы ұлттық университетінің студенті (келісім бойынша) Бейсенов - Қарағанды облыстық мәслихатының Арман Қадырбайұлы депутаты, Қарағанды облыстарының әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі (келісім бойынша) Өрсариев - Қазақстан Республикасы Арын Амангелдіұлы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің аға сарапшысы, "Қазақстан жастары конгресі" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) Сыздықова - Астана қаласы мәслихатының Бақыт Ахметқызы депутаты, "Астана қаласының Қазақстанның болашағы үшін" жастар қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша) Өтешев - "Қазақстан жастары конгресі" Нұрлан Сүлейменұлы қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |