|
|
|
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 14 маусымдағы N 647 қаулысы (ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. N 1184 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 1 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Индикативтiк және бюджеттiк жоспарлау процестерiн үйлестiрудi, орталық, жергiлiктi атқарушы және өзге мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын қалыптастыру жөнiндегi өзара iс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Ережеге сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының алдағы және кейiнгi кезеңдерге арналған индикативтiк жоспарларын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн. 3. Ұлттық компаниялар: 1) үстiмiздегi жылдың 15 маусымына дейiн 2002 жылға арналған Даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзудi; 2) бұрын бекiтiлген 2002 жылға арналған даму жоспарларын Ережеге сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн. 4. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 432 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 жыл, N 17, 170-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. N 1184 қаулысымен Ережеге өзгерістер енгізілді Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ЕРЕЖЕСI 1-бөлiм. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын (бұдан әрi - индикативтiк жоспарлар), ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзiрлеу ұғымын және әдiснамалық негiздерiн, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдардың, ұлттық компаниялардың оларды қалыптастыру жөнiндегi өзара іс-қимылының тетiгiн белгiлейдi. 2. Индикативтiк жоспар: ел экономикасының сыртқы және iшкi факторларға байланысты таяудағы үш жылдағы даму қарқынын негiздейтiн; орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардың экономиканың жеке меншiк және мемлекеттiк секторларын дамыту және Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауына Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Бағдарламасына сәйкес жоспарланатын кезеңде Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуi үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi iс-қимылдарын айқындайтын; әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттiк реттеуiштерiнiң көрсеткiштерi (индикаторлары) мен тiзбесiн қамтитын құжат болып табылады. 3. Индикативтiк жоспардың мақсатты параметрлерi ретiнде экономиканың серпiнiн, құрылымын және тиiмдiлiгiн сипаттайтын әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi (индикаторлары) пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi (бұдан әрi Министрлiк) әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң (индикаторларының) нақты тiзбесiн белгiлейдi. 4. Белгiленген мақсаттарға жету үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң экономикалық қызметiне ықпал етудi реттейтiн негiзгi құралдар құқықтық регламенттеу және экономикалық тұтқалар жүйесi болып табылады. Экономикалық реттеу тұтқаларының тiзбесi және iс-әрекетiнiң бағыттылығы, нақты сандық мәндер индикативтiк жоспарлау процесiнде айқындалады. 5. Индикативтiк жоспарлау - Yкiмет пен облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң жоспарланатын кезеңде Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Бағдарламасында белгiленген мақсаттарға жетуге бағытталған шаралар кешенiн әзiрлеу процесi. 6. Индикативтiк жоспарлау: 1) әлемдiк және отандық экономиканы, сыртқы, iшкi тауар және қаржы рыноктарын дамытуды экономикалық талдау мен болжауға негiзделедi; 2) елдiң және оның аймақтарының экономикасын дамытудың серпiндiлiгiн қамтамасыз етедi; 3) жоспарланатын кезеңде Қазақстан Республикасы дамуының әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешу кезiнде кешендi көзқарасты қамтамасыз етедi; 4) аймақаралық ықпалдастықты дамытуға және халық кiрiстерiнiң артуына ықпал етедi; 5) нарықтық тетiктердiң iс-әрекетi негiзiнде экономиканың өздiгiнен реттелуiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз етуге ықпал етедi. 2-бөлiм. Индикативтiк жоспарлау жүйесi 7. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығына қарай индикативтiк жоспарлар республикалық және аймақтық деңгейлерде әзiрленедi. Республикалық деңгейде әзiрленетiн, экономиканың аясы мен салаларындағы мемлекеттiк реттеу шараларын қамтитын индикативтiк жоспар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары (бұдан әрi - Республикалық индикативтiк жоспар) деп аталады. Республикалық индикативтiк жоспарды Министрлiк Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдарының қатысуымен әзiрлейдi. Аймақтық деңгейде әзiрленетiн, облыстарды, Астана және Алматы қалаларын тиiмдi дамытуға бағытталған экономикалық және әлеуметтiк шаралар кешенiн қамтитын индикативтiк жоспар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары (бұдан әрi - Облыстың индикативтiк жоспары) деп аталады. Облыстардың индикативтiк жоспарларының әзiрлеушiлерi экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - жергiлiктi уәкiлеттi органдар) болып табылады. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдары Республикалық индикативтiк жоспардың және Облыстардың индикативтiк жоспарларының басты құралдары және құрамдас бөлiгi болып табылатын мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламаларды әзiрлейдi. Мемлекеттік, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламалардың жоспарлы кезеңде жүзеге асыруға белгiленген негiзгi iс-шаралары Республикалық индикативтiк жоспардың және Облыстардың индикативтiк жоспарларының тиiстi бөлiмдерiнде баяндалады. 8. Индикативтiк жоспарлар жыл сайын жоспарланатын кезеңнiң бiр жылға ұзартылуын көздейтiн жылжымалы негiзде үш жыл мерзiмге әзiрленедi. 9. Республикалық индикативтiк жоспарды және Облыстардың, индикативтiк жоспарларын өздерiнiң құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдар iске асырады. 10. Ұлттық компаниялар даму жоспарларын әзiрлейдi. 3-бөлiм. Индикативтiк жоспарлардың құрылымы 11. Республикалық индикативтiк жоспар мынадай бөлiмдерден тұрады: 1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi мен перспективалары туралы баяндама (бұдан әрi - Баяндама); 2) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы; 3) жұмыс iстеп тұрған және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесi; 4) жұмыс iстеп тұрған және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi инвестициялық жобалардың тiзбесi; 5) ұлттық компанияларды дамытудың негiзгi бағыттары мен негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамы; 6) әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттiк реттеуiштерi - табиғи монополиялардың өнiмдерi мен көрсететiн қызметтерi тарифтерiнiң серпiнi; жалақының, зейнетақылардың, мемлекеттiк жәрдемақылардың ең төмен мөлшерлерi, күнкөрiстiң ең төмен деңгейi, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер импортының кедендiк тарифтерiнiң өзгеруi; жұмыс күшiнiң импортына квоталар; өнiмдер (тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер) өндiрiсiнiң стандарттары. 12. Облыстың индикативтiк жоспары мынадай бөлiмдерден тұрады: 1) облыстың (қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi және перспективалары туралы баяндама; 2) облыстың (қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы; 3) жұмыс iстеп тұрған және әзiрленетiн аймақтық бағдарламалардың тiзбесi; 4) салалық және аймақтық бағдарламалар шеңберiнде жұмыс iстеп тұрған және әзiрленетiн жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесi. 13. Индикативтiк жоспардың құрылымы, нысандары және көрсеткiштерiнiң тiзбесi Министрлiктiң бұйрығымен бекiтiледi. 4-бөлiм. Индикативтiк жоспарларды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi 1-бөлiмше. Республикалық индикативтiк жоспарды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi 14. Республикалық индикативтiк жоспарды әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады. Бiрiншi кезеңде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң алдағы қаржы жылына арналған жобаларын және мемлекеттiк бюджеттiң алдағы үшжылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткiштерiн қалыптастырудың негiзi болып табылатын Республикалық индикативтiк жоспардың жобасы әзiрленедi. Республикалық индикативтiк жоспардың жобасын қалыптастыру бiрiншi кезеңде мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: 1) Министрлiк жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 қаңтарына дейiн Республикалық индикативтiк жоспар Баяндамасының нысандарын, көрсеткiштерiнiң тiзбесiн және құрылымын орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, өзге мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ ұлттық компанияларға жiбередi; 2) Министрлiк орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдардың қатысуымен жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың алдағы үшжылдық кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң болжамдарын (бұдан әрi - Аса маңызды көрсеткiштердiң болжамы) әзiрлейдi және Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрi - бюджет комиссиясы) қарауына енгiзедi. Бюджет комиссиясы мақұлдаған Республикалық индикативтiк жоспардың аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамын Министрлiк үш күндiк мерзiмде орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, өзге мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ ұлттық компанияларға жiбередi; 3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдар Республикалық индикативтiк жоспар бөлiмдерiнiң құрылымына және көрсеткiштерiнiң нысандарына сәйкес жоспарланатынның алдындағы жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей, Республикалық индикативтiк жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiне және олардың басымдық тәртiбiмен бөлiнiсiнде жұмыс iстеп тұрған және әзiрленетiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалар мен инвестициялық жобалардың тiзбесi бойынша ұсыныстар бередi; 4) Министрлiк жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 наурызына дейiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдардан алынған материалдардың негiзiнде Республикалық индикативтiк жоспардың жоспарланатын кезеңге арналған жобасын қалыптастырады және бюджет комиссиясына енгiзедi. Орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдардың ұсыныстарында алшақтықтар туындаған жағдайда, келiспеушiлiктер хаттамасы қоса берiледi. Екiншi кезеңде ел экономикасын дамытудың болжамдық бағаларын нақтылау олардың бюджет комиссиясында қаралуын ескере отырып, бөлiмдерге түзету жасау жүргiзiледi. Республикалық индикативтiк жоспардың жобасын қалыптастыру екiншi кезеңде мынандай тәртiппен жүзеге асырылады: 1) жоспарланатынның алдындағы жылдың маусымында Министрлiк Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген кестеге сәйкес орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдардың қатысуымен Республикалық индикативтiк жоспардың бөлiмдерiн жетiлдiрудi жүргiзедi; 2) орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдар Республикалық индикативтiк жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiн жергiлiктi атқарушы органдармен кезең-кезеңiмен келiсудi және нақтылауды жүргiзедi және бөлiмдер мен көрсеткiштердiң жетiлдiрiлген нұсқасын жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 шiлдесiнен кешiктiрмей Министрлiкке тапсырады; 3) жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 тамызына дейiн Министрлiк Республикалық индикативтiк жоспардың жобасын қалыптастырады және оны мүшелi орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдарға келiсуге жiбередi; 4) жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 қыркүйегiне дейiн Республикалық индикативтiк жоспар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi. 2-бөлiмше. Облыстардың индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi 15. Облыстардың индикативтiк жоспарларын әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады. Бiрiншi кезеңде жергiлiктi уәкiлеттi органдар: 1) алынған материалдар мен экономикалық жоспарлау жөнiндегi аудандық және қалалық бөлiмдердiң ұсыныстарының негiзiнде экономикалық қызмет түрлерi бөлiнiсінде Облыстар индикативтiк жоспарларының iрiлендiрiлген параметрлерiн әзiрлейдi және жоспарланатынның алдындағы жылдың 20 ақпанына дейiн Республикалық индикативтiк жоспардың бюджет комиссиясына ұсынылатын жобасына енгiзу үшiн Министрлiкке тапсырады; 2) жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 наурызына дейiн жергiлiктi уәкiлеттi органдар Облыстардың индикативтiк жоспарларының жобаларын тиiстi жергiлiктi бюджет комиссиясының қарауына жiбередi. Екiншi кезеңде: 1) жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн жергiлiктi уәкiлеттi органдар Облыстар индикативтiк жоспарларының жобаларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген кестеге сәйкес Министрлiкпен және мүдделi орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдармен келiсудi жүзеге асырады; 2) жоспарланатын кезеңге арналған Республикалық индикативтiк жоспар бекiтiлгеннен кейiн жергiлiктi уәкiлеттi органдар Облыстардың индикативтiк жоспарларын жетiлдiрудi жүзеге асырады және оларды облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң қарауына енгiзедi; 3) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi мүдделi орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдармен келiсiлген Облыстардың индикативтiк жоспарларын тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң жобасын енгiзуден екi апта бұрын мәслихаттардың бекiтуiне ұсынады; 4) Облыстардың индикативтiк жоспарларын бекiткеннен кейiн жергiлiктi уәкiлеттi органдар оларды Министрлiкке жiбередi. 5-бөлiм. Ұлттық компаниялардың Даму жоспарларын әзiрлеудiң және бекiтудiң құрылымы, тәртiбi 16. Ұлттық компаниялар өздерiнiң Даму жоспарларын жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге әзiрлейдi (бұдан әрi - Ұлттық компаниялардың жоспарлары). 17. Ұлттық компаниялардың жоспарлары мынадай бөлiмдердi қамтиды: 1) ұлттық компанияны дамытудың жай-күйi және перспективалары туралы баяндама; 2) ұлттық компанияны дамытудың инвестициялық жоспары; 3) дамудың аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы. 18. Ұлттық компаниялар жоспарлары бөлiмдерiнiң құрылымы, нысандары мен көрсеткiштерiнiң тiзбесi Министрлiктiң бұйрығымен бекiтiледi. ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. N 1184 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 19. Ұлттық компаниялардың жоспарларын әзiрлеу және бекiту мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: 1) Министрлiк бекiткен Ұлттық компания жоспарының нысандары, көрсеткiштер тiзбесi және құрылымы негiзiнде жоспарланатынның алдындағы жылдың қаңтарында Акционерлiк қоғамдар директорларының кеңестерi (республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн - уәкiлеттi органдар) Ұлттық компания жоспары жобасының әзiрленуiн ұйымдастыруды қамтамасыз етедi; 2) салалық мемлекеттiк органда қаралғаннан кейiн Ұлттық компания жоспарының жобасы жоспарланатынның алдындағы жылдың 20 ақпанынан кешіктiрмей Министрлiкке тапсырылады; 3) жоспарланатынның алдындағы жылдың мамыр-шiлдесiнде Ұлттық компаниялар жоспарларының жобалары бюджет комиссияның шешiмдерiн және Экономиканы дамытудың жоспарланатын кезеңге арналған аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамын ескере отырып нақтыланады; 4) жоспарланатынның алдындағы жылдың тамызында Ұлттық компаниялар жоспарларының жобалары заңнамада белгiленген тәртiппен мүдделi мемлекеттiк органдармен, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiмен (табиғи монополиялардың субъектiлерi болып табылатын және Қазақстан рыногында басымдық жағдайға ие ұйымдар үшiн) келiсiледi; 5) ұлттық компаниялар Республикалық индикативтiк жоспар бекiтiлгеннен кейiн 15 күндiк мерзiмнен кешiктiрмей, ұлттық компаниялар жоспарларының жобаларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiту үшiн енгiзудi қамтамасыз етедi, бұл ретте жоспарланатын кезеңнiң бiрiншi жылына арналған аса маңызды көрсеткiштер Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулысының жеке қосымшасымен бекiтiледi. 6-бөлiм. Индикативтiк жоспарларды әзiрлеудi әдiснамалық және ақпараттық қамтамасыз ету 20. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдардың индикативтiк жоспарларды әзiрлеу кезiндегi жұмыстарына әдiснамалық басшылықты және оларды үйлестiрудi Министрлiк жүзеге асырады. 21. Министрлiк өзiнiң шешiмдерiмен бағалар дамуының және тауарлар мен қызмет көрсетулер өндiрiсi серпiнiнiң болжамдық көрсеткiштерiн анықтауды қоса алғанда, индикативтiк жоспардың тиiстi бөлiмдерiн қалыптастыру жөнiнде әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлейдi және бекiтедi. 22. Индикативтiк жоспарлау Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң деректерiне, мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын мониторингтерге, халықаралық қаржы институттарының есептерiне және басқа да ресми ақпаратқа негiзделедi. 23. Министрлiк орталық және жергiлiктi атқарушы органдардағы, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдардан индикативтiк жоспарларды әзiрлеу және оларды осы Ережеде белгiленген мерзiмдерде iске асырудың барысын талдау үшiн қажеттi ақпараттық-статистикалық материалдар алуға құқылы. 24. Министрлiк және жергiлiктi уәкiлеттi органдар индикативтiк жоспарларды әзiрлеу үшiн өздерiнiң құзыреті шегінде меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан қажеттi ақпарат алуға құқылы. Егер сұратылатын ақпарат ұйымның пiкiрi бойынша коммерциялық құпия болып табылатын және жариялауға жатпайтын жағдайда Министрлiкке бұл туралы хабарланады. Коммерциялық құпияның бар екендiгi туралы мәлiметтер расталғаннан кейiн ақпаратты пайдалану және беру "қызмет бабында пайдалану үшiн" белгiсiмен жүзеге асырылады, бұл ретте Министрлiк және жергiлiктi уәкiлеттi органдар қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес оны пайдаланудың белгiленген режимiн сақтау үшiн жауапты болады. 7-бөлім. Индикативтiк және бюджеттiк жоспарлауды үйлестiру 25. Республикалық индикативтiк жоспар және Облыстардың индикативтiк жоспарлары тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде негiз болып табылады. 26. Индикативтiк жоспардың аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң болжамы негiзiнде мемлекеттiк бюджеттiң алдағы үшжылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткiштерi әзiрленедi. 27. Республикалық индикативтiк жоспар және Облыстардың индикативтiк жоспарлары қолданылып жүрген және әзiрленетiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламалардың тiзбесiн, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттерге енгiзу үшiн басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн белгiлейдi. 8-бөлiм. Индикативтiк жоспарларды iске асыруды бақылау 28. Министрлiк индикативтiк жоспарлардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. 29. Министрлiк тоқсан сайын елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi және Yкiмет Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалуы туралы Yкiметтi хабардар етедi және жекелеген iс-шараларға түзету жасау жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi. 30. Yкiмет экономика мен әлеуметтiк сала дамуының жай-күйi және аса маңызды проблемаларды шешу жөнiнде қабылданатын шаралар туралы Қазақстан Республикасының Президентiн хабардар етедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |