|
|
|
ҚР 08.01.03 ж. № 375-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 3-баптың мәтіні ҚР 30.06.97 ж. № 139-1; 02.08.99 ж. № 466-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарына сәйкес 3-бапқа өзгертілді 3-бап. Жекешелендiру туралы заңдар 1. Қазақстан Республикасының жекешелендiру туралы заңдары осы Жарлықтан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге заң актiлерiнен, жарлықтары мен өкiлдерiнен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларынан тұрады. 2. Уәкiлдi органдар осы Жарлықта және өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен шектерде жекешелендiру жөнiндегi қатынастарды реттейтiн актiлер шығара алады. 3. Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорының объектiлерiн жекешелендiрудiң ерекшелiктерi арнайы заңдармен реттеледi. 4. Осы Жарлық "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi уәкілетті органы мен бекiтiлген инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартты iске асыру процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен реттелетін, мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын жүзеге асыру жөніндегі өзге де құқықтық қатынастарын реттемейдi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |