|
|
|
Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 ж. 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 ж. 27 желтоқсандағы N 806 бірлескен бұйрығы (ҚР Сыртқы істер министрінің 08.09.03 ж. N 08-1/126 және ҚР Ішкі істер министрінің 21.11.03 ж. N 661 ; 03.12.03 ж. N 08-1/187 18.12.03 ж. N 724 25.05.04 ж. N 08-1/123 ;23.06.04 ж. N 357 бірлескен бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 19 қазандағы N 08-1/254, ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 қарашадағы N 605 бірлескен бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртiбiн одан әрi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртiбi туралы Нұсқаулық бекiтiлсiн. 2. 2000 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң N 65 бұйрығымен және 2000 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң N 388 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртiбi туралы Нұсқаулықтың күш жойылды деп есептелсiн. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы -
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі
"Келісілген" Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы генерал-лейтенант 2002 жылғы 19 желтоқсан Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы - Сыртқы iстер министрiнiң 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 бұйрығымен бекiтiлген ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВИЗАЛАРЫН БЕРУ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ереже 1. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше тәртiп белгiленбесе, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, жарамды паспорты немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша мемлекеттiк шекарадағы халықаралық және екi жақты қатынастар үшiн ашық өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылады. Осы Нұсқаулықтың ережелерi азаматтығы жоқ тұлғаларға да қолданылады. 2. Визалар төмендегi санаттарға бөлiнедi: 1) дипломаттық (ДВ); 2) қызметтiк (ҚВ); 3) инвесторлық (ИНВ); 4) iскерлiк (IСВ); 5) жеке (ЖСВ); 6) туристiк (ТСВ); 7) оқуға арналған (ОУВ); 8) жұмысқа арналған (ЖЕВ); 9) емделуге арналған (ЕАВ); 10) тұрақты тұруға арналған (ТТВ); 11) транзиттiк (ТВ). 2. Дипломаттық визалар (ДВ) 3. Дипломаттық визалар дипломаттық паспорттары бар шетел азаматтарына берiледi. 4. Дипломаттық визалар халықаралық ұйымдардың паспорттары немесе ұлттық паспорттары бар шетел азаматтары болып табылатын: 1) халықаралық ұйымдардың қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне; 2) Қазақстан Республикасындағы шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктерде, консулдық мекемелерде қызметкер - дипломаттардың отбасы мүшелерiне; 3) Қазақстан Республикасы таныған мемлекеттерде үкiметке, парламентке мүше, көрнектi қоғамдық және саяси қайраткер шетел азаматтарына; 4) құрметтi консулдарға, олардың отбасы мүшелерiне берiлуi мүмкiн. 5. Дипломаттық визалар: 1) Қазақстан Республикасында дипломаттық сапасы танылмаған дипломаттық паспортты көрсеткен тұлғаларға; 2) егер дипломаттық паспорты болмаса, дипломатиялық поштаны тасымалдаушы тұлғаларға берiлмейдi. 3. Қызметтiк визалар (ҚB) 6. Қызметтiк визалар мыналарға берiледi: 1) Қазақстан Республикасындағы шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң қызметтiк, техникалық және қызмет көрсету персоналына жататын шетел азаматтарына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне; 2) курьерлiк парағы болған жағдайда дипломатиялық поштаны тасымалдаушы тұлғаларға, егер олардың дипломаттық паспорты болмаса; 3) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкiлдiктердiң, халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша қызметтiк немесе қоғамдық iстермен Қазақстан Республикасына келетiн шетел азаматтарына; 4) қызметтiк немесе қоғамдық iстер бойынша Қазақстан Республикасына келетiн, қызметтiк паспорттары бар шетел азаматтарына. 4. Инвесторлық визалар (ИHB) 7. Инвесторлық визалар Қазақстан экономикасын инвестициялауға қатысушы шетелдiк фирмалар мен компаниялардың басқару буындарының басшылары мен өкiлдерiне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне берiледi. 8. Бiр мәртелiк инвесторлық визалар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - ҚР CTM) басшылығының нұсқауы бойынша, болмаса шетелдiк компаниялардың немесе Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiнiн Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң қолдаухаты болған жағдайда ҚР CІM шетелдегi мекемелерi басшыларының келiсiмi бойынша ТМД-на қатысушы мемлекеттердiң аумағына кiруге шектiлер жоқтығы алдын-ала тексерiлiп виза берілген дерегі туралы кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі - ҚР ҰҚК) өз кезегінде хабарлайтын ҚР СІМ-н хабардар ету арқылы өтініш білдірілген күні шақырусыз беріледі. Көп мәртелік инвесторлық визалар беру кезінде ҚР СІМ-нің келісімі талап етіледі. 5. Іскерлік визалар (ІСВ) ҚР Сыртқы істер министрінің 03.12.03 ж. N 08-1/187 және ҚР Ішкі істер министрінің 18.12.03 ж. N 724 бірлескен бұйрығымен (бұр. ред. қара); ҚР СІМ 25.05.04 ж. N 08-1/123 және ҚР ІІМ 23.06.04 ж. N 357 бірлескен бұйрығымен 9-тармақ өзгертілді 9. Іскерлік визалар (іссапар, іскерлік және коммерциялық сипаттағы іскерлік келіссөздерге, кеңесулерге, симпозиумдарға, конференцияларға, тендерлерге қатысу, келісім-шарттар жасасу, бірлескен кәсіпорындар құру, қазақстандық рынокты зерттеу, аукциондарға, көрмелерге және жәрмеңкелерге қатысу, сауда операцияларын және халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру, консультативті және аудиторлық қызмет көрсету) Қазақстан Республикасына іскерлік мақсатпен келетін, сондай-ақ болатын шетел азаматтарына: 1) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың шетел азаматтарын шақырған жағдайында ішкі істер органдарының рұқсаты; 2) халықаралық ұйымдардың, шетел мемлекеттері өкілдіктерінің және Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңды ұйымдардың шақыруы; 3) тізімін ҚР СІМ, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ҚР ІІМ) және ҚР ҰҚК белгілейтін елдердің азаматтары үшін заңды тұлғалардың шақыруы негізінде беріледі. 4) Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне Австралия Одағы, Австрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Грекия Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Корея Республикасы, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Лихтенштейн Княздігі, Люксембург Ұлы Герцогтығы, Малайзия, Монако, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Португалия Республикасы, Сингапур Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі азаматтарының Қазақстан Республикасының бір мәртелік іскерлік визасын беру жөніндегі жазбаша өтініші негізінде беріледі. 6. Жеке визалар (ЖСВ) ҚР Сыртқы істер министрінің 03.12.03 ж. N 08-1/187 және ҚР Ішкі істер министрінің 18.12.03 ж. N 724 бірлескен бұйрығымен (бұр. ред. қара); ҚР СІМ 25.05.04 ж. N 08-1/123 және ҚР ІІМ 23.06.04 ж. N 357 бірлескен бұйрығымен 10-тармақ өзгертілді 10. Жеке визалар жеке мақсатпен келетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында болатын шетел азаматтарына: 1) Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының Ішкі істер басқармалары - Ішкі істер бас басқармалары (бұдан әрі - ІІБ-ІІББ) берген уақытша келуге арналған шақыруы. Шақыру берілген күнінен бастап бір жылға жарамды; 2) Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттерінің дипломатиялық және өзге де өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың шақыруы негізінде ресімделген визалық қолдау; 3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан тұлғалармен кездесуге келетін шетел азаматтары үшін ресімделген виза беру туралы ҚР СІМ-нің нұсқауы; 4) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды ұл (қыз) етіп асырап алғысы келетін және асырап алушыға кандидат ретінде консулдық есепте тұрған шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы облыстарының және Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларының (департаменттерiнiң) шақыруы негiзiнде ресiмделген визалық қолдау; 5) ҚР СIМ-нiң келiсiмi бойынша бiр айға дейінгi, бiрақ бiр жыл ішінде екi реттен артық емес мерзiмге, шетел азаматтары болып табылатын жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен Қазақстан Республикасына бiрге келетiн Қазақстан Республикасының азаматтарының өтiнiшi (осы шектеу Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-аналарымен бiрге келетiн кәмелетке толмаған шетел азаматтарына қолданылмайды); 6) бiр айға дейiнгi мерзiмге Қазақстан Республикасына туыстарын немесе таныстарын жерлеуге келетiн (сондай-ақ, ауыр науқастанған жағдайларда) шетелдiк азаматтары үшiн нотариалды куәландырылған қайтыс болу туралы анықтаманың көшiрмелерi, болмаса дәрiгер куәландырған халықаралық жеделхат (телеграмма); 7) ҚР СIМ-мен келiсiмi бойынша үш айға дейiнгi мерзiмге туған жерлерiне, туысқандарының зираттарына болып қайту мақсатымен келетiн Қазақстан Республикасынан қоныс аударған шетел азаматтары үшiн ҚР СIМ-нiң шетелдегi мекемесiне олар жеке өтiнiш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасымен байланыстығын растайтын құжаттары (мыс.: ұлттық паспорттағы бағаны немесе Қазақстан Республикасында туғандығы туралы куәлiгi, Қазақстан Республикасында жақын туысқанының жерленгендiгi туралы құжаттың, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтаманың көшiрмесi); 8) ҚР СIМ-мен келiсiм бойынша үш айға дейiнгi, бiрақ бiр жыл ішінде екi реттен аспайтын мерзiмге қазақ диаспорасының өкiлдерi болып табылатын шетел азаматтары үшiн Қазақстан Республикасында әлеуметтiк-экономикалық жеңiлдiктерге арналған куәлiк негiзiнде берiледi. 9) Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне Австралия Одағы, Австрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Грекия Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Корея Республикасы, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Лихтенштейн Княздігі, Люксембург Ұлы Герцогтығы, Малайзия, Монако, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Португалия Республикасы, Сингапур Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі азаматтарының жеке шаруаларына қатысты сапары үшін Қазақстан Республикасының жеке визасын беру жөніндегі жазбаша өтініші негізінде беріледі 7. Туристiк визалар (ТСВ) 11. Туристiк визалар шетел азаматтарына туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристiк ұйымдарының оларды қабылдау туралы растауы, сондай-ақ iшкi iстер органдарының рұқсаты және ҚР СIМ-нiң визалық қолдауы болған жағдайда берiледi. 12. Тiзiмiн ҚР СIМ, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК белгiлейтiн елдердiң азаматтарын - туристерiн шақырған кезде iшкi iстер органының рұқсаты талап етiлмейдi. Сондай-ақ аталған азаматтарға туристiк ұйымдардың қолдаухаты бойынша туристiк визалар ҚР СIМ-нiң консулдық пункттерiнде ресiмделуi мүмкiн. ҚР Сыртқы істер министрінің 03.12.03 ж. N 08-1/187 және ҚР Ішкі істер министрінің 18.12.03 ж. N 724 бірлескен бұйрығымен 12-1- тармақпен толықтырылды; ҚР СІМ 25.05.04 ж. N 08-1/123 және ҚР ІІМ 23.06.04 ж. N 357 бірлескен бұйрығымен 12-1-тармақ өзгертілді 12-1. Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне Австралия Одағы, Австрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Грекия Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония,Корея Республикасы; Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Лихтенштейн Княздігі, Люксембург Ұлы Герцогтығы, Малайзия, Монако, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Португалия Республикасы, Сингапур Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі азаматтарының Қазақстан Республикасының туристік визасын беру жөніндегі жазбаша өтініші бар болған жағдайда бір мәртелік туристік визалар берілуі мүмкін 8. Оқуға арналған визалар (OУB) 13. Оқуға арналған визалар оқу орындарының қолдаухаттары негiзiнде ресiмделетiн ҚР CIM-ның визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына оқуға, оқу тәжiрибесiнен өтуге, сынақ мерзiмiне және осыларға тәрiздi себептермен келетiн, сондай-ақ болатын шетел азаматтарына берiледi. 9. Емделуге арналған визалар (ЕАВ) 14. Емделуге арналған визаларды медициналық мекемелердiң шақыру мақсатын растайтын құжаттары негiзiнде ресiмделетiн ҚР СIМ-нiң визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына емделуге, медициналық тексерiлуге, кеңес алуға және басқа да осыған ұқсас мақсаттармен келетiн, сондай-ақ болатын шетел азаматтарына берiледi. 10. Жұмысқа арналған визалар (ЖЕВ) ҚР Сыртқы істер министрінің 08.09.03 ж. N 08-1/126 және ҚР Ішкі істер министрінің 21.11.03 ж. N 661 бірлескен бұйрығымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 15. Жұмысқа арналған визалар: 1) шетелдiк жұмыс күшiн тарту құқығына арналған рұқсаты мен белгiленген тәртiпте ресiмделген ұйымдардың шақыруы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына жұмыс iстеуге келетiн шетел азаматтарына берiледi. Рұқсатқа Қазақстанда жұмыс iстеу үшiн тартылған тұлғалардың паспорттық мәлiметтерiмен бiрге еңбекпен қамту мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның мөрiмен куәландырған және лауазымды тұлға қол қойған тiзiм мiндеттi түрде қоса берiлуi қажет; 2) егер жұмыс iстеуге арналған рұқсаттарды алу талап етiлмейтiн жағдайда халықаралық шарттар мен келiсiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасына жұмыс iстеуге келетiн шетел азаматтарына; 3) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істеуге арналған рұқсаттарды алу талап етілмейтін жағдайда Қазақстан Республикасына жұмыс істеуге келетін шетел азаматтарына; 4) жоғарыда аталған санаттағы тұлғалардың жұмыс iстемейтiн отбасы мүшелерiне берiледi. 11. Тұрақты тұруға арналған визалар (ТТВ) 16. Тұрақты тұруға арналған визаларды ҚP ҰҚК мен Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - ҚР КДА) келiсiмi бойынша ресiмделген ҚР СIМ-нiң визалық қолдауы болған жағдайда, шетел азаматтарының өтiнiштерi негiзiнде ҚР СIМ-нiң шетелдегi мекемелерi Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетiн шетел азаматтарына бередi. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және одан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн шетел азаматтарына шығу визаларын Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған тәртiппен ресiмделген рұқсаттар негiзiнде облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының IIББ-IIБ бередi. 12. Транзиттiк визалар (TB) 17. Транзиттiк визалар үшiншi елге кiруге жарамды құжаттары (визасы) бар, визасыз транзитке құқығы жоқ шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтулерi үшiн берiледi. 18. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн шетел азаматтарының өзiмен бiрге өздерiнiң кiрген күнiн растайтын құжаттары (жол билетi) болуы тиiс, ол туралы Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi хабардар етедi. 13. Визалардың түрлерi Визалар мынадай түрлерi бойынша бөлiнедi: 1) кiру 2) кiру-шығу 3) шығу 4) шығу-кiру 19. Кiру визалары Қазақстан Республикасына оқуға, емделуге, сондай-ақ тұрақты тұруға келетiн шетел азаматтарына 6 айға дейiнгi қолданыс мерзiмiмен берiледi. 20. Кiру-шығу визалары Қазақстан Республикасына келетiн шетел азаматтарына екi жылдан аспайтын қолданыс мерзiмiмен берiледi. 21. Шығу визалары жұмысы, оқуы, емделуi аяқталғаннан кейiн немесе басқа да себептер бойынша Қазақстан Республикасынан түпкiлiктi кетуiне байланысты шетел азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан басқа елдерге тұрақты тұруға кететiндерге берiледi. Шығу визалары берiлген күнiнен бастап 15 тәулiктен аспайтын, ал тұрақты тұруға кететiндерге 3 айдан аспайтын қолданыс мерзiмiмен берiледi. 22. Шығу-кiру визалары Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын сондай-ақ Қазақстан Республикасына оқуға немесе емделуге келген шетел азаматтарына егер уақытша елден тысқары шығатын кездерде берiледi. Кiру-шығу визалары 3 айға дейiнгi қолданыс мерзiміне берiледi. 14. Қазақстан Республикасының визаларын алмастыратын құжаттар 23. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары: 1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтарының жарамды ұлттық паспорттары мен ықтиярхат куәлiгi; 2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру орны бойынша тiркелгендiгi туралы белгiсi бар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлiгi негізiнде Қазақстан Республикасына келе алады, онда бола алады және Қазақстан Республикасынан кете алады 24. Қазақстан Республикасынан шығарылған шетел азаматтары олардың шығарылуы туралы шешiмнiң және шығарылуы туралы мөртабан қойылған ұлттық паспорттың немесе оны алмастыратын құжаттың негiзiнде визасыз Қазақстан Республикасынан кете алады. 15. Визалардың болу мақсатына сәйкестiгi 25. Визаларды беру негiздемесi шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу мақсаттарымен сәйкес келуi тиiс. Қазақстан Республикасына туыстарының және таныстарының шақырулары бойынша, яғни, жеке iстерi бойынша келген, сондай-ақ iскерлiк мақсатпен, оқуға және турист ретiнде келген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналаса алмайды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, визада көрсетiлген келу мақсаттарымен байланысты емес өзге қызметпен айналыса алмайды. 16. Визалардың қолданыс мерзiмi 26. Визалар онда көрсетiлген мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасына келуге, онда болуға және Қазақстан Республикасынан кетуге құқық бередi. 27. "Дипломаттық", "қызметтiк", "инвесторлық" санаттағы визалар, әдетте 1 жылға дейiнгі мерзiмге берiледi. Өзара кепiлдiк қағидасы ескерiлiп "дипломаттық", және "қызметтiк" санаттағы визалар 2 жылға дейiнгi мерзiмге берiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында есептiк тiркелiмi бар шетелдiк заңды тұлғалардың, шетел компаниялары өкiлдiктерiнiң және филиалдарының бiрiншi басшыларына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне ҚР CIM-нiң келiсiмi бойынша 2 жылға дейiнгi мерзiмге көп мәртелiк инвесторлық виза берiлуi мүмкiн. 28. "Iскерлiк", "жұмыс iстеуге арналған", "оқуға арналған" санаттағы визалар 1 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Бұл орайда, "оқуға арналған" санаттағы бастапқы визалар 1 айға дейiнгi мерзiмге берiледi және талапкер оқуға түскен кезде ұзартылуға жатады. 29. "Емделуге арналған" санаттағы визалар 6 айға дейiнгi мерзiмге берiледi. 30. "Тұрақты тұруға арналған", "жеке" санаттағы визалар 90 күнге дейiнгi мерзiмге берiледi. 31. "Туристiк" санаттағы визалар әдетте 30 тәулiкке дейiнгі мерзiмге беріледi. Қажет болған жағдайларда, шақырған туристiк ұйым шетелдiк туристердiң Қазақстан Республикасының аумағына екi мәрте кiру қажеттілiгiн негіздейтiн туристiк топтың (туристiң) сапар бағытын көрсеткен кезде 60 тәулiктiк мерзiмнен аспайтын екi мәртелiк туристiк виза берiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда, туристiң Қазақстанда әрбiр болуы 30 тәулiктен аспауға тиiс. 32. "Транзиттiк" санаттағы визалар бес тәулiк iшiнде бiр бағытта транзиттiк өту кезiнде 30 тәулiкке дейiнгi мерзiмге оның иесiне жоғарыда көрсетiлген мерзiм кезеңiнде Қазақстан Республикасында болу құқығымен берiледi. 17. Визаның мәртелiгi 33. Бiр мәртелiк визалар Қазақстан Республикасына бiр рет келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге құқық бередi, тиiсiнше екi, үш және көп мәртелiк визалар оның қолдану шегінде Қазақстан Республикасына екi, үш және көп мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге құқық бередi. 34. "Дипломаттық", "қызметтiк", "инвесторлық", "iскерлiк", және "жұмыс iстеуге арналған" санаттағы визалар бiр мәртелiк, сондай-ақ екi, үш, көп мәртелiк сапарларға, "туристiк" - екi мәртелiк сапардан артық емес, "жеке", "оқуға арналған", "емделуге", "тұрақты тұруға арналған" - тек бiр мәртелiк сапарға берiлуi мүмкiн. 18. Топтық визалар 35. Топтық визалар шетел азаматтары топтарының Қазақстан Республикасына ұйымдасып кiрулерi, Қазақстан Республикасынан шығулары немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi кезiнде, мақсатқа сай және орынды немесе жеке визаларды ресiмдеу үшiн қиындықтар болғанда ресiмделедi. Мұндай визаларды беру үшiн барлық топ мүшелерiнiң Қазақстан Республикасына кiруi және Қазақстан Республикасынан шығуы кезiнде шекарадағы бақылау-өткiзу пунктiне (БӨП) бiр уақытта келуi және өтуi Қазақстан Республикасы аумағы бойынша топ құрамында жүрiп-тұруы мен қандай да бiр пунктте болуы мiндетті шарттар болып табылады. 36. Топтық визаларды ҚР СIМ-нiң консулдық пункттерi және шетелдегi мекемелерi, егер халықаралық шарттар мен келiсiмдерде өзге тәртiп көзделмесе, құзырлы органдармен келiсiлген ҚР СІМ-нiң визалық қолдауы бойынша бередi. Сонымен қатар, топтық визаларды Қазақстан аумағында ҚР IIМ, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының IIББ-IIБ бередi. 37. Топтық визалар алфавиттiк тәртiпте түзiлетiн нысан бойынша атаулы тiзiмдерде ресiмделедi:
Виза бөлек жеке қағаз парағына жабыстырылады және осы Нұсқаулықтың 19 тарауына (Визаларды ресiмдеу) сәйкес толтырылады. "Паспорттың N/passport N" бағанында "топтық", жазылады, "қосымша мәліметтер/additional information" бағанында тiзiм бойынша кiретiн (шығатын) тұлғалардың саны көрсетiледi (мысалы: "25 адамға тiзiм қоса берiлiп отыр"). Визасы бар парақтың төменгi бөлiгiне мынадай жазу жазылады: "Қоса берiліп отырған тізімде көрсетiлген әрбiр адам (______ тегiнен басталатын және ________ тегiмен аяқталатын) БӨП-де жеке басын куәландыратын паспорт немесе фотосуреті бар басқа құжатын көрсеткен кезде ғана осы виза жарамды". Визалы парақ тiзiммен бiрге жоғары сол бұрышын майыстыру жолымен тiгiледi, ол консулдық мекеменiң мөрімен немесе Қазақстан Республикасы iшкi iстер органының визалық мөрiмен бекiтiледi. Визаны берген консулдық лауазымды адам (көшi-қон полициясының лауазымды адамы) тiзiмнiң төменгі жағына (лауазымын және тегiн көрсетiп) қол қояды, қойылған қол Қазақстан Республикасы консулдық мекемесiнiң немесе iшкі iстер органының мөрiмен расталады. Жабыстырылған визамен тiзiм бiр данада жасалынады, түпнұсқа топ жетекшiсiнде қалады, ксерокөшiрмелерi: бiреуi Қазақстан Республикасына кiру (шығу) кезiнде БӨП-не тапсырылады, екіншiсi визаны берген Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнде немесе iшкi iстер органында қалады. Тiзiмге түзетулер мен толықтырулар жасауға жол берiлмейдi. 19. Визаларды ресiмдеу 38. Барлық санаттағы визалар жалған көшiрмелерден қорғайтын өзiндiк ерекшелiктерi бар арнайы парақта жасалған жапсырма түрiнде болады. Визалық жапсырма бiрдей сериясы және нөмiрi бар визаның өзінен (түпнұсқа) және көшiрмесiнен тұрады. 39. Визаны ресiмдеу кезiнде ДВ (дипломаттық), ҚВ (қызметтiк), ИНВ (инвесторлық), ІCB (iскерлiк), ЖСВ (жеке), ТСВ (туристiк), ОУВ (оқуға арналған), ЕАВ (емделуге арналған), ЖЕВ (жұмыс iстеуге арналған), ТТВ (тұрақты тұруға), ТВ (транзиттiк) - санаттағы визалар кодының сол жағынан оны берген мекеменiң коды қойылады. Консулдық лауазымды адамның (көшi-қон полициясының лауазымды адамының) тегі көрсетілiп, қолы қойылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |