|
|
|
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттік меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн кейiннен (2005.22.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен тақырыбы және 1- тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттік меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн. 2. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред. қара) 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 4 сәуірдегі № 327 қаулысымен БЕКIТIЛГEH ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен тақырыбы және мәтіні өзгертілді (бұр.ред. қара)
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттік меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығына, "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-I Заңына сәйкес әзiрлендi және сауда-сатып алу (делдалдық) қызметiн қоспағанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне өндiрiстiк қызметiн ұйымдастыру мен халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн мемлекеттік меншiктегi пайдаланылмайтын ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды (бұдан әрi объектiлер) кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен бiр жыл мерзiмге мүлiктiк жалға алуға (жалға беругe) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру, сондай-ақ объектiлердi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне меншiкке беру шарттары мен тәртібін реттейдi. 2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен бiр жыл мерзiмге мүлiктiк жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлiк басқаруға бiр жылдан астам уақытта мақсаты бойынша пайдаланылмаған мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң (бұдан әрi - ұйымдар) объектiлерi берiледi. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 3-тармақ өзгертіліді (бұр.ред.қара) 3. Объектiлердi беру тендерлiк негiзде жүзеге асырылады. Республикалық мемлекеттік меншiк объектілерi бойынша тендерлерді аумақтық және өңiрлiк мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитеттерi (бұдан әрi - аумақтық органдар) өткiзедi. Коммуналдық мемлекеттік меншiк объектілерi бойынша тендерлердi коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкілеттi атқарушы органдар өткiзедi.
2. Пайдаланылмайтын объектiлер тiзбесiн қалыптастыру ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне беру жөніндегі тендерге бiр жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланылмаған, аумақтық органдар (коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкілеттi атқарушы органдар) мен мемлекеттік басқару органдары өкілдерінiң ұйымдарға қатысты ұйымдар мүлкінің тиiмдi және мақсатты пайдаланылуына жыл сайынғы жүргiзген тексерулерi барысында айқындалған объектілер қойылады. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 5-тармақ згертілді (бұр.ред.қара) 5. Аумақтық органдар (коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкiлетті атқарушы органдар) жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша бiр жылдан астам пайдаланылмаған, шағын кәсiпкерлер субъектiлерiне беруге жататын объектiлердiң тiзбесiн (бұдан әрi - тiзбе) қалыптастырады және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне кейiннен меншiкке беру құқығымен объектiлердi мүлiктiк жалға алуға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру жөнiнде тендерлер өткізу кестесiн айқындайды. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Объектiлердi тендерге қою мемлекеттік басқару органымен келісілуi тиiс. Республикалық мемлекеттік меншiктегi объектілердi тендерге қоюды аумақтық органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен қосымша келiседі. 7. Ұйымдар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiлердi бергенге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етедi. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 8-тармақ згертілді (бұр.ред.қара) 8. Тендер өткізу мен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүлiктiк жалға алу (жалға беру) немесе сенiмгерлiк басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру үшiн аумақтық органдар (коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкiлетті атқарушы органдар) тұрақты жұмыс iстейтiн комиссиялар (бұдан әрi - комиссия) құрады. Республикалық мемлекеттік меншiктегi объектiлер бойынша комиссияның құрамына аумақтық органдар мен мүдделi министрлiктердiң, агенттіктердің, ведомстволардың немесе олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен басқа жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi (келісім бойынша) енгiзiлуi мүмкiн. Аумақтық органның өкiлi комиссия төрағасы болып табылады. Коммуналдық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша комиссияның құрамына жергілiкті атқарушы органдардың өкiлдерiнен басқа министрлiктердің, агенттiктердiң, ведомстволардың немесе олардың аумақтық бөлiмшелерінің (келісім бойынша) өкілдерi енгiзiлуi мүмкiн. Коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкілеттi атқарушы органның өкiлi комиссия төрағасы болып табылады. 1) өз жұмысының регламентiн әзiрлейдi және бекiтедi; 2) объектiлердiң техникалық жағдайына байланысты беру (мүлiктi жалға алу (жалға беру) немесе сенiмгерлiк басқару) түрiн айқындайды; 3) тендер өткізу күнi туралы шешiм қабылдайды; 4) тендер шарттарын айқындайды; 5) жалдау ақысының мөлшерiн айқындайды (объектiлердi мүлiктiк жалға алуға берген кезде); 6) кепiлдi жарнаның мөлшерiн айқындайды; 7) тендер өткізу туралы хабарламаның жариялануын жүзеге асырады; ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) өтiнiштерiне қарай тендерге қатысушыларға беру үшiн тендерлiк құжаттама жиынтығын дайындайды. 8) тендер өткiзедi; 9) тендер жеңiмпазын айқындайды; 10) осы Ережемен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 10. Комиссияның отырысы, егер оған комиссия мүшелерiнiң кемiнде 2/3-ci қатысса, заңды болып табылады. Комиссия шешiмi қатысушы комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады. 11. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Объектілер бойынша ақпараттық хабарламалар мерзiмдi баспа басылымдарында тендер өткізу жарияланған күнге дейiн 15 күн бұрын мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жариялануға және мынадай мәлiметтердi: 1) тендердiң шарттары мен жеңiмпазды таңдау өлшемдерiн; 2) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын; 3) тендер өткізу күнiн, уақытын және орнын; 4) тeндepгe қатысуға өтiнiмдердi қабылдау мерзiмдерiн; 5) жалға беру ақысының мөлшерiн (мүлiктiк жалға алуға берген кезде); 6) тендерге қатысуды ресiмдеу тәртібін; 7) кепiлдi жарнаның мөлшерiн және оны енгізу үшiн банктiк деректемелердi (кепiлдi жарнаның мөлшерi ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi) қамтуы тиiс. 13. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 14. Тендерлiк құжаттама мынадай негізгі бөлiмдердi: 1) тендер объектiсi туралы мәлiметтi; 2) өтiнiмдер мен онымен бipгe ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптарды; 3) тендер өткізу тәртібі мен шарттарын; 4) мүлiктi жалдау шартының жобасын; 5) тендерге қатысуға өтiнiмнiң нысанын қамтуы тиiс. 15. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және тендер өткізуге дейiн бiр күн бұрын аяқталады. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Комиссия тендер өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн барлық ниет бiлдiрушiлердiң объектiлер мен тендер өткізудiң шарттары туралы ақпаратқа еркiн қол жеткізуiн қамтамасыз етедi. 17. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi белгiленген мерзiмдерде: 1) үмiткердiң тендерге қатысуға келісімi және оның тендер шарттарын орындау мен тиiстi шартты жасасу жөніндегі мiндеттемелерiн қамтитын тендерге қатысуға арналған өтiнiмдi; 2) осы объектiде өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі бизнес-жоспарды; 3) заңды тұлғалар - құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты мен жарғы) нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн және салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн; жеке тұлғалар - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшiрмесiн, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмесiн және салық төлеушiнiң куәлiгiн; 4) салық берешегiнiң жоқтығы туралы салық органының анықтамасын; 5) кепiлдi жарнаның енгiзiлуiн растайтын төлем құжатының көшiрмесiн; 6) ақпараттық хабарламада көрсетiлген өзге де құжаттарды бередi. 18. Өтiнiмдердi қабылдау және тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлғаларды тiркеу талап етiлетiн құжаттардың толық жинақтамасы болған кезде жүргiзiледi. 19. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тiркеуден бас тарту үшiн мыналар: 1) талап етiлетiн құжаттардың толық жинақтамасын ұсынбау; 2) мемлекеттік бюджет алдында салық берешегiнiң болуы; 3) белгiленген талаптарды бұзып ұсынылған құжаттар негiз болып табылады. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 20. Тендерге қатысушы: 1) тендерге жеке өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысуы 2) тендерге қойылатын объект бойынша қосымша мәлiметтердi, нақтылауларды тегiн алуы 3) объектiнi алдын-ала қарауы 4) оның құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгiнуi 5) өзiнiң тендерге қатысуға арналған өтiнiмiн бұл туралы комиссияға оны өткiзгенге дейiн 3 күн бұрын хабарлай отырып, қайтарып алуы мүмкiн. 21. Егер өтiнiмдердi қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте (үшінші және келесi тендерлердi қоспағанда) бiр ғана өтiнiм тiркелген болса, тендер өтпедi деп танылады. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 22. Тендер өтетiн күнi отырыста комиссия мүшелерi тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттердi ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттi ашу алдында комиссия мүшелерi олардың бүтiндiгiн тексередi, бұл комиссия отырысының хаттамасында тiркеледi. Конверттердi ашу және ұсыныстарды жариялау кезiнде тендерге қатысушылардың немесе олар уәкiлеттiк берген өкiлдердiң қатысуы мүмкiн 23. Конверттердi ашқаннан және ұсыныстарды жариялағаннан кейiн комиссия ұсыныстарды талқылау және бағалау үшiн кеңесуге кетедi. Тендерге қатысушылардың (олардың өкiлдерiнiң) ұсыныстарды талқылау және бағалау кезiнде қатысуға құқықтары жоқ. 24. Комиссияның шешiмi бойынша ұсыныстары тендерлiк құжаттамадағы барлық талапқа жауап беретiн және тендер талаптарын орындау бөлiгiнде үздiк болып табылатын қатысушы тендер жеңiмпазы деп танылады. 6. Тендер нәтижелерiн ресiмдеу мен шарттың мазмұны 25. Тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын айқындайтын комиссияның қорытындысы немесе өзге шешiмi комиссияның барлық қатысып отырған мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Теңдер жеңiмпазын айқындайтын хаттамаға тендердi жеңiп алған тұлға да қол қояды. 26. Хаттамада мынадай деректер: 1) комиссияның құрамы; 2) тендер талаптары; 3) тендерге қатысушылар мен олардың ұсыныстары туралы мәлiметтер; 4) мүлiктi пайдаланғаны үшiн ұсынылып отырған төлемнiң ставкалары (мүлiктi жалға алуға берген кезде); 5) тендер жеңiмпазы; 6) тараптардың мүлiктiк жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шартына қол қою жөніндегі мiндеттемелерi болуға тиiс. 27. Тендер нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi жеңiмпазға берiледi және оның мүлiктiк жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шартын жасасу құқығын куәландыратын құжат болып табылады. 28. Тендер нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде жеңiмпазбен тендерге қатысу кезiнде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптарда мүлiктiк жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шарты (бұдан әрi - шарт) жасалады. 29. Жеңiмпаз тендерге қатысу кезiнде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптарда шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, комиссия жеңiмпазды тендерге қатысушылардың қалғандарының iшiнен (егер қалғандарының саны кемiнде екеу болса) анықтауға не жаңадан тендер өткізу туралы шешiм қабылдауға құқылы. 1) егер тендерге қатысушы өзiнiң ұсынысынан бас тартқанда немесе оны тендер мерзiмi өткенге дейiн өзгерткенде; 2) тендер жеңiмпазына тендерге қатысу кезiнде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптарда тиiстi шарт жасасудан бас тартқан жағдайда қайтарылмайды. Барлық қалған жағдайларда кепiлдi жарналар тендер аяқталған күннен бастап 10 банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде, ал егер ақша шотқа тендерден кейiн түссе, онда олар түскен күннен бастап 10 банктiк күн iшiнде қайтарылады. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 31-тармақ згертілді (бұр.ред.қара) 31. Аумақтық орган (коммуналдық мемлекеттік меншікке билiк етуге уәкілеттi атқарушы орган) тендер жеңiмпазымен тендердiң хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей бiр жыл мерзiмге шарт жасасады. 32. Шарт мiндеттi түрде мынадай жағдайларды: 1) шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне берiлетiн объектiнiң техникалық сипаттамалары туралы деректер; 2) объектiнi пайдаланғаны үшiн төлем енгізу тәртібі мен мерзiмдерiн (мүлiктiк жалға алуға берген кезде); 3) бизнес-жоспарға сәйкес алынған шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң мiндеттемелерiн; 4) жалдаушының (сенiмдi басқарушының) мерзiмдерi мен есеп беру нысандарын; ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 5)-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) шартты мерзiмiнен бұрын бұзу негiздемесi мен талаптарын қамтуға тиiс. Шартта мiндетті түрде, егер өндiрiстiк қызмет және халыққа қызметтер көрсету шарт жасалған күннен бастап алты ай iшiнде ұйымдастырылмаған жағдайда, оның бұзылуға жататындығы көзделуi тиiс. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 33-тармақ згертілді (бұр.ред.қара) 33. Шартқа қол қойылғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей баланс ұстаушы объектiнi тiркеу есебiнде тендер жеңiмпазы тұрған салық комитетiн бiр уақытта хабардар ете отырып, аумақтық орган (коммуналдық мемлекеттік меншікке билiк етуге уәкілеттi атқарушы орган) бекiтетiн объектiнi мүлiктiк жалға алуға (жалға беругe) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру туралы қабылдау-беру актiсi бойынша тендер жеңiмпазына беругe тиiс. Ғимарат пен құрылысты мүлiктiк жалға алу (жалға беру) шарты мемлекеттік тiркелуге жатады және осындай тiркеу сәтiнен бастап жасалған деп саналады. Мүлiктiк жалға алу (жалға беру) шарттарын мемлекеттік тiркеу шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Тендер жеңiмпазының кепiлдi жарнасы мүлiктiк жалға алу шарты бойынша тиесiлi төлемдердiң есебiне жатады. 7. Шарт талаптарының орындалуын бақылау және объектiнi меншiкке беру тәртібі 34. Шарт жасалған сәттен бастап алты ай өткеннен кейiн комиссия жергiлiктi жерге шығып, шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өндiрiстiк қызметтi жөндеу (халыққа қызмет көрсету) туралы шарттың талаптарын орындауға тексерудi жүзеге асырады. 35. Шарттың осы талабы орындалмаған жағдайда, комиссия шартты оның мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзудың орындылығы туралы қорытынды жасайды. Қорытындыға комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды және ол мiндеттi түрде: тексеру өткізу уақыты мен орнын, комиссияның құрамын, объектiнiң атауын, жасалған шарттың нөмiрi мен күнiн, жүргiзiлген тексеру нәтижелерiн, шарт талаптары мен ұсынылған бизнес-жоспардың орындалуы, шартты оның мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзудың орындылығы туралы комиссияның тұжырымдарын қамтуы тиiс. Комиссияның әрбiр мүшесi комиссия қорытындысымен келiспеген жағдайда, қорытындыда көрсетілуге тиiс айрықша пiкiр бiлдiруге құқылы. 36. Қол қойылған қорытындының бiр данасы тексеру жүргiзiлген күннен бастап 5 күнтiзбелiк күн iшiнде объектiнi мүлiктiк жалға алуды немесе сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне қол қойғызып немесе тапсырыстық хатпен берiлуге тиiс. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi комиссияның қорытындысымен келiспеген жағдайда, ол комиссияның қорытындысына заңнамада белгiленген тәртiппен шағым беруге құқылы. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 37-тармақ згертілді (бұр.ред.қара) 37. Шарттың талаптары орындалмаған кезде комиссия қорытындысының негiзiнде аумақтық органдар (коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкiлетті атқарушы органдар) шартты бұзады және объектiнi тендерге қайта қояды. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 38-тармақ згертілді (бұр.ред.қара) 38. Егер шарт бұзылған жағдайда, шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне ол өз қаражаты есебiнен және аумақтық органның (коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкілеттi атқарушы органның) келісімiмен жалға алынған объект үшiн зиян келтiрместен бөлiнбейтiн жүргiзiлген жақсартулардың құны өтеледi. 39. Объектiнiң сақталуын қамтамасыз етпеу, оны мақсатты пайдаланбау және т.б. салдарлардан зиян келтiрiлген жағдайда, шағын кәсiпкерлiк субъектiсi заңнамада белгiленген тәртiппен келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтырады. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 40-тармақ згертілді (бұр.ред.қара) 40. Шарттың мерзiмi аяқталғанда және оның талаптарын аумақтық орган (коммуналдық мемлекеттік меншікке билiк етуге уәкілеттi атқарушы орган) толық орындаған кезде комиссия қорытындысының негiзiнде объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң меншiгiне өтеусiз беру туралы бұл жөнiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркеу есебiнде тұрған салық органын хабардар ете отырып шешiм қабылдайды. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 41-тармақ згертілді (бұр.ред.қара) 41. Объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң меншiгiне беру объектiнi өтеусiз беру туралы шартпен және қабылдау-беру актiсiмен ресiмделедi. Объектiлердi меншiкке өтеусiз беру туралы шарттарда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң үш жыл iшiнде аумақтық органдардың (коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы органдардың) келісімiнсiз объектiлердi сату және объектiлердi иелену құқықтарын шектеу, сондай-ақ аумақтық органдардың (коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы органдардың) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен объектiлердi шарттың талаптарына қайшы келетiн мақсаттарда пайдаланған жағдайда объектiлердi алу құқығы көзделуi тиiс. (Объектiнi меншiкке өтеусiз беру туралы шарттың үлгi нысаны қоса берiлiп отыр). Мәмiленi тiркеу қолданыстағы заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен 42-тармақ згертілді (бұр.ред.қара) 42. Шарт жасалғаннан кейiн аумақтық органдар (коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкiлетті атқарушы органдар) тіpкeу есебiнде салық төлеушi - шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тұрған салық органын мемлекеттік меншiк объектiсiн мүлiктiк жалға алуға (жалға беругe) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру туралы хабардар етедi.
43. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiлердi кейiннен өтеусiз меншiкке беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға беругe) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады. ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 765 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне мемлекеттік меншiктің пайдаланылмайтын объектілерін кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлік басқаруға беру ережесіне қосымша
Объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне меншiкке өтеусiз беру туралы YЛГIЛIК ШАРТ
_____________қаласы 200__жылғы »__»_________№______ Бұдан әрi »Уәкілеттi орган» деп аталатын______________________ ____________________________________________________________________ (Ереженi бекiткен мемлекеттік орган атауы)
200__жылғы »__»_____ № __бұйрығымен бекітілген______________________ (аумақтық органның ____________________________________________________________________ (коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы
____________________________________________________________туралы органның) атауы)
Ереженің негiзiнде әрекет ететiн____________________________________ ____________________________________________________________________ (аумақтық органның (коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге ______________________________, _________________________ тұрғысында уәкiлеттi атқарушы органның) атауы) (уәкілеттi тұлғаның аты-жөнi)
бiр тараптан және бұдан әрi »Кәсіпкер» деп аталатын_________________ ____________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн (заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жерi ____________________________________________________________________ немесе жеке тұлғаның аты-жөнi мен мекен-жайы)
шағын кәсiпкерлiк субъектiсi_______________________тұрғысында екiншi (уәкілеттi тұлғаның аты-жөнi)
тараптан мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Кәсiпкер оны сатып алу құқығын Уәкілеттi органдағы 200_жылғы »__»_________тендерде, тендер хаттамасының №___ және Уәкілетті органның 200__ жылғы »__»_______№_____мүліктiк жалға алу (сенiмгерлiк басқару) шарты талаптарының орындалуы туралы 200_жылғы »__»______№______ бұйрығымен құрылған комиссия, 200__жылғы »__»_____№________ және 200__жылғы »___»_____№_____ хаттамалар, қорытындысының негiзiнде иеленген бұдан әрi »Объект» деп аталатын алаңы_________________шаршы метр __________________ мекен-жайында орналасқан _______________________________________ ________________________________________________________________ (объектiнiң атауы)
Кәсіпкердің меншiгiне өтеусiз беру Шарттың мәнi болып табылады. 2. Уәкілеттi орган бередi, ал Кәсіпкер жалға беру (сенiмгерлiк басқару) шартын жасасу сәтiнде қалдық сомасы____________теңге объектiні өтеусiз сатып алады. (жазумен) Объектiнi беру осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Объектi қабылдау-беру актiсiнің негiзiнде жүзеге асырылады. 3. Осы шарт қолданыстағы заңнамада көзделген тәртiппен мемлекеттік тiркелуге жатады.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
4. Уәкілеттi орган осы шарт жасалған сәттен бастап 3 күннiң iшiнде қабылдау-беру актiсi бойынша Объектiнi Кәсiпкерге беруге мiндеттенедi. Уәкілеттi орган Объектiнi кәсiпкердің меншiгiне берген сәттен бастап үш жыл iшiнде объектiнiң ______________________ ____________________________________________________________________ (шағын кәсiпкерлiк субъектiсi қызметiнiң түрiн көрсету)
мақсаттарда пайдаланылу тұрғысына тексерулер жүргiзуге құқылы. 5. Кәсiпкер үш жыл iшiнде объектiнi___________________________ ____________________________________________________________________ (шағын кәсiпкерлiк субъектiсi қызметiнiң түрiн көрсету)
мақсаттарда пайдалануға мiндеттенедi. Кәсіпкер үш жыл iшiнде Объектіге билiк етудi Уәкілетті органның келісімi болған кезде ғана жүзеге асыра алады. 6. Объект мақсаттан тыс пайдаланылған жағдайда, Кәсiпкер объектінің сақталуын қамтамасыз етпеумен байланысты келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтыра отырып, объектiнi Уәкiлеттi органға қайтаруға мiндеттi. 3. Қосымша шарттар
7. Осы шарт оның мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi. 8. Шарт заңдық күшi бiрдей мемлекеттік және орыс тiлдерiнде төрт данада жасалды, оның екеуi Уәкілеттi органда, екеуi Кәсiпкерге қалдырылады.
4. Тараптардың орналасқан жерi мен қолдары
____________________________ __________________________________ Уәкілетті органның атауы заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөнi _____________________қаласы ___________________________қаласы _____________________көшесi ___________________________көшесi үйiнiң № _________________ үйiнің №__________________________ телефоны__________________ телефоны_________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |