Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың жарнамасына
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.18.11. № 737 Бұйрығымен күші жойылды
«Дәрiлiк заттар туралы» және «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттардың жарнамасына рұқсаттар беру ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1999 жылғы 14 қазанда № 933 тiркелген «Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттардың жарнамасына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрiнiң 1999 жылғы 9 қыркүйектегi № 388 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi (Пак Л.Ю.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуге жiберсiн. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Әкiмшiлiк департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты мемлекеттік тiркелгеннен кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн. 5. Осы бұйрықтың орындалуын өзiм бақылаймын. 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Министрдiң мiндетiн атқарушы «Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың жарнамасына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы № 640 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың жарнамасына рұқсаттар беру ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың жарнамасына рұқсат берудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) дәрілік заттардың жарнамасына рұқсат беру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|