|
|
|
2004 ж. 29 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 21-баптың редакциясы 21-бап. Қамау және бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны атқарушы мекемелерде болу 1. Жазаларды атқарушы мекемелерде арнаулы рұқсатсыз болуға мыналардың құқығы бар: 1) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, сондай-ақ тиiстi аумақтардың шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының әкiмдерi; 2) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынысты прокурорлар; 3) Қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының қызметкерлерi. 2. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен өзге де адамдардың жазаны атқарушы мекемелерге сол мекемелер әкiмшiлiгiнiң немесе қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының арнаулы рұқсаты бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң орталық органы белгiлеген тәртiппен болуға құқығы бар. 3. Сотталғандардың қауiпсiздiгi мен олардың күзетiн қамтамасыз етушi объектiлердi кино, фото және бейнекөрiнiске түсiру түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жүзеге асырылады. 4. Сотталғандарды кино, фото және бейнекөрiнiске түсiру, олармен сұхбат жүргiзу, соның iшiнде аудиобейнетехника құралдарын пайдаланып жүргiзу сотталғандардың өз келiсiмiмен жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |