|
|
|
Халықаралық транзиттік дәлiздерде жол бойындағы инфрақұрылымды (2006.21.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық транзиттiк дәлiздерде жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі iс-шаралардың 2004-2008 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн. 2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Жоспарда көзделген iс-шараларды орындау жөнiнде шаралар қабылдасын. 3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 274-ө өкімімен бекітілген
ҚР Премьер-Министрінің 2006.21.03. № 65-ө Өкімімен өзгертілді (бұр.ред.қара)
Халықаралық транзиттiк дәлiздерде жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту жөнiндегі iс-шаралардың 2004-2008 жылдарға арналған жоспары
Ескертулер. Әрiптiк аббревиатуралардың толық жазылуы: ККМ - Көлiк және коммуникациялар министрлігі; IIМ - Iшкі iстер министрлігі; ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі; ЭMPM - Энергетика және минералды ресурстар министрлігі; ҚОҚМ - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі; ТЖМ - Төтенше жағдайлар министрлігі; АБА - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі; "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы; *ҚНжЕ - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетінiң 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген Құрылыс нормалары және ережелерi, 2003 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгiзiлген.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |