|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Атом Энергиясы жөнiндегі Еуропалық Қоғамдастық арасындағы басқарылатын ядролық синтез саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюдың келiсiлген хаттамасы 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Атом Энергиясы жөнiндегi Еуропалық Қоғамдастық арасындағы басқарылатын ядролық синтез саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге Тараптар орындауға мақұлдаған рәсiмдердi өткiзудi бастау тәртiбiмен осы күнмен қол қойылды. 2. Келiсiмге қол қою, ресми бақылау органдарының қайта қарауын қоса алғанда, Тараптар орындауы тиiс бұрын мақұлданған рәсімдер бойынша нәтижелерге әсер етпейдi. 2000 жылғы 27 маусымда Брюссель қаласында жасалды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |