|
|
|
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы және қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ереженi бекiту жөнiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысы (ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 320 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара) "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы және қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ереже бекiтiлсiн, ол және осы қаулы 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiлсiн. ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.): 1) Заң департаментiмен (Шәріпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы және қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы және қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін. Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысымен бекітілген Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы және қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ереже ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Жалпы ережелер ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi, Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногындағы актуарийлiк қызметтi (бұдан әрi актуарийлiк қызмет) жүзеге асыру талаптарын, актуарийлiк қызметтi жүргiзуге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу негiздерi мен тәртiбiн, сондай-ақ актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі және қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктерін белгiлейдi. 2. Актуарийлiк қызмет Заңға, уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiне және актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерiне (стандарттарына) сәйкес жүзеге асырылады. 3. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында актуарийлiк қызметтi жүргiзуге лицензия (бұдан әрi - лицензия) беру уәкiлеттiгi бар бiрден-бiр лицензиар болып табылады. 4. Лицензия иелiктен алынбайтын, яғни лицензиат басқа жеке және заңды тұлғаларға бермейтiн болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. 5. Лицензиясы бар жеке адам актуарий ретiнде қызмет етуге құқылы. 6. Актуарийдiң лицензия ережелерiн сақтауына уәкiлеттi мемлекеттiк орган бақылау жасайды. 2. Актуарийлiк қызмет 7. Актуарийлiк қызметтiң мiндетi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiнiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер мөлшерiн экономикалық-математикалық есептеудi жүзеге асыру болып табылады. Актуарийдiң қызметiне мынадай қызметтер көрсету кiредi: 1) сақтандыру резервтерiн қалыптастыру әдiстерi мен көздерi жөнiнде консультациялар мен нұсқамалар; 2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабiлеттiлiгiн бағалауға байланысты мәселелер бойынша қызметтер; 3) сақтандыру тарифтерiн есептеу методологиясы мен экономикалық негiздемелер әзiрлеу; 4) заңнамада қабылданған сақтандыруды жiктеуге сәйкес сақтандыру тәуекелдерін зерттеу және жүйелеу; 5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру ережелерiнде көрсетiлген сақтандыруды жүзеге асыру жөнiндегi талаптарды экономикалық негiздеудi бағалау; 6) сақтанушыларға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша берiлетiн заемдар мөлшерiн айқындау; 7) актуарийлiк есептеулер мәселелерi бойынша консультациялық қызмет көрсету; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қаржы рыногындағы өзге де қызметтер. 8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қабылданған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуі үшін актуарий есептеген көлемде қалыптастырылған сақтандыру резервi мiндеттi түрде болуы тиiс. ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 9. Актуарийлiк есептеулердi мынадай түрлерге бөлуге болады: 1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша: міндетті - есепті жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бірінші жарты жылдықта, сондай-ақ Заң талаптарын ескере отырып және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге жағдайларда есепті жылда жүзеге асырылатын; бастамамен - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бастамасы бойынша жүзеге асырылатын; 2) сақтандыру саласына (сыныбына) жатқызылуына байланысты және қайта сақтандыру бойынша - "өмiрдi сақтандыру" саласы немесе "жалпы сақтандыру" саласы бойынша, қайта сақтандыру немесе Заңмен белгiленген жiктеуге сәйкес сыныптар бойынша жүзеге асырылатын; 3) жасалу мақсаты бойынша: есептi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен есеп беру кезеңi iшiнде жасалған және есеп беру кезеңiнiң аяғында жарамды болатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есеп берiлетiн күнi жүзеге асырылатын; жоспарлы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәжiрибесiне уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген сақтандыру ережелерiне сәйкес сақтандырудың жаңа сыныбы бойынша сақтандыруды (қайта сақтандыруды) енгiзу кезiнде; кейiнгi - бұрын жүргiзiлген актуарийлiк есептеулердi түзету мақсатында; 4) қолданылу масштабы бойынша: жалпы - Қазақстан Республикасының барлық аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде пайдалануға есептелген аймақтық - Қазақстан Республикасының жекелеген облыстары мен аймақтары үшін жасалған; жеке - жекелеген сақтанушының немесе сақтанушылар тобының (заңды және/немесе жеке тұлғалар) деректерi бойынша орындалған. 10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінiң мөлшерiн актуарийлiк бағалау толық болуына және объективтiлiк принциптерiне негiзделедi және актуарий қорытындысы нысанында ресiмделедi. Актуарий мiндеттi немесе бастамалық актуарийлiк есептеулер шегiнде жүргiзiлген сақтандыру резервтерiнiң талап етiлетiн мөлшерiн бағалауға байланысты жасаған актуарийлiк қорытынды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде орындауы қажет. 11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы толық және объективтi түрде актуарийлiк қорытынды жасау үшiн актуарийге өзiнде бар құжаттарды (деректердi) және олар қосымша сұратқан негiзгi сақтандыру қызметiне қатысты, актуарийге актуарийлiк есептемелер жасау қажеттi деректердi ұсынады. ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызметіне актуарийлік бағалауды өткізу нәтижелері бойынша жасалған актуарийлік қорытындыда: актуарийлік есеп айырысуларды модельдеу мен жүзеге асыру әдістемесінің, прициптерінің сипаттамасы; актуарийлік есеп айырысуларда қолданылған статистикалық және өзге де деректер; қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын есепке алу журналының көшірмесі; есепті кезеңде жарияланған шығындарды есепке алу журналының көшірмесі; қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерін есептеген кезде қолданылатын, оның ішінде сақтандырудың ерікті және міндетті нысандары бойынша жеке есепті кезеңде жарияланған шығындардың жалпы мөлшері; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қосымша тәуекелдің болуы немесе болмауы туралы қорытынды. Қосымша тәуекел болған жағдайда қажетті қосымша резервтердің мөлшерін көрсету қажет; өмірді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін есептеген кезде қолданылатын қайтыс болу кестесі (қалыптасу көзі, құру әдістемесі) жөніндегі қорытынды; тартылған мамандар тарапынан актуарий алған көмектің сипаты; актуарийдің қарауы бойынша актуарийлік қорытындыға енгізілуге жататын өзге де материалдар болуы тиіс. 13. Актуарийлiк қорытынды кемiнде үш дана етiп N 1 Қосымшаға сәйкес үлгi нысанға сәйкес ресiмделедi және актуарийдің өзi қол қояды. Актуарийлiк қорытындының бiр данасы актуарийде сақталады, бiр данасы уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiледi (мiндеттi актуарийлiк қорытынды жасалғанда), ал қалғаны - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқаруына берiледi. 14. Актуарий: 1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есебiмен және актуарийлiк есептеулер жүргiзу не актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңнамада рұқсат етiлген өзге де қызмет түрлерiн көрсету үшiн пайдалану (зерделеу) қажет болатын өзге де құжаттарымен танысуға; 2) мемлекеттiк органдарға және басқа да ұйымдарға актуарийлiк қорытынды әзiрлеу (басқа да қызмет көрсету) үшiн қажеттi мәлiметтер мен мәселелер бойынша құжаттар беру туралы ресми сұраныс жiберуге; 3) тиiстi шарттар (келiсiмдер) жасауға және басқа актуарийлерге немесе мамандарға жасалатын актуарийлiк қорытынды шеңберiнде жекелеген мәселелердi зерттеу мен талдауды тапсыруға құқылы. 15. Актуарий: 1) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына актуарийлiк есептеулердi жүзеге асыруға, актуарийлiк қорытынды жасауға және/немесе өзге де қызметтер көрсетуге тиiстi шарт жасасу үшiн негiз болып табылатын құжаттарды беруге; 2) актуарийлiк қорытындыны және қажеттi актуарийлiк есептеу нәтижелерiн, пайдаланылған әдiстемелер мен актуарийлiк рұқсат берулерге сипаттамаларды, тиiстi негiзделген деректердi және басқа да қолда бар материалдарды қоса бере отырып басқа ресми құжаттарды жасауға; 3) олар жасайтын шарттардың (келiсiмдердiң), жасалатын актуарийлiк қорытындының және өз қызметi туралы басқа да деректердiң есебiн уақтылы әрi толық жүргiзуге; 4) уәкiлеттi мемлекеттiк органға актуарийлiк есептеулердiң нәтижелерiн, олардың сипаттамаларын және қолда бар растау құжаттарының көшiрмелерiн қоса бере отырып, сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтамауы жөнiнде өздерi анықтаған фактiлер туралы кейiнге қалдырмай жазбаша нысанда хабарлауға; 5) уәкiлеттi мемлекеттiк органға әзiрленген актуарийлiк қорытындылардың саны мен түрлерi (өзге де қызмет түрлерi), олар бойынша шағым талаптардың бар екендiгi туралы әрбiр жарты жылдық қорытынды бойынша ақпарат беруге; 6) актуарийлiк қызметке байланысты барлық құжаттарды кемiнде бес жыл сақтауға; 7) сақтандыру құпиясы мен коммерциялық құпияны сақтауға мiндеттi. 16. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган актуарийден олар жасаған актуарийлiк қорытындыға байланысты ақпаратты сұратуға құқылы. 17. Сақтандыру саласы (сыныбы) бойынша сақтандыру резервтерiнiң актуарийлiк есептеулерiн жүзеге асырудың жалпы методологиясы мен әдiстемесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады және реттеледi. 3. Лицензия беру тәртiбi 18. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға лицензия алу үшiн мыналар өтiнiш беруге құқылы: 1) жоғары бiлiмi, қаржы саласында бiр жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi бар, осы Ереженiң 19-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген бағдарлама бойынша оқуға қатысқан жеке тұлға; 2) актуарий мәртебесi бар және N 2 қосымшасында көрсетiлген елдердiң актуарийлер қауымдастығының (қоғам немесе өзге де бiрлестiк) мүшесi болып табылатын жеке тұлға. ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 19. Лицензия алу үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға мынадай құжаттар ұсынылады: 1) N 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; 2) лицензия алуға кандидаттың N 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнамасы; 3) жеке басы куәлiгінiң (төлқұжатының) көшiрмесi; 4) жоғары бiлiм туралы дипломның нотариат куәландырған көшiрмесi; 5) еңбек кiтапшасының немесе қаржы саласындағы талап етiлетiн жұмыс стажын растайтын басқа да құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi; 6) лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi; 7) лицензия алуға кандидаттың актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасы бойынша оқуға қатысқанын және тиісті емтихандарды сәттi тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелері N 5 қосымшада көрсетiлгендер тiзбесiне сәйкес (осы Ереженiң 18-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдар үшiн). N 5 қосымшада көзделген ең төменгi бағдарламаны орындауды қамтамасыз ететiн ұйымдардың Қазақстан Республикасында актуарийлердi оқытуға құқығы бар; 8) актуарийдiң мәртебесiн және N 2 қосымшада көрсетiлген елдердiң актуарийлер қауымдастығына (қоғам немесе өзге де бiрлестiк) мүшелiгiн растайтын құжаттардың көшiрмесi (осы Ереженiң 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар үшiн); 9) тиiстi актуарийлер қауымдастығының (қоғам немесе өзге де бiрлестiктiң) ұсыным хаты (осы Ереженiң 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар үшiн). 20. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға толық құжаттар жинағының осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес түскен күнi лицензия беруге арналған құжаттарды ұсыну күнi болып есептеледi. 21. Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, шетелдiк ұйымдардан шығатын құжаттар нотариат куәландыра отырып мемлекеттiк тiлге немесе орыс тiлiне аударылуы және Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнiң заңдастырылуы тиiс. 22. Лицензия алуға кандидат өздерi ұсынған құжаттардағы мәлiметтердiң шынайы және толық болуына жауап бередi. 23. Лицензия беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап он күннiң iшiнде қарауы тиiс. 24. Лицензия N 6 қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi. 25. Лицензия беруден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкiн: 1) егер лицензия алуға кандидат осы Ереженiң 17-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе; 2) егер осы Ереженiң 18-тармағында көзделген барлық құжаттар ұсынылмаса; 3) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса; 4) егер лицензия алуға кандидат уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясынан (бұдан әрi - бiлiктiлiк комиссиясы) оң қорытынды алмаса. 26. Бiлiктiлiк комиссиясы мына негiздер бойынша лицензия алуға талапкер тұлғаның кандидатурасы бойынша терiс қорытынды беруге құқылы: 1) актуарийлiк қызмет негiздерi туралы жеткiлiктi бiлiмi болмаса; 2) сақтандыру және сақтандыру қызметi мәселелерi бойынша жеткiлiктi бiлiмi болмаса; 3) халықаралық принциптер мен сақтандыруды қадағалауды ұйымдастыру және актуарийлiк қызмет стандарттары туралы жеткiлiктi бiлiмi болмаса. 27. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздерiн көрсете отырып лицензия беруден бас тарту туралы хабарлайды. ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен 28-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) 28. алынып тасталды 29. Актуарий лицензияны жоғалтқан жағдайда көшiрме алуға құқығы бар. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган актуарийдiң жазбаша өтiнiшi бойынша он күн iшiнде лицензияның көшiрмесін бередi. 30. Актуарий аты-жөнi өзгерген жағдайда бiр айлық мерзiмде аталған мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. 31. Лицензияны беру, қайта ресiмдеу және лицензияның көшiрмесiн беру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде және тәртiппен лицензиялық алым төлейдi. 32. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган оларға берiлген лицензияның тiзiлiмiн жүргiзедi. 4. Лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу 33. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган актуарийдiң лицензиясын тоқтату немесе қайтарып алу туралы шешiмдi Заңда көзделген негiздер бойынша қабылдайды. 34. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешiмде оның қолданылуын тоқтату мерзiмi және Заңда көзделген негiздеме көрсетiлуi тиiс. 35. Осындай шешiм актуарийге жiберiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатылған деп саналады. 36. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ақпарат екi республикалық газетте жарияланады. ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 37. Заңнаманы бұзу және лицензияның қолданылуын тоқтату үшiн негiз болған өзге де жағдайлар жойылғаннан кейiн актуарий заңдардың бұзылуын немесе лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болып табылған өзге талаптарды жою фактісін растайтын құжаттарды қажет болғанда қоса бере отырып лицензияның қолданылуын тоқтату мерзiмiн қайта қарау не лицензияның қолданылуын тоқтатуға белгiленген мерзiм бiткенге дейiн оның қолданылуын жаңарту туралы өтініш беруге құқылы. ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен 38-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 38. Актуарий лицензияның қолданылуын тоқтату үшiн негiз болған жөнсiздiктер немесе өзге де жағдайлардың жойылғанын куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру қызметіне қадағалауды жүзеге асыратын бөлiмшесi өз қорытындысын әзiрлейдi, уәкiлеттi мемлекеттiк орган соның негiзiнде лицензияның қолданылуын жаңарту туралы шешiм қабылдауға құқылы. 39. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган актуарийдiң лицензияны тоқтату мерзiмiн қайта қарау немесе лицензияның қолданылуын жаңарту туралы өтiнiшiн қарауға және өтiнiш берiлген күннен бастап он күннен кешiктiрмей тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi. 40. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензияны қайтарып алуы туралы шешiмiнде оны қайтарып алу негiзi көрсетiлуi тиiс. 41. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның актуарийдiң лицензиясын қайтарып алу туралы шешiмi мұндай шешiмдi актуарийге жiберген не баспа бетiнде жариялаған күннен бастап күшiне енедi. Лицензияны қайтарып алу туралы ақпарат екi республикалық газетте жарияланады. 5. Бiлiктiлiк комиссиясы 42. Бiлiктiлiк комиссиясын уәкiлеттi мемлекеттiк орган құрады. ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен 42-1-тармақпен толықтырылды 42-1. Біліктілік комиссиясының консультанттар мәжілісіне ретінде оның құрамына кірмейтін, актуарийлік қызмет саласында тиісті білімдері мен дағдылары бар тұлғалар шақырылуы мүмкін. ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен 43-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 43. Бiлiктiлiк комиссиясы бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсiнде әңгiмелесу нысанында лицензия алуға кандидаттың, сондай-ақ актуарий осы Ережеде көзделген тәртіппен әр екі жыл сайын өткізілетін біліктілік емтиханын тапсырған кезде бiлiм деңгейi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптарға сәйкес болуын тексередi. ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен 44, 45-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара) 44. алынып тасталды 45. алынып тасталды ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 16.02.04 ж. N 38 қаулысымен 5-1-тараумен толықтырылды 5-1. Біліктілік емтиханы 45-1. Актуарий лицензия берілген күннен бастап әр екі жыл сайын тестілеу нысанында біліктілік комиссиясы өткізетін және актуарийдің осы Ереженің 5-қосымшасына сай ең төменгі бағдарламаға сәйкес қажетті білім деңгейі мен біліктілігінің бар екенін растайтын біліктілік емтиханын тапсыруға міндетті. Біліктілік емтиханына тестілеуден өту және Біліктілік комиссиясымен әңгімелесу жатады. 45-2. Актуарий лицензияны алған не бұрынғы біліктілік емтиханынан өткен сәттен бастап екі жылдық мерзім аяқталғаннан кейін екі ай ішінде уәкілетті мемлекеттік органға осы Ереженің 7-қосымшасына сай нысан бойынша өтінішпен хабарласады. Актуарийдің өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның көшірмесі; 3) бұрынғы біліктілік емтиханының тапсырылғаны туралы мәліметтер; 4) барлық растайтын құжаттармен қоса (қызмет көрсету шарттарының көшірмелері, актуарийлік қорытындылардың көшірмелері) сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру жөніндегі ақпарат. Актуарий көрсетілген мерзім ішінде хабарласпаған жағдайда актуарий біліктілік емтиханын тапсырмаған деп саналады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |