Салықтық өтініштер нысандарын бекіту туралы (2010.17.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мынадай салықтық өтініштер нысандары бекітілсін: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құжаттық тексеру жүргізу туралы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметтi тоқтату туралы; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес салық резиденттігін растауды алуға; 8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға; 9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес патент негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануға; 10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес патент негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату туралы; 11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес оңайлатылған декларация негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануға; 12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес оңайлатылған декларация негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату туралы; 13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолдануға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|